Тоқ соғу. Найзағай соғу

Найзағай – жоғары жиілікті, күші бірнеше мыңдаған ампер, ал қысымы бірнеше миллион вольт токтың ерекше түрі.

  • Біріншілік зақымдану – найзағайдың адамға тура соққысы. Үнемі летальды нәтиже береді.
  • Екіншілік зақымдану- атмосфералық заттармен дистантты контакт кезінде найзағайдың физикалық факторлармен зақымдалуы.

Электр тогы немесе найзағайдың соғуы, Тұрмыстық электр приборларын олақ пайдалану немесе аңдаусыз ұстағанда адамды ток зақымдауы мүмкін. Электр тогының соғуынан алған зақымдану жеңіл болған жағдайда сым тиген жер қызарып ауырады (күйеді), зақымданған адамның өңі қуарып, бойын үрей билейді. Ауыр зақымданған жағдайда күйік ұлғайып, ток ұрған жердегі дененің тіні қарайғаны байқалады, адам толықсып, сіңірі тартылады, тыныс алуы мен жүрек соғуы тоқтап қалуы мүмкін. Зақымданудың ауырлығы, негізінен, токтың күшіне және оның ұру ұзақтығына байланысты. Токтың кедергісі тез өтуі (бұған себеп: қолдың су болуы, аяқ киімнің дымқыл, жердің сыз болуы) электр тогы зақымын күшейте түседі, мұндай жағдайда тіпті кернеуі 36 В «қауіпсіз» ауыспалы токтың соғуынан-ақ өліп кетуге болады.

Адам үшін қауіпті ток күші 0,1 А және одан көп, ал кернеуі 40 В және одан жоғары. Найзағай тогының күші мыңдаған амперді, ал кернеуі ондаған миллион вольтты, температура – 25000 С градусты құрайды.

Электр қуаты техникалық және атмосферлік (найзағай соғу) болып бөлінеді.

Найзағайдың негізгі зақымдау нұсқалары:

  1. Электр тогының жоғары кернеуі;
  2. Соққы толқыны;
  3. Қуатты жарық импульсі;
  4. Қуатты дыбыс импульсі.

Электр тогының биологиялық тіндерге спецификалық және бейспецификалық әсері бар.

Спецификалық:

  1. Токтың биологиялық әсері- ұзын және көлденең салалы бұлшық-еттердің, эндокринді және жүйке жүйесінің қозуы. Бұлшықеттердің тоникалық жиырылуы диафрагманың, жүрек фибриляциясы, тамырлар спазмын тудырады.
  2. Электрхимиялық әсері- иондардың ажырауы, некроздану.
  3. Жылулық әсер- теріні қарсыластық күші жоғары болған сайын, жылу көп бөлінеді.
  4. Механикалық әсер.

Бейспецификалық:

  • Жарық шығару.
  • Дыбыстық әсер.
  • Тіндердің металлизациясы.

Егер найзағаймен соққы алғаннан кейін есі сақталса, оны кез келген жабық жерге орналастыру керек: бөлме және т.б. Зардап шегушінің киімін ауыстыру керек, жылытып, шәй, кофе беру қажет. Содан кейін ауруханаға жеткізу керек.
Егер науқас найзағаймен соққы алғаннан кейін есінен танса, оны арқасымен жатқызу керек, қысып тұратын киімдерден босату. Ылғалды орамалмен беті мен кеудесін сүрту керек. Периодты түрде 3- 4 секундқа мүсәтір спиртіне малынған тампонды бетіне тақату керек.

Найзағай және электр тоғы соққан адам жіктелуі:

  • І дәреже: естен таңу жоқ, қысқа мерзімді бұлшық-ет жиырылуы.
  • ІІ дәреже: естен таңу, бұлшық-ет тырыспалы жиырылуы, тыныс, жүрек жұмыстарының сақталуы.
  • ІІІ дәреже: естен таңу, тыныс алудың немесе жүрек жұмысының бұзылысы.
  • ІV дәреже: бірден өлім.

Найзағай соққан кезде, келесі клиникалық көрініс тән.

Біріншілік зақымдану – найзағайдың тікелей адамға түсуі. Ылғи өліммен аяқталады.

Екіншілік зақымдану – атмосферлі электр куатымен дистантты физикалық факторлармен зақымдалғанда болады. Сонымен қатар, зақымдалу тұрмыстық техника, радиожабдықтар арқылы болуы мүмкін. Осы кезде науқас есін бір неше минуттан, бірнеше сағатқа дейін жоғалтып, клоникалық тырыспалар дамиды. Есін жиғаннан кейін науқастар қозғыш, қобалжулы, күйіктен және аяқтардағы ауырсынудан айғайлайды, алжиды. Голлюцинация, ми зақымдалулары б.м. Науқастар басының, көзінің, құлағының ауруына шағымданады.  Күйген теріде тамырлар бойымен бұтақ тәріздес қошқыл түсті сүреттер көрінуі мүмкін.

Найзағай және электр тоғы соққандағы алғашқы көмек

Алғашқы көмек көрсеткенде ең алдымен электр тогының әсерін тоқтату керек. Бұл қажет, өйткені электр сымы соққанда зақымдалушы адамның көбінесе босанып шығуға дәрмені жетпейді. Көмек көрсетуші адам өз басының қауіпсіз болу ережесін де сақтауы керек. Ток келіп тұрған көзді тоқтату үшін ажыратқыш-қосқыш тетікті, тығындарды, рубильникті ажыратып, көмек көрсетуші адам қолын (резина қолғап киіп немесе құрғақ жүн матамен ұстайды) және аяғына (резина етік киеді) ток ұрмайтындай еткеннен кейін ғана зақымданушы адамды токтан тартып ажыратуы не болмаса зақымданушы адамды басқа да тәсілдермен ток көзінен ажыратуы керек (мысалы, кез келген құрғақ ағаш затпен ток сымын басқа бір жаққа бұру) . Жүрегі, тынысы тоқтамаған болса, оған толық тыныштық керек (денені сұлатып жатқызады), жылы сусын ішкізіп, мүсәтір спиртін иіскетеді; терісі күйгенде- борлы вазелин жағып немесе сутегінің асқын тотығымен сүртіп, стерильді бинтпен таңып тастайды.

Егер тынысы тоқтап, жүрегі соқпай қалған жағдайда (клиникалық өлім) көрсетілетін алғашқы көмек- дәрігер келгенге дейін реанимация шараларын жасау (жүрекке массаж, «ауызбен ауызға дем үрлеу» арқылы қолдан тыныс алдыру).

Сонымен бірге шұғыл дәрігерлік көмек көрсету және ауруханаға жеткізу, егер ІІ-ІV дәрежедегі зақымдану болса. Егер электр тогынан зақым алғаннан кейін 30—40 минут өткен соң да ұйқы басып, басы айнала берсе, жүрегі қағып, тер басса, тынысы тарылып, денесі тітіркенсе, онда алған зақымы жеңіл сияқты болып көрінгеніне қарамастан, дәрігерлік бақылауға алып, көмек көрсету міндет. Электр тогынан зақымданудың бір түрі жай отынан- күн күркіреген кездегі атмосфералық электр разрядынан зақымдану болып табылады. Адамды тоқ «шықсын» деп жерге көму керек деген ел арасындағы соқыр сенім — зиянды адасушылық, өйткені жерге көмілген организм тез салқындайды, кеудеге салмақ түсіп сығылады, тынысы тарылады, жүрегі қысылады, пайдалы алғашқы көмек көрсетілуге тиісті уақыт өтіп кетеді.

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!