Тағам статусы. Тағам құндылығы

Тамақтану туралы түсінік.

Тамақтану организмнің қалыпты жағдайда тіршілік етуін, оның денсаулығын және еңбек ету қабілетін қамтамасыз ететін маңызды фактор. Қазіргі заманда тамақтануды түсіну өте қиын. Өйткені тағамның түсуі, қорытылуы, сіңуі организмнің, оны өз қажетіне жаратуы өте күрделі процесс. Тағам организмнің жұмсаған энергиясын толықтыру, өлген клетка мен тканьдерін қайта қалпына келтіру және барлық дене құрамына кіретін мүшелердің қызметін реттеуді қамтамасыз етеді.

Адам организмі үшін тамақтанудың маңызы зор. Адам тәні мен сыртқы ортаның табиғи және әлеуметтік бірлігінің негізгі заттар мен энергия айналымы. Тәнде әрқашан, тоқталымсыз, клеткалар мен тіндер құрамын жаңартып отыратын, ыдырау және құрылу процесстері жүріп  отырады. Тамақтану организмнің гомеостаз деп аталатын өзіндік ішкі тұрақтылығының қалыпты сақталуына, сонымен қатар қоршаған ортамен үйлесімді әрекеттесуіне әсер ететін ең негізгі фактор.

 Тамақтануға қойылатын негізгі гигиеналық талаптар:

  1. Калориясы жеткілікті, энергия шығынын толық жаба алатын болуға тиіс
  2. Қарекеттік заттар шамасы жеткілікті және олардың өзара қарым-қатынасы талапқа сай болуға тиісті.
  3. Адамның тәбетін ашатындай және тойығу сезімін тудыра алатындай болуы керек.
  4. Жеңіл және толық қорытылуға тиіс.
  5. Тағамдардың сыртқы бейнесі, иісі, дәмі жағымды болуға тиісті.
  6. Құрамында жеткілікті шамада клетчатка болуы керек.
  7. Ешқандай зияндылығы болмауға тиісті.

Белок (ақуыз)– адам тәні үшін аса қажетті заттар қатарына жатады. Белоксыз өсу- жетілу процесстері, өмір сүру мүмкін емес. Себебі жасушалар белоктан құралған. Ас қорыту жолдарында сырттан түскен белоктар жеке аминқышқылдарына дейін ыдырап сіңірілгеннен кейін, қайтадан организмге тән белоктар түзіледі. Жалпы 80 шамалы аминқышқыодары белгілі, соның ішінде маңыздысы 20-25.

Майлар – адам организмінде  атқаратын қызметі мол, соның бірі  энергия көзі. Белгілі мөлшерде олар пластикалық (құрылымдық) та қызмет атқарады. Олар клетка құрамына кіреді, әсіресе клетка мембранасының қызметі үшін де маңызы зор.

Көмірсулар – негізгі атқаратын ролі- адам тәнін энергиялық материалдармен қамтамасыз ету. Көмірсудың оттегінің қатысуымен де (аэробты), оның қатысынсыз да(анаэробдық) тәнде тотыға алуы олардың энергиялық маңызын арттыра түседі.

Тағамдық статус

Тағамдық статус – тамақтану нәтижесіндегіконституционалдық ерекшеліктерін қамтитын адам денсаулығы. Тағамдық статусты анықтау үшін тамақтану функциясының, тамақтану адекваттылығының және аурушылығының көрсеткіштерін білу қажет.

Тамақтану функциясы организмнің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ететін жүйке гуморальді реттелетін зат алмау процесстері (гомеостаз). Тамақтану функциясыны  белоктық, майлық, көмірсулық, витамин, минерал алмасуы көрсеткіштерімен анықтайды.

Тағамдық адекваттылықсыздықтың бағасын дене массасы, бой- салмақ көрсеткіштері, зат алмасу және организмнің әр түрлі жүйелерінің көрсеткіштері бойынша анықтайды. Аурушылық халықтың қоршаған ортамен қарым- қатынасы нәтижесінде пайда болған патологиялық процесстермен бағаланады.

Тағамдық статус келесідей жіктеледі:

  • Қарапайым
  • Оптимальді
  • Артық
  1. Қалыпты тағамдық статус– организмнің құрылымы және функциясы  қалыпты, күнделікті өмірге бейімделу қалыпты.
  2. Оптимальды тағамдық статус–  ерекше (стресс) жағдайларда жоғары резитенттілікті қалыптастыру үшін арнайы рациондарды қолдану.
  3. Артық тағамдық статус–  тағамдық заттардың және энергияның организмге шамадан артық түсуі. Жеткіліксіз- тамақтанудың сапалық төмендеуінен дамиды.

Гигиеналық сарапқа салу нәтижесіне қарай азықтық өнімдер мынандай болып бағалануы мүмкін:

  • Жарамды
  • Жарамсыз
  • Шартты- жарамды
  • Сурроганттар
  • Жасанды азық (фальсификаттар)
  • Азықтық қасиеті төмен

Тамақтан улану деп тағам құрамында микробтардың, микробтар уының және басқа улы заттардың болуы салдарынан кенеттен туындайтын (кейде созылмалы) дертті айтады. Тамақтан улану микроб тектес,  микробсыз,толық мәлім емес түрлерге бөлінеді.

Микроб тектес тағамнан улану:

  1. Токсикоинфекциялар
  2. Токсикоздар, бактериотоксикоздар, микотоксикоздар
  3. Микстлар (аралас этиологиялы)

Микробсыз тағамнан улану:

  • Өзі улы өнім А. Өсімдік тектес азықтар. Б. Жануар тектес өнімдер
  • Химиялық қоспалармен улану
  • Уақытша улы азықтар: А. Өсімдік тектес азықтар. Б. Жануар тектес өнімдер

Тағамдық инфекциялардың және уланулардың алдын алу үшін дайындалған емдік және жоғары диеталық тағамдарды дайындағанда ескеру керек:

  • Мекеменің рациональді жобасы.
  • “Таза” және “арам” өнімдердің байланыспауын қадағалау (пысқан және пыспаған өнімдердің, таза және кір ыдыстардың араласуын болдырмау)
  • Әсіресе балық және ет өнімдерін дайындау кезінде температураны қадағалау.
  • Өнімдердің уақытын және сақталуын қадағалау.
  • Персоналдың жеке гигиенаны сақтауы.
  • Жұмыс орындарын, ыдыстарды, қолдың тазалығын үнемі қадағалау.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!