CӨЖ
Тақырыбы .Клизмалар.
Жоспары
Кіріспе:Клизмаға кіріспе.
Негізгі бөлім:Клизма түрлері:
1.Тазалау клизмасы
2.Сифонды клизмасы
- 3. Дәрі дәрмек клизмасы
4.Тамшы клизмасы
5.Қоректендіру клизмасы
6.Майлы клизма
7.Эмулсиялы клизма
Клизма-дені сау адам ішін әрдайым тәулігіне бір рет және бір уақытта босатып отырады.Кейбір аурулармен ауырғанда дірет жүрмей қалады.Мұндай жағдайларда сырқатқа іш жүргізетін дәрі,диета белгілеп,ондай-ақ клизма қояды.
Клизма дегеніміз тоқ ішектің төменгі жағын емдеу және диагноз қою мақсатымен түрлі сұйықтар енгізу.
Клизма қою үшін Эсмарх кружкасы пайдаланады,ол1-2 л сұйық сиятын резервар(шыны,эмалданған,резеңке).Кружканың түбінде емізігі бар тесік болады,оған ұзындығы 1,5 м,диаметрі 1см жуан резеңке түтік кигізіледі.Түтіктің ұшындағы шүмек сұйықтың ішекке түсуін реттейді.Түтіктің бос ұшына ұзындығы 8-10см,эбонит немесе пласмасса ұштық кигізеді.Ұштық шеттері тегіс,бүтін болуы тиіс.Қолданып болған соң ұштықты жылы судың ағынына сабынмен жақсылап жуып,қайнату керек.Ұштықты дезинфекциялайтын ерітіндісі бар банкіде немесе залалсыздандырғышта сақтайды.
1.Тазалау клизмасы.Ішекті нәжіс пен газдан босату үшін қолданады.Клизманы дәрігердің белгілеуі бойынша қояды.
Емдейтіні:1.дәреті сүрмеу;2.операция,тоқ ішекті эндоскопия жасауға және рентгендік зерттеуге дайындау;3.улану мен ұшыну;4.дәрілік және тамшылық клизма жасаудың алдында.
Емдейтіні:1.дәреті жүрмеу;2.операцияға,тоқ ішекте қабыну құбылыстарын;3.қан ағатын геморройды;4.тік ішектің түсуін; 5.асқазан және ішек қан ағуында.
Тазалау клизмасы өте жұмсақ әсер етеді.Мұнда тек ішектің төменгі бөлімі босайды.Енгізетін сұйық ішекке механикалық,термикалық және химиялық әсер етеді,бұл ішектің перистальтикасын күшейтеді,нәжісті бұзады да оның шығуын жеңілдетеді.Сырқат онша күшенбейді,клизманың әсері бірнеше минуттан кейін сезіледі.
Тазалау клизмасын қою үшін Эсмарк кружкасынан басқа оны ілу үшін штатив,сұйықтың(бөлме температурасындағы су,түймедақ гүлінің ерітіндісі,тағы басқа)температурасын өлшеуге арналған термометр,клеенка,леген,сырқат астына қоятын ыдыс.Клизманы мейіркеш немесе жақсы үйренген кіші мейіркеш қояды.Сырқатты сәкенің немесе кереуеттің шетіне жақын,сол жақ бүйіріне аяғын ішіне бүгіп жатқызады.Егер науқасқа қозғалуға рұқсат етілмесе,шалқасынан жатады. Бөксесінің астына клеенка төсеп,дәрет ыдыс қояды,клеенканың екінші жақ шетін шелекке түсіріп қояды,ол сырқат суды ұстап тұра алмай қалатын жағдай үшін жасалған. Эсмарх кружкасына 1-1,5л бөлме температурасындағы су құяды,кружканы жоғары көтеріп,ұштығын төмен түсіреді,сөйтіп жүйені суға толтырады да,оның ішінде ауаны шығарады.Резеңке түтіктегі шүмекті жабады.Ұштықтың сынбағанына көз жеткізіп алып,оны вазелинмен жақсылап майлайды да сол қолмен сырқат құйымшағын екі жаққа ысырып,көтенішекке енгізе бастайды.Ұштықты алдымен 8-10см жоғары әрі ілгері,ал одан кейін жеңіл айналдыра отырып сыртқы сфинктердің кедергісінен өткізіп артқа қарай айналдырады.
Іш қатып қалғанда ішекке сұйық түгел енгізіледі,ішекке ауа түспеуі үшін кружканың түбіне аздап су қалдырады да сұйықтың түсуін реттейтін шүмекті жабады да біртіндеп айналдыра отырып ұштығын шығарады.Сырқат 10минуттай тұрғаны жөн.Бұл үшін ол шалқасынан жатып,терең дем алуы тиіс.
Процедура аяқталған соң кружканы жуып,құрғата сүртеді де,үстіне дәкемен немесе сүлгімен жабады.
Сумен салған клизма ішекті үнемі босата бермейді.Оның әсерін күшейту үшін суға жарты қасық үгітілген балалар сабынының ұнтағын,2-3 ас қасық глицерин,1-2 ас қасық ас тұзын,1 стакан түймедағы гүлінің тұндырмасын қосады.Егер клизма әсер етпесе,бірнеше сағаттан кейін қайталап салуға болады.
Тазалау клизмасын қойғанда сұйықтың көп мөлшерде енгізілмеуін қадағалау керек.
2.Сифонды клизма.Егер тазалау клизмасы тиімсіз болғанда сифонды клизманы қолданады.
Емдейтіні;1.ішектің түйнелуі;2.улану;3. газдарды шығарып,тоқ ішектің төменгі жағын емдеу мақсатында жуу.
Ішекті тездеп босатудың ең жақсы тәсілі сифонды әдіс(ішекті бірнеше мәрте жуу),оның негізі бір біріне қатысты ыдыстар болады.Оның біреуі ішек,екіншісі сыртқы жағынан резеңке түтікпен тік ішекке кигізілген воронка.
Сифонды клизма жасау үшін ұзындығы 1,5м,диаметрі 1,5см сыртқы ұшында 0,5л-ге жуық сұйық сиятын воронка кигізілген зарарсызданған резеңке түтік:5-8 л дезинфекциялайтын сұйыққа арналған құман мен жуылған суды құятын шелек дайындайды.Сырқатты сол бүйіріне немесе шалқасынан жатқызып,құйымшағы астына клеенка жаяды,ал кереуеттің қасына жуылған суды құятын шелек пен сұйық құйылған құмыра қояды.Тік ішекке енгізетін резеңке түтіктің ұшына вазелинді көп етіп.майлап,20-30см-ге дейін тік ішекке енгізеді.Қажет болған жағдайда саусақпен түзей отырып резеңке түтік тік ішекке бүктеліп қалмауын қадағалап,оның қалпын тексеру керек.Воронканы сырқат денесінен сәл төмендеу,көлбеу қалыпта ұстау қажет.
Ішектен шығарылған судың енгізілген сұйықтан кем болмауын қадағалау қажет.Воронканы қайта қайта көтеріп түсіріп отырып газ шығып біткенше және воронкаға таза су түскенше ішекті жуады.Кейде сифонды клизмаға 10 л-ге дейін су кетеді.Воронкаға сұйық құйғанда оның көлбеу тұруын және ішекке ауа түспеуін қадағалау қажет,себебі ол жуу процесін қиындатады.
Процедураның соңында воронканы шығарып алып жуып қайнатады,ал резеңке түтікті оның ішінде қалған сұйықтың ағуы және газдардың шығуы үшін сыртқы ұшын легенге салып 10-20минуттай тік ішекке қалдырады.
3.Дәрі-дәрмек клизмалары.Егер дәрі дәрмектік затты ауыз арқылы енгізуге болмайтын болса,оларды тік ішек арқылы енгізуге болады,онда олар сіңіп бауырға бармай-ақ қанға тез түседі.Дәрі- дәрмек клизмалары бір жерге енгізілетін және жалпы болып бөлінеді.Біріншісі: тоқ ішектің қабыну процесін азайту үшін;екіншісі организмге дәрі-дәрмек және қоректік заттарды,кейде тіпті ұзақ уақыт енгізу үшін қолданылады.Дәрі-дәрмек клизмалары негізінен микроклизмалар,себебі олар небары 50-100 мл-ден аспайды.Дәрілік заттарды әдеттегідей 20 грамдық шприцпен,Және шприціне немесе 50-ден 100мл-ге дейін сыйымдықтағы шағын резеңке баллонға құяды.Дәрі- дәрмектік заттардың температурасы 40 С төмен болмауы тиіс,себебі неғұрлым төменгі температурада нәжістібосатады да дәрі сіңбей қалады.Дәрі-дәрмек клизмасынан 30-40 минут тазалау клизмасын қояды,тек ішек түгел босаған соң ғана дәрі енгізе бастайды.Сырқат сол бүйіріндетізесін бүгіп,ішіне тартып жжатады.Резеңке катетер мен шприц жақсылап зарарсыздануы қажет.Мейіркеш сол қолымен сырқаттың құйымшағын ажыратып,оң қолымен айналдыра отырып вазелин майымен майланған катетерді тік ішекке 10-12см енгізеді.Содан кейін катетерді дәрілік затты бар шприцке қосып бұл ерітіндіні жайлап қысып шағын қысыммен аз аздан катетерге жібереді.Одан әрі катетердің сыртқы ұшын ұстап,қыса отырып,катетерден сұйықты ағызып алмай,еппен шприцті шығарып алады,оған ауа сорады да катетермен қайтадан жалғайды,сөйтіп ішінде қалған сұйықты итеру үшін үреді.Микроклизмалар кезінде көбіне ауруды жеңілдететін,тыныштандыратын және ұйықтататын заттарды енгізеді.
4.Тамшы клизмасы.Сырқаттың жоғалтқан сұйық заттарының орнын толтыпу үшін ұзаққа созылатын дәрі-дәрмек клизмаларын қолданады.Kөп мөлшерде 5% глюкоза ерітіндісінен натрий хлоридінің изотоникалық ерітінділерімен қосып енгізеді.Тамшы клизмасына тазалау клизмасындағы системаны пайдаланады,тек Эсмарх кружкасы бар резеңке түтіктің орнына қысқышы бар тамшылағыш қойылады.Оны сұйық резеңке түтіктен тік ішекке құйылып ақпай,тамшылап ағатындай етіп бұрайды.Қысқышпен тамшының жиілігін де (ең жиісі минутына 60-80тамшы,яғни 240мл/сағ)реттейді.Тәулігіне тамшылау тәсілімен 3л-ге дейін сұйық енгізуге болады.Ерітіндісі бар кружканы кереуеттен үстіне 1м биіктікке іледі.Бұл процедура өте ұзақ мерзімді болғандықтан мейіркеш сырқатты қымтап жабып,оның ыңғайлы жатуын қадағалауы тиіс.Енгізетін ерітінді белгілі бір температурада(40-42С)болуы тиіс,ол үшін Эсмарх кружкасының сыртына басқы қыстырып қояды да,оның үнемі жылы болуын қадағалап тұрады.
5.Қоректендіру клизмалары.Қоректік заттарды ауыз арқылы енгізуге болмайтын жағдайларда тік ішек арқылы енгізіледі,мұның өзі жасанды қоректендірудің бір түрі саналады.Қоректендіру клизмалары шекткп беріледі,себебі тоқ ішектің төменгі жағында тек су,натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі,глюкоза ерітіндісі,спирт,ет сорпасы, кілегей,ішінара белоктар мен амин қышқылдары сіңіріледі. Қоректік клизмалар қоректік заттарды енгізудің тек қосымша ғана әдісі бола алады.Қоректік клизманың мөлшері бір стаканнан аспауы тиіс.әдетте қоректік клизманы тазалау клизмасынан бір сағат кейін және ішек босаған соң қояды.Сұйықтың температурасы 38-40С болуы қажет.
Клизма жақсы тұрақтауы үшін оған тамшы апыйын тұнбасын құяды.Қоректік клизманы күніне реттен жиі қоюға болмайды,себебі тік ішек тітіркенуі мүмкін.Егер тітіркенген жағдайда бірнеше күн үзіліс жасау керек.
Қоректік клизма өте жәй,шағын қысыммен,резеңке баллонның жұмсақ ұштығын тереңірек енгізу арқылы қойылады.Сырқат тізесін бүгіп,сол бүйіріне немесе жанбасын көтеріп шалқасынан жатады.Клизмадан соң сырқат бір сағаттай тыныш жатуы тиіс.
6.Майлы клизма.Бұлар қатты іш қату кезінде қолданылады.Бір клизма үшін 50-100мл 37-38С дейін қыздырылған күнбағыс,зәйтүн,сора,вазелин майлары алынады.Оны резеңке балонның көмегімен шприц немесе катетер арқылы тік ішекке 10см-ге дейін енгізеді.Май ішекке жайылып,нәжісті жібітіп,ішек бұлшық еттерін босатады да нәжістің шығуына ықпалына тигізеді.Сырқат май ағып кетпеуі үшін 10-15 минут бойы жайбарақат жатуы тиіс.
7.Эмулсиялы клизма.Төсек тартып жатқан ауыр науқастарға қолданылады.Алдын ала 2 стакан түймедақ тұндырмасын дайындайды(1стакан қайнаған суға, 1 ас қасық түймедақ),содан кейін бір жұмыртқаның сарысын 1 ас қасық натрий гидрокарбонатына жарады да,2 ас қасық вазелин майын немесе глицерин құяды.15-20 минуттан соң ішік қарын түгел босайды.