Мақала
Сабақ жоспары

Жалпы этиология

ДӘРІСТІК КЕШЕН

Патологиялық физиология бойынша  PF– 1 2211

Мамандығы  051301 «Жалпы медицина»

Тақырыбы: Жалпы этиология.

Сағат саны: 1 с

Курс — 2

Семестр  — 4

Құрастырушы:__________ Тәжібаева Д.С.

1.Тақырыбы: Жалпы этиология.

  1. Мақсаты: Студенттерге ауру дамуындағы себептер мен жағдайлардың маңыздылығы туралы қазіргі заманға сай көзқарасты қалыптастыру.
  1. Дәріс тезистері:
  • Этиология – ол ауруларды шақыратын себептер мен жағдайлар туралы ілім.
  • Себеп ( этиологиялық ықпал ) – белгілі бір жағдайларда организмге тура әсер етіп, сол немесе басқа салдарды , яғни ауруды , шақыратын және оған ерекше қасиеттерді беретін зат немесе құбылыс . Салдары болып бұл кезде ауру саналады.
  • Ауру себептерінің жіктелуі .
  1. Себептік ықпалдың пайда болу көзіне байланысты : а) ішкі ; б) сыртқы . Ішкі – ол дерттік конституция , тұқым қуалаушылық .  Сыртқы ықпалдар – механикалық , физикалық , химиялық , биологиялық , психогендік (ятрогения)
  2. Себептік ықпалдың әсер ету қарқынына байланысты ( Павловтың анықтауы бойынша) : а) төтенше ықпалдар – удың өте көп мөлшері, үлкен биіктіктен секіру ; б) дағдылы ( обычный ) – кәдімгі өмірде кездеседі , бірақ әдеттен тыс көлемі мен  мөлшерінде әсер етеді . Мысалы : күн сәулесі       күн соққысына әкеледі ;          в) енжарлық ( индифферентті ) – көп адамдарда ауруды шақырмайды . Бірақ кейбір адамдар әртџрлі ықпалдардың әсеріне өте сезімтал . Ауру бөлек адамдарда шартты жолмен дамуы мүмкін . Мысал : стенокардия ұстамасы кейбір адамдарда Шопен ноктюрның тыңдағанда байқалады .
  • Ауру жағдайы – ауруды өздігінен шақырмайтын , бірақ оның пайда болуына , дамуына , аяқталуына әсер ететін ықпалр , жағдай немесе олардың жиынтығы .
  • Жағдайлардың жіктелуі .
  1. Қолайсыз , қолайлы . Қолайлы жағдай себеп пен жағдай арасындағы байланысты күшейтеді, яғни ауруды тудыртады, ал ол қолайсыз жағдайда байланыс бұзылады да ауру дамымайды.
  2. Сыртқы және ішкі жағдайлар .
  • Этиотропты алдын алу – организмді себептік ықпалдан алшақтату.
  • Этиологиялық ем – себептік ықпалға қарсы бағытталған шара.
  • Патогенез – аурулар пайда болуының, дамуының және салдарын зерттейтін патофизиологияның бөлімі.
  • Әр аурудың дамуында патогенездің бастапқы тізбегі болып саналады – алғашқы зақымдану. Бір қоздырғыш түрлі деңгейлерде зақымдануға алып келеді. Зақымдалу деңгейлері: а) субмолекулалық; б) молекулалық; в) субжасушалық; в) жасушалық; г) тіндік; д) ағзалық; е) жүйелік; ж) организмдік.
  • Патогенездің негізінде тұратын даму жолдары — күрделі тізбектік серпілістер. Олар аурудың өздігінен дамуына әкеледі, өйткені себеп-садарлық қатынастардың ауысуы байқалады. Осындай тіке байланыс кейде үзіліп, қатерлі шеңбер дамуы мүмкін.
  • Аурулар әртүрлі көріністермен сипатталады, сол көріністерде маңызды, маңызды емес, кездейсоқ бөліктерді ажыратуға болады. Әр аурудың патогенезінде маңызды, басшы немесе негізгі тізбекті айыруға болады – осы тізбек патогенездің басқа тізбектері қосылуына қажет.
  • Әр ауруда организмдегі жергілікті және жалпы үрдістердің катынастары көрінеді; спецификалық және бейспецификалық көріністердің; қызметтік және морфологиялық көріністердің қабаттасуы; қатынас өзгеріп, үрдіс жергіліктіден жалпыға ауысуы мүмкін.
  • Әрбір ауру дамуында дерттік тетіктермен қоса қорғаушы-орын толтырушы тетіктер бар.
  • Патогенездік терапия және алдын алу дерттік үрдістің дамуын шақыратын негізгі патогенездік тегершіктерді жоюға бағытталған.
  • Патогенездік алдын алу организмнің реактивтілігі мен төзімділігін көтеру мақсатымен жүргізіледі.
  1. 6.Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
  1. Этиология нені зерттейді?
  2. Ауру пайда болу үшін не қажет?
  3. Кез-келген аурудың бастапқы тізбегі болып не саналады?
  4. Ауруды емдеудегі этиотропты және патогенездік ұстанымдарды негізі

неде?

 

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Реферат, медматериал жазамыз

Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.