Жарақаттар — бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің — аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Әсер механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін. Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің созылуы,буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы).
Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін.
Жабық зақымдану — бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы).
Ашық зақымдану — бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы).
Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады. Созылмалы жарақаттарға көшеген кәсіби жарақаттар жатады (ауыр дене еңбегімен шұғылданатын адамдардың табанының жалпақтың, машинисткалардың тарамыс қынабының қабынуы, кір жуушылардың жаурауы, рентгенологтардың қолындағы қотыр мен жара).
Уақыттың шектеулі үзігі аралығында халықтың белгілі бір тобындағы жарақаттардың жиыны жарақаттанушылық деп аталады. …
Кеуде жарақаты. Кеуденің зақымдануы ашық және жабық болып бөлінеді. Бұл екі жағдайда да олар ішкі мүшелер (өкпе, жүрек және тамырлар) қоса зақымдануы мүмкін. Жабық зақымданулар ауырлықтары алуан түрлі болады. Егер жұмсақ ұлпалар ғана зақымданатын болса онда мұндай зақымданулар жеңіл деп есептеледі. Кеуде ішіндегі мүшелердің қоса жарақаттанатының есептемегеннің өзінде сүйектердің, қабырғалардың, төстің, жауырындардың және тағы сол сияқты зақымдануларының өзі ауыр жарақаттанулар қатарына жатқызылады.
Ашық яғни тесілген жарақаттар барысының ауырлығы да көп жағдайларға, соның ішінде жарақатқа ұшыратқан снарядтың, оқтың, снаряд жарықшағының, екінші снарядтар-тастардың, қираған үй бөлшектерінің, айналадағы заттардың сипатына байланысты. Өкпенің шет жақтарынан гөрі ортанғы тұсының жарақаты ауыр өтеді. Ірі тамырлар мен бронх жарақаты жарақаттанушылардың қаза табуына әкеп соғуы мүмкін.
Кеуде зақымдануы үш түрге бөлінеді: жабық пневмоторакс, ашық пневмоторакс, клапанды пневмоторакс. Плевралық қуысқа ауа немесе қан құйылады. Плевралық қуысқа құйылатын қанның мөлшеріне қарай кіші, орташа және үлкен гемоторакс деп айырылады. Үлкен гемоторакс кезінде бүкіл кеуде клеткасының үстінгі жартысынан ашық немесе күңгірт дыбыс естіледі, көкірек бір жаққа ығысады, орташа гемоторакс кезінде қанның денгейі жауырынның ортасына, ал кіші гемоторакста – жауырынның ортасынан төмен болады. Ашық пневмоторакс кезінде атмосфера ауасы жарақат тұсындағы плевра қуысына еркін кіреді, бұл ауа жұтқан кезінде кеуденің әлсіреуіне және ауа шығару кезінде оның шамалы жиырылуына алып келеді. Ашық пневмоторакстың белгісі: дем алғанда қиналып дем алу, ентігу, жөтелу, қанды қақырық тастау байқалады. Кеуде жарақаттанған кездегі шок пен қан кету өмірге қауіп туғызады.
Жабық зақымданулар: ішкі мүшелеріне зақым келтірілмей кеуде клеткасына тиген соққылар елеулі түрде жеңіл, ал ішкі мүшелеріне зақым келтіріп кеуде клеткасын қозғаған, жаншылған соққылар өте ауыр өтеді.
Кеуде клеткасы соғылған кезде жаншылады, ол өкпе паренхимасын үзіп, өмірге түрлі қауіп төндіреді. Кеуде жарақаты кезінде көбіне 6-10 қабырғаға дейін сынады. Қабырғалар сынуының белгілері зақымданған жердің қатты ауыруы, дем алу ауырсынуы, жиілеуі және қабырғаны басып байқағанда қабырға сынықтарының сықырлауы (крепитация) байқалады. Қабырғалар сынуының ең ауыр түрі – көп қабырғаның сынуы. Бұл жағдайда екі жақтағы-зақымдалған қабырғалар саны 10-12-ге дейін жетуі мүмкін. Қабырғалардың опырыла немесе қосарлана сынуы өте ауыр өтеді.
Алғашқы медициналық жәрдем көрсететін шараларға шок, қан кету және гипоксия құбылыстарының алдын алу жатады. Ашық зақымданып, кеуде қабырғаларынан қан кетіп жатқан кезде қысатын таңғыш, ашық пнемоторакс кезінде герметикалық окклюзивті таңғыш салу, ауырғанды басатын (промедол, анальгин, димедрол) және журек дәрілерін (кордиамин, корглюкон) жіберу аса маңызды. Зардап шегушіні кеудесін жоғары жатқызып ауруханаға тасымалдайды.
Ауруды сипаттау
Ауру түрі – кеуденің жабық жарақаты. Тері астылық эмфизема. Пневмоторакс.
Этиологиясы-сырттан алынған механикалық жарақаттың есебінен өкпеде ауалы кеңістіктің пайда болуы.
Патогенезі-кеуде соғылып, тесік болғанда дамиды: біреуі өкпеде, екіншісі-париетальды плеврада. Өкпе тіні жарақаттанбаған. Тері астылық эмфизема көзбен көрінеді және пальпаторлы анықталады: крепитация белгісі байқалады.
Патанатомиясы– ауа кернеп, ұлғайған, бозғылт түсті, жұмсақ, қабыспайтын өкпенің алдыңғы жақ жиектері көкірек өуысын жауып тұрады. Кескенде тіні сықырлайды. Іргесі қалыңдаған бронхылардың саңылауынан қысқанда шырышты ірің шығады. Бронхылардың кілегейлі қабықшасында клеткалар шоғырланып, бокалша клеткалар көбейеді; олардың әр жері, әсіресе ұсақ бронхылардың бұлшықетті қабаты қалыңдайды. Бронхиолалар басымырақ өзгерсе, ацинустың проксималдық бөлімдері кеңейеді, ондай эмфизема центрацинустық деп аталады. Процесс ірірек бронхыларда басымырақ болса, ацинус түгел кеңейеді, бұл-панацинустық эмфизема.
Клиникасы– Өкпе тінінің эластикалық қабілеті төмендейді, кеуде клеткасының бөшке тәрізділігі, оның алдыңғы жіне артқы өлшемінің ұлғаюы, дем алуға байланысты созылып кішіреюінің шектелуі, қабырғаларының көлденең орналасуы, қабырға аралықтарының кеңейіп тегістелуі, эпигастралды бұрыштың 90 градустан артық болуы. Дауыс дірілі нашар сезіледі. Аускультацияда сықырлаған қардың дыбысы естіледі. Пальпацияда крепитация байөқалады.
Ағымы – жедел, созылмалы.
Мүмкін болатын асқынулары – плевра эмпиемасы, кеш қкпелік қан кету, екіншілікті ашық пневмоторакс.
Диагностикасы – рентгенограмма, томограмма
Консервативті емі- шокка қарсы препараттар, оттегі, антибиотиктер.