Хирургиялық жіптер, оларды микробтан тазарту. Хирургияда қолданылатын жіптер
Кесілген жерді тігу -хирургияның ең бірінші міндеті. Тігу үшін жібек жіп, кетгут, лавсан, капрон жіптері, кендір (лен) немесе қағаз жібі, танталдан жасалған- материалдық құрсаулар қолданылады.
Осы жіптер өз қасиеттеріне қарай екіге бөлінеді:
Бірі- кетгут, ол өз жаратылысына байланысты бірнеше күннен кейін сорылып, жоқ болып кетеді де, екінші түрі –жібек жіп, лавсан, капрон жіптері сорылмай ағзада өмір бойы қалып қояды. Микробтардан таза болмаса, солармен тігілген жер іріндеп, клеткалар біріне бірі жабысып, тігілген мүше шірігендіктен ыдырап кетеді. Осы себептерді ескере отырып, тігуге арналған жіптерді микробтардан тазарту жұмысына хирургияда көп көңіл бөлінеді.
Хирургиялық жібек жіп
Жібек жіптің екі түрі болады. Бірі – өрілген, тоқылған жіп (плетенный), екіншісі – ширатылған жіп (крученный). Өрілген жіптердің бағасы қымбат, бірақ төзімді, мықты, қатты тартып байлағанда үзілмейді. Жібек жіптердің жуандығы әр түрлі болғандықтан, жіп дайындайтын кәсіпорын олардың диаметрін 00-ден 16 шейін деп есептейді.
Жібек жіптің микробтарын жоюға арналған әдістер:
Кохер әдісі: Иірілген жіпті сабындап жылы суда жуады. Сонан соң құрғатады. Сауытқа эфир құйып, сонда жіпті 24 сағат ұстайды. Эфирдің бір қасиеті – микробтардың сыртқы қабығындағы майды ерітеді. Таза аспаппен жіпті эфирден алып, тағы да 24сағат 70 спиртке салады. 70 спирт- ол 100 мл сұйықтық 30 бөлшегі су және 70 бөлшегі спирт деген сөз. Жіпті осындай сұйыққа салғанда оның тарамдары ісініп (су сіңеді ғой),диаметрі ұлғаяды. Енді оны 1:1000 сулема ерітіндісі салып, 10 минут қайнатады. Су сіңіп, ісінген жіптің әрбір бөлшегіне енді сулема ерітіндісі кіре алады да, микробтарды жояды.
Операциялық медбике таза халат, маска киіп, қолдарын операцияға дайындалғандай жуып, таза аспаптары жіпті сулема ерітіндісінен 96 спиртке ауыстырады. 96 спирт жіптегі суды сорып алып, жіп бұрынғы қалпына келеді. Қақпағы тығыз жабылатын шыны сауыттың ішіне салынған жібек жіп спиртке қанша қажет жіп спиртте қанша қажет болса, сонша жатады. Керек болған кезде жіпті спирттен алып, сулема ерітіндісіне 2 минут қайнатып пайдалана бастайды.
Жібек жіпті бу қысымы жоғары стерилизаторда да тазарту
Осы әдәстің ең бір үлкен кемістігі бар – ол жіптің қасиеті нашарлап, операцияның жауапты кезеңінде ойламаған жерде үзіліп, жыртылып жататыны. Жібек жіптер арнайы заводтарда дайындалып, шыны сауыттың ішіне спирттен бірге салынады да, хирургиялық мекемелерге жеткізіледі. Кендірден (лен), қағаздан жасалған жіптерді де осы әдіспен тазартады. Стерилизаторда тазартылған осы жіптер мықтылық қасиетін жоғалтпайды.
Хирургиялық лавсан жібі
Лавсанды матадан жуандығы неше түрлі жіптер дайындалады. Операцияға қажет басқа да заттар сияқты лавсан жіптерін де микробтардан бу қысымы жоғары стерилизатор арқылы немесе аспаптарды қайнатқан сияқты қайнату арқылы тазартады. Еске сала кететін бір жайт: лавсан жібін екі рет байлағанда шешіліп кетуі мүмкін, сол себепті хирургтер оны үш қайтара байқалады.
Хирургиядағы капрон жіп
Капрон жібін микробтардан тазарту үшін оны қайнап тұрған суға салып, тағы да 20 минут қыздырғышта ұстаса, жіп таза болады. Жіп үш мәрте байланады. Соңғы кездерде жара тігіміне атварматикалық ине (ине мен жіп диаметрі бірдей болғаны шарт, сонда тез сабақталады) ұсынылып жүр. Сонымен қатар қазіргі кезде летилан, тефлон, фторлон деген жіптер де хирургтердің қолына түспек.
Кетгут жібі
.Кетгут ешкінің, қойдың ішегінен жасалған жіп, хирургиялық материал. Кетгут ағылшынның кэти деген сөзінен шыққан. Кэти – мысық. Сонда осы жіпті ағылшындар ашты деген ұғым туа ма? Олай десек, қазақ домбырасының шегі туралы не айтпақпыз. Яғни атақты Әл – Фараби музыка туралы да еңбек қалдырған болса, қазақтың көне домбырасының шектері қойдың ішігінен дайындалғаны, қазақ халқының кетгут дайындауда үлкен тәжәрибесі болған.
Ешкі, қой ішігінен жасалатындықтан, бұл жануарлардың аурулары адамға да жұғатынын еске сақтау керек. Сондықтан кетгутті микробтардан тазалау әдістерін әрбір хирург, дәрігер жақсы білгені жөн. Себебі жануарлардың сіреспе (столбняк), топалан, кебенек (қой, ешкіде) аурулары адамға жұғып, адамда түйнеде ауруы (сибирская язва) пайда болуы мүмкін.
Кетгут жіпті өңдеу
Операциялық медбике, операциялық бас медбике және хирургия бөлімшесінің меңгерушісі операциялық бөлімде кетгут жіптерін тазалауға кіріседі. Бұл – өте жауапты жұмыс. Тазалау кезінде қолданылатын шыны сауыттын көлемі кем дегенде 500 метр кетгут жібі сиятиындай болуы керек. Сауыттың қақпағы өте тығыз жабылуға тиіс. Сауытқа құйылған сұйықтар кетгуттерден 5 см. жоғары болуы қажет. Дайындалған жіптер шкафқа салынады. Шкаф есігі құлыпталып, құлыптың кілті операциялық бас медсестрада болады.
Әрбір сауытта әртүрлі кетгут жібі болғандықтан, сауыттығ сыртына сол жіптің нөмері, оны тазалаудың қашан басталғаны, қашан біткені, бактериологиялық зерттеудің қай күні жүргізілгені сияқты мәліметтер жазылған қағаз жапсырылады. Осындай мәліметтерді арнайы журналға бас медсестра ылғи қондырып отырмақ.
Соңғы кезде ағзада сорылып, жоқ болып кететін кетгут жәптерінің орнына жаңадан полигликол қышқыл атты сорылатын жіптер пайда болады. Кейбір хиругтардың айтуына қарағанда, ондай жіптер кетгут жібінен әлдеқайда мықты екен. Соған қарғанда осы жіптердің келешегі мол болмақ.