Асқазан бездерінің секрециясын күшейтетін заттар
Диагностикалық мақсатта гастринді, экстративті заттарды тағайындайды. Егер асқазан секрециясы төмендеуінің себебі функциональды бұзылыстар болса, көрсетілген заттар асқазан сөлінің бөлінуін көбейтеді. Гастрин асқазанның антральді бөлігінде түзіледі, қанға сорылып, асқазан түбіндегі бездерге түсіп, олардың секрециясын күшейтеді. Хлорсутек қышқылы мен пепсиногеннің бөлінуін арттырады. Медицинада гастриннің пентагастрин деген синтетикалық фрагменті қолданылады.
Гистамин асқазанның Н2 гистаминдік рецепторын ынталандырып, асқазан сөлінің мөлшерін және оның қышқылдығын едәуір жоғарылатады.
Асқазан бездері қызметінің жетіспеушілігінде орын басушы зат ретінде табиғи және жасанды асқазан сөлі, пепсин және сұйылтылған хлорлы сутек қышқылын тағайындайды.
Асқазан бездерінің секрециясын төмендететін заттар
Асқазан сөлінің қышқылдығын төмендететін алмастырылған бензимидол туындысы омепразол болып табылады. Бұл асқазанның тариетальды жасушалары протондық насостың қызметін тежейтін ойық жараға қарсы препараттардың жаңа типті өкілі. Ол базальдық және хлорлысутек қышқылының кез келген тітіркендіргіштер әсерінен дамыған секрециясын тежейді. Асқазан сөлінің жалпы көлемін төмендетеді және пепсиноген бөлінуін тежейді. Омепразол тез сіңіріледі. Ұзақ әсер етеді, биотрансформацияға ұшырайды. Омепразолдың он екі елі ішектің, асқазанның ойық жарасында, ойық жаралы петидті эзофагитте, Золлингер- Эллисон синдромында тиімділігі жоғары.
Н2-гистаминдік рецепторлардың тежегіштері гистаминнің бәсекелес антагонистері болып табылады. Олар париетальды жасушалардың гистаминдік Н2-рецепторларына әсер етеді және хлорлысутек қышқылының әртүрлі тітіркендіргіштер әсерінен дамыған секрециясын едәуір тежейді. Н2-гистаминдік рецепторлардың тежегіштерін он екі елі ішектің ойық жаралары, гипергастринемияда, пептидті эзофагитте, эрозияляқ гастритте, дуоденитте қолданады.
Н2-гистаминдік рецепторлардың тежегіштері ретінде қазіргі уақытта жеткілікті қауіпсіздікте айқын белседіліктері бар ранитидин, фамотидин, низатидин және цемитидин қолданылады.
М1- холинорецепторларды айрықша тежейтін заттар
Пирензепин бензодиазепин туындысы. Оның әсері базалдық және хлорлысутек қышқылы мен пепсиногеннің әртүрлі тітіркендіргіштер әсерінен дамыған секрециясынің тежелуімен көрінеді. Тағамға тітіркенуге жауап ретінде гастриннің босап шығуының төмендеуін де тудырады. Ол асқазан-ішек жолынан толық сіңірілмейді. Аз дәрежеде метоболизденеді. Гемотоэнцефалдық тосқауылдан жіне плацентадан өтпейді. Препараттың сіңірілген бөлігі бүйрекпен жіне өт арқылы өзгермеген күйде шығарылады.
Антрацидті препараттар
Антацидті заттар асқазан сөлінің хлорсутек қышқылымен химиялық реакцияға түсіп, оны бейтараптайтын негіздер болып табылады. Оларға натрий гидрокарбонаты, магний тотығы, магний үшсиликаты, алюминий гидротаты және кальций карбонаты жатады. Натрий гидрокарбонаты қысқа уақыт әсер етеді, суда жақсы жақсы ериді, жеңіл абсобцияланады және жүйкелік алкалоздың себебі болуы мүмкін.
Магний препаратына магний тотығы және магний үшсиликаты жатады. Олардың әсері натрий гидрокарбонатына қарағанда баяу басталады. Магний тотығы натрий гидрокарбонатынан 3-4 есебелсенділеу.
Магний қосылыстары нашар ериді. Олардың тек аз бөлігі ғана ішектен сорылады. Жүйелік әсер көрсетпейді. Бірақ бүйрек патологиясында гипермагниемия болуы мүмкін. Үлкен мөлшерде қолданғанда іш айдайтын әсер көрсетеді.
Гастропротекторлар
- Шырышты қабатқа механикалық қорғаныс жасайтын препараттар: Сукралфат, Висмут
- Шырышты тосқаулдың қорғаныс қызметін жоғарылататын препараттар: Карбеноксолон, Мизопростол
Висмут үшкаллий дицитраты хлолысутек қышқылы әсерінен ақ тұнба түзетін, шырышты қабаттың гликопротеиндеріне, әсіресе некрозданған жара бетіне, жоғары туыстығы бар коллоидты суспензия болып табылады. Нәтижесінде жара бетінде полимер-гликопротеиндік кешеннің қорғаныстық ақ қабатымен жабылады.
Карбенаксолон натррий қызыл мия тамырынан алынған циклдік тритерпен. Оның әсерінен шырыштың секрециясы күшейеді, тұтқырлығы жоғарылап, қорғаныс тосқауылын түзеді. Препарат асқазаннан сіңіріледі. Қан сарысу белоктарымен 90% байланысады. Негізінен ішек арқылы шығарылады. Он екі елі ішекке қарағанда асқазанның ойық жараларында тиімді.
Өт айдайтын заттар
Өттің құрамында ішекте майларды эмульгирлейтін, олардың және майда еритін витаминдердің сіңірілуіне ықпал ететін өт қышқылдары бар. Өттің жеткіліксіздігі оның бауыр жасушаларында түзілуінің бұзылуына немесе өт жолдарынан он екі елі ішекке түсуінің қиындауына байланысты болуы мүмкін. Соған баіланысты медициналық практикада олардың екі түрі қызығушылық туындатады.
Өттің түзілуін ынталандыратын заттар
- Өт препараттары: ″Холензин″
- Өсімдік тектес препараттар: Холосас
- Синтетикалық препараттар: Оксафенамид
Келтірілген барлық препараттар бауыр жасушаларымен өттің өндірілуін жоғарылатады. Әсіресе өт қышқылдары оның кұшті ынталандырғыштары болып табылады. Холензимге осы әсерімен қатар орын басушы емдік қасиеті тән.
Холелитикалық заттар
Өт қапшығындағы кішірек тастардың еруін тудыратын заттар табиғи өт қышқылдары хенодезоксихоль және урсодезоксихоль. Оларды қолдану холестериннің оттегі концентрациясының азаюына әкеледі. Бұл хенодезоксихоль қышқылы үшін гепатоцидтерде холестерин синтезінің тежелуіне байланысты. Урсодезоксихоль қышқылы эндогенді және экзогенді холестериннің ішектен сіңірілуін және баурда холестериннің өндірілуін тежейді.
Оксафенамид өттің тек түзілуіне ғана емес, оның бөлінуіне де әсер етеді. Өт айдайтын заттарды созылмалы гепатитте, холангитте, созылмалы холециститте қолданады.
Холелитикалық препараттардың әсерінен өтте холестерин деңгейінің төмендеуі өт қапшығында холестериндік тастардың түзілу мүмкіндігін азайтады. Өтте холестерин мен өт қышқылдары арасында қатынастың өзгеруі холестериндік тастардың біртіндеп еруіне ықпал етеді.
Ішек моторикасын тежейтін заттар
Ішектің статикалық жағдайларында оның тонусын және қозғалыс белсенділігін төмендету үшін холиноблокаторлық заттар – м-холиноблокаторлар, ганглиоблокаторлары мен миотропты спазмолитиктері қолданылады.
Жедел және созылмалы диареяда көбінесе лоперамид қолданады.Оның әсер ету принципі, ішектің опиоидты м-рецепторларына әсер етіп, оның перистальтикасын тежеу.
Іш айдайтын заттар
І .Бейорганикалық заттар
Іш айдайтын заттардың жіктелуі:
Тұзды іш айдайтындар: Магний сульфаты Натрий сульфаты
ІІ.Органикалық заттар
1.Өсімдік тектес:
А)Өсімдік майлары Кастор майы;
Б) Құрамында антрагликозидтер бар препараттар: Сынғақ итшомыр қабығының сығындысы, Рауғаш таблеткалары, Кассия жапырағының сығындысы
2.Синтетикалық заттар: Фенолфталеин Изафенин
Тұзды іш айдайтындар: Магний сульфаты Натрий сульфаты асқазан-ішек жолынан нашар сіңірілетін иондар түзіп, диссоцияланады. Ішек қуысында осмостық қысым жою, арылап, химустық сұйық бөлігінің және асқорыту сөлдерінің абсорбциясына кедергі жасайды. Ішек қуысындағы заттың көлемі ұлғайып, механорецепторларды қоздырады. Бұл кезде ішектің перистальтикасы күшейеді.
Тұзды іш айдайтындарды жедел басталған іш қатуларда және химиялық заттармен ұланғанда қолданады. Әсері 4-6 сағаттан кейін басталады.
Кастор майының он екі елі ішекте липазаның әсерінен рицинол қышқылы түзіледі. Соңғысы ішек рецепторларын тітіркендіріп, иондардың тасымалдануын бұзады, судың сіңірілуін кідіртеді. Бұл ішек моторикасының жоғарылауына әкеледі және оның босауын жылдамдатады. Әсері 2-6 сағаттан кейін басталады. Оны жедел дамыған іш қатуда қолданады.
Құрамында антрагликозидтері бар препараттардан: Сынғақ итшомыр қабығының сығындысы, Рауғаш таблеткалары, Кассия жапырағының сығындысы қолданылады. Бұл препараттардың әсер етуші заттары аш ішектк жартылай сіңіріледі және тоқ ішекте жартылай босап шығады. Антрацен туындылары тоқ ішектің рецепторлық құрылымдарын тітіркендіріп, су мен электролиттердің сіңірілуін кідірте отырып, оның перистальтикасын күшейтеді. Әсері 8-12 сағаттан кейін басталады.
Ас қорыту жолдарының секрециялық және қозғалыс бенсенділігінің бұзылуы көптеген аурулар мен патологиялық жағдайлар кездеседі. Асқазан-ішек жолының қызметін қалыпка келтіру үшін жоғарыда келтірілген дәрілік заттардың үлкен арсеналы пайдалынады.