Ұйқы физиологиясы

Ұйқы дегеніміз – адам ағзасының миы мен зат алмасуы, қоршаған ортамен реакциясы ең төмен қалпындағы физиологиялық үрдіс. Тек адамдар емес барлық сүтқоректілер, құстар, балықтар, тіпті шіркейлерде (мысалы, дрозофила шыбыны) ұйықтайды.

Ұйқы уақытында анаболизм процесі күшейіп, керісінше катаболизм процесі тежеледі. Ұйқы әр адамда 24 сағаттың кем дегенде 5 сағатын алуы тиіс. Олай болмағанда патологиялық үрдістер дамиды. Ұйқының реттелуі мелатонин гармоны концентрациясына байланысты. Бұл гормон көп бөлінген жағдайда адамның үнемі ұйқысы келіп тұрады.

Ұйқы уақытындағы мидағы белсенділіктің төмендеуі  сипатталады:

  • ой қабілетінің төмендеуі
  • сезімтал – сенсорлы жүйелердің қабылдау қабілетінің төмендеуі
  • жүрек қызметінің баяулауы
  • гормондардың төмен дәрежедегі бөлінуі

Ұйқы құрылымы

Ұйқы – адам мен жануарлар ойының дем алатын басты уақыты. Ұйқы уақытында ми тежелгенмен оның кейбір бөліктері ұйқыны қамтамасыз ету үшін жоғары дәрежеде жұмыс жасайды.

Адамдарда ұйқы уақыты басты екі кезеңнен тұрады: баяу және терең ұйқы. Ұйқы алғашқы кезеңде баяу ұйқыдан басталады. одан кейін терең ұйқы уақыты келеді. ПОЛИСОМНОГРАФИЯ (ЭЭГ тіркеу жүйесі бойынша) – ұйқыны жазып алушы құрал. Бұл құрал бойынша адамдарда 80-100 минут ұйқының ішінде 4-6 толқын өзгеру циклы білінеді.

Әр цикл бойынша баяу ұйқы 100 минуттық ұйқының 70-75 минутын алады, ал терең ұйқы 30-25 минутқа тең.

БАЯУ ҰЙҚЫ (ортодоксальді ұйқы)

  • Бірінші саты. Мида альфа-ритм төмендеп, тета- және дельта-толқындар төмен амплитудаға ауысады. Бұл уақытта адам болған жағдайларды ойлап жатуы мүмкін. Бірақ ертесіне не ойдлағаны есіне түспеуі мүмкін.
  • Екінші саты. Бұл уақытта мида сигма-ритм басталады. Адам ой-санасы қызметі жойылады. Бірақ есту аппараты (анализаторы) – ең сезімтал орган болып қалады. Мысалы, анасының баласын шақыруы, иесінің итке жекіруі және т.б.
  • Үшінші саты. Бұл кезеңде өте ақырын дәрежеде жоғары амплитудалы дельта-толқындар (2 Гц) сезіледі.
  • Төртінші саты. Адам түс көре бастайды. ЭЭГ-да қызыл жақтаулар білінеді. Осы кезеңде «Ай кезбе» (лунатик) болады. Адамның ес-ақылы мүлдем жойылады, және осы кезеңдегі істеген істерін өзі білмейді.

Терең ұйқы

Терең ұйқы – ЭЭГ-да қызыл сызықтар арқылы көрінеді. Терең ұйқы – бұл ұйқының бесінші сатысы. Бұл сатыны Клейтманмен оның аспиранты Асерински 1953 жылы ашылды.
Бета-толқынға жақын келеде, электролиттік белсенділік пайда болады. Бұл қанықан ұйқының белгісі. Яғни осы уақытта адам мүлде қозғалыссыз болады, тек сирек бұлшық еттердің тартылуы байқалады.

Терең ұйқы адам психологиясын сақтап оны дамытып отырады. Және де ақпараттар алмасу мен қорытылып, түйінделуі де осы кезеңде жүреді. Ұйқы кезінде бүйрекүсті безі мен ми сыңарларының жұмысы күшейуі, жүрек жиырылуының өзгерісі, тыныстаудың өзгерісі, артериялық қысымның күшеюі және жыныс мүшелерінің эрекциясы байқалады.

Ұйқы нейроанатомиясы

Адамның ОЖЖ-де ұйқы шақыратын гипногенді орталықтар бар. Олар үш құрылымды:
Баяу ұйқыны қамтамасыз етуші:

  • Гипоталамустың алдыңғы бөлігі
  • Таламустың арнайыланбаған (бейспецификалық) ядросы
  • Серотонин – тежеуші медиаторын қоздыру
  • Моруцци тежеуші орталығы

Терең ұйқы орталығы:

  • Вестубулярлы ядро
  • Көк таңдақтар
  • Орталық мидың жоғарғы екі төмпешігі
  • Орталық мидың ретикулярлы формациясы

Ұйқы циклын реттейтін ұйқы орталықтары:

  • Үлкен жарты шар төмпешігінің жекеленген аймақтары
  • Көк таңдақтар

Ұйқы қызметі

  • Ұйқы адам ағзасының демалуын қаматамсыз етеді.
  • Метоболизм процесінде ұйқы белсенді роль атқарады.
  • Ұйқы ақпараттың сақталуы мен оның ой е,легінен өткізуін қамтамасыз етеді.
  • Ұйқы адамның бейімделу мүмкіндігі (күн және түн)
  • Ұйқы адамның иммунитет жүйесін жақсартып, Т-лимфоциттердің белсенедендірілуін қаматамсыз етеді.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!