Шеткері қанайналымның бұзылыстары

Тақырыбы: Шеткері қанайналымның бұзылыстары 

2.Мақсаты: студенттерді шеткі қанайналым бұзылыстарының пайда болуы, дамуы, клиникалық көріністері туралы қазіргі заманға сай көзқарастармен таныстыру.

3.Дәріс тезистері: Шеткі қанайналым деп бөлек ағзалар көлеміндегі қанайналымды атайды. Шеткі қанайналым бұзылыстарының негізгі түрлеріне жатады: артериялық гиперемия, веналық гиперемия, ишемия, стаз, тромбоз, эмболия.

Артериялық гиперемия – артериялық қанның келуі артуынан тін бөлігінің қанмен толуының ұлғаюымен сипатталатын біртектес дерттік үрдіс. Артериялық гиперемия патогенезінің негізгі тізбегі – артериолалардың кеңеюі. Артериялық гиперемияның патогенездік түрлері: 1. Физиологиялық, бұл кезде өскен мұқтаждығына сәйкес, қан келуі артады. 2. Дерттік, бұл кезде қан келуінің ұлғаюы мұқтаждықтың өспегені жағдайында байқалады:

а) нейрогенді,бұл кезде артериолалардың тамырлық тонусын реттеу бұзылуымен байланысты: 1) нейротониялық, вазодилятаторлар тонусы өскенде (көбіне парасимпатикалық жүйкелердің); 2) нейропараличтік,  вазоконстрикторлар тонусы төмендегенде (көбіне симпатикалық жүйке талшықтарының); 3) басқа түрлері аксон-рефлекс тәрізді дамиды, егер рефлекстік  доға бір нейронның деңгейінде қалыптасса;

б) метаболизмдік, ол тамырлар кемерлеріне эндогенді және экзогенді гуморальді ықпалдардың әсерінен дамиды.

Веналық гиперемиявеналық жүйе арқылы қанның ағып кетуі баяулауынан тін бөлігінің қанмен толуының ұлғаюымен сипатталатын біртектес дерттік үрдіс. Веналық гиперемияның патогенездік түрлері: 1. Обтурациялық – веналардың тромбпен, эмболмен және т.б. бітелуі. 2. Компрессиялық – веналардың өспемен, ісіктік сұйықтықпен, тыртықпен  және т.б. бітелуі. 3. Іркулулік – жүрек жеткіліксіздігінен, веналардың кақпалық аппараттың жеткіліксіздігінен, бұлшық еттер тонусы төмендеуінен веналар арқылы қан жылжуының бұзылуы.

Ишемия артериялық қанның келуі баяулауынан  тін бөлігінің қанмен толуының азаюымен сипатталатын біртектес дерттік үрдіс. Ишемияның патогенездік түрлері: 1. Обтурациялық – артериялық тамырдың бітелуі. 2. Компрессиялық – артериялық тамырдың сырттан қысылуы. 3. Ангиоспазмдық – артериялық тамырдың тарылуы. Ишемияның салдарлары коллатеральдар дамуы дәрежесіне және ишемия ұзақтығына байланысты. Ишемияның жағымсыз салдары– инфаркт.

Стазкапиллярларда қанның немесе лимфаның ағымының тоқтауы. Стаздың патогенездік түрлері: 1. Ишемиялық – артериялық қанның келуі

тоқтауымен байланысты (лимфа ағымы да азаяды). 2. Веналық – артериолалар мен венулаларда гидростатикалық қысым бірдей болғанда (лимфа ағымы күшейеді). 3. Шынайы – капиллярлардың кемерлері қасиеттері бұзылғанда және /немесе қан немесе лимфаның реологиялық қасиеттері бұзылғанда.

Тромбоз – гемостаздың дерттік көрінісі, тамыр саңылауында қан және лимфа құрамбөліктерінен тұратын, тромб деп аталатын қырық құрау. Оның құрамына  алдымен алғашқы тромбоцитарлық  тромб, сосын  фибрин ұйындысы содан соң қалыптасқан тромб кіреді. Тамырішілк тромб дамиды: 1) қан ұю жүйесінің қызметі бұзылғанда; 2) тамыр кемерлері зақымдалғанда; 3) қанның реологиялық көрсеткіштері бұзылғанда. Тромбозға бейім болдыратын ықпалдарға жатады: жас, жыныс, ауа райы, гиподинамия, жарақат, операция. Тромбтың нәтижелері: 1) ферменттердің (қан плазмасының протеиназалары) әсерінен ірің тәрізді асептикалық балқуы, 2)  тромбтың организациясы (қан қатпасында дәнекер тіні өсіп-өніп, оның беріштеніп қалуы), 3) микроорганизмдер енуінен қан қатпасының ірің тәрізді балқуы, ол бүкіл денеге іріңді ошақтар таралуына әкелуі мүмкін (сепсис). Тромбоздың асқынуы – тамыр кемерінен үзілген шақта  тромбтың  эмболға айналуы (тромбоэмболия).

Эмболия кіші және үлкен қанайналым тамырларында қанмен араласпайтын бөгде денелердің айналымда болуы. Эмболия болуы мүмкін: 1) антероградты (эмбол  веналардан оң қарыншаға және өкпе артериясына түседі);  2) парадоксальді, бұл кезде  эмбол үлкен қанайналым шеңберіне қарыншааралық ақаудан немесе овал тәрізді тесік арқылы түседі; 3) ретроградты, егер эмбол қуыс венадан бауыр венасына кеудеішілік қысым артқанда түскенде.   Веналық тромбоэмболия – көзі болып  сан және кіші жамбас веналары, сосын тізе веналары саналады; барлық веналық тромбоздардың 25 – 50 %  эмболияға әкеледі, олардың 5 – 10 % өліммен аяқталады. Артериялық тромбоэмболия – көзі-сол жүректің, аортаның және,сирек, өкпе веналары. Ауалық  эмболия – жүрек жақын орналасқан веналар жарақатталғанда веналық жүйеге ауа түскенде дамиды. Ауалық эмболия жатыр қуысына криминальді аборт кезінде ауаны енгізгенде, вена ішіне егулер кезінде шприцтен ауаны шығармаған жағдайда дамуы мүмкін. Ауалық эмболиямен газдық эмболия эмболия өте ұқсас, ол қанға онда еріген газдардың атмосфералық қысым ауыспалы болған жағдайда (кессонды ауру) бөлінгенде дамиды. Майлы  эмболия – сүйектер жарақаттары майлар мылжалануымен қабаттасып, эмульсияға ауысқанда дамиды. Тіндік  эмболия – босану кезінде тіндер ыдырағанда ұрықта байқалады, ұрықты қоршаған сумен, өспе жасушаларымен эмболия кезінде, яғни тіндік  эмболия өспе метастаздары дамуының, септикопиемия кезінде метастазалық абсцестердің

көзі болуы мүмкін. Бөгде денелермен эмболия – оқ тиген  жарақаттарда миналар, пулялар қалдықтары ірі веналардың саңылауын жабуы мүмкін және ретроградты эмболиялардың көзі болуы мүмкін.

6.Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

  1. Артериялық және веналық гиперемияның айырмашылықтары неде?
  2. Артерияны лигатурамен байлағанда шеткі қанайналым бұзылыстарының қайсы түрі дамиды?
  3. Қандай тамырларда тромбоздың дамуы жиі болады және неге?
  4. Орта ми аретриясының тіндік эмболиясы кезінде эмбол пайда болуының көзі қайда орналасуы мүмкін?
  5. Түтік тәрізді сүйектер сынғанда қандай эмболия жиі дамуы мүмкін?

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!