Медициналық жұмыскер қолын өңдеудiң деңгейлерi
Қол өңдеудiң үш денгейiн ажыратады: социальдi, гигиеналық (қол бастарының дезинфекциясы), хирургиялық (қол бастарының стерильдi белгiлi уақытқа дейiн жеткiзiледi)
Жалпы Қазақстан Республикасында қол жуу жайлы 111 бұйрық (приказ) бар.
Қол өңдеудiң әлеуметтік деңгейi
Мақсаты: механикалық жолмен қол бетiнен микрофлораны жою. Науқаспен персональдың инфекциялық қауыпсiздiгiн қамтамасыз ету.
Көрсеткiштер: Қолды әлеуметтік өңдеу – қол жуудың қарапайым әдiсi болып табылады. Осы өңдеу емдiк іс-әрекеттер тамақ қабылдау, науқасты тамақтандыру алдында және одан кейiн; науқасты күтудiң алдында және одан кейiн жүргiзiледi.
Жабдықтану: бiр рет қолдануға арналған кiр сабын (сұйық), секундті тiлi бар сағат, жылы ағынды су, лотоктағы стерильдi салфетка, жеке орамал (электрокептiргiш).
Қажеттi шарт: терiсi сау қол, 1 мм-ден ұзын емес тырнақ, тырнақта лак болмау керек. Процедура алдында тырнақ астын тазартып, ағынды сумен жуу қажет.
Шараға дайындық:
- Саусақтардан сақиналарды шешу, қол терiсiнiң бүтiндiгiн тексеру.
- Шынтаққа дейiн халат жеңiн жиыру, сағатты шешу.
- Кранды ашу, су температурасын реттеу (35-40С)
Шараны орындау:
- Қолды сабындау және сумен жуу (сабын кесегi қолданылса, оны жуу, таза салфеткаға немесе торлы сабын сауытына салу)
- 30 секунд iшiнде бiлектiң 2/3-не дейiн қолды сабынмен ағынды сумен жуу, фалангалар мен саусақаралық кеңiстiктерге көңiл аудару қажет, содан кейiн әрбiр қол басының сырт жағын және алақан жағын және қолдың бас саусақтарының негiздерiн айналмалы қимылдармен жуу.
Ескерту: Бұл уақыт социальды деңгейде қол деконтоминациясы үшiн жеткiлiктi, егер қол терiсiнiң бетi жеткiлiктi сабындалса және қол терiсiнiң кiр аймақтары қалмаса.
- Сабынды көпiрменi кетiру үшiн қолды ағынды сумен шаю қажет.
Ескерту: Қолдың саусақтарын жоғары қарай ұстаңыз, су шынтақтан қолжуғышқа ағатындай (қолжуғышқа тигiзбей). Қол саусақтарының фалангалары ең таза болуы керек.
- Осындай кезектiлiкпен қол жууды қайталау қажет.
Процедураның аяқталуы
- Салфетка қолданып кранды жабу (шынтақ кранды шынтақ қозғалысымен жабу)
- Қолды құрғақ, таза орамалмен немесе кептiргiшпен кептiру.
Қол өңдеудiң гигиеналық деңгейi
Қол өңдеудiң нәтижелi әдiсi – гигиеналық әдiс.
Мақсаты: Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын қамтамасыз ету.
Көрсеткiштер:
- перчатка кию алдында және шешкеннен кейiн.
- биологиялық сұйықтықтармен және ағзамен қатынаста болғаннан кейiн микробпен залалдану мүмкiндiгi болғаннан кейiн, иммунитетi әлсiреген науқасты күтудiң алдында
Жабдықтану: кiр сабын, секундті тiлi бар сағат, жылы ағынды су, стерильдi пинцет, мақта шариктерi, салфеткалар. Дезертiндiсi бар сауыт.
Қажеттi шарт: қолда зақымдалған терi болмау керек.
Кезеңдер | Ескертулер |
Шараға дайындық | |
Қолдың керектi бетiн өңдеуге дайындау | |
2. Бiлектiң 2/3-не дейiн халат жеңiн қайыру, сағатты шешу | Медбикенiң инфекционды қауіпсіздiгiн қамтамасыз ету. |
3. Кранды ашу | Ағынды су қолданылады. |
Кезеңдер | Ескерту |
Шараны орындау | |
1. 10 секунд iшiнде бiлектiң 2/3-не дейiн қолды сабындап ағынды сумен жуу, фалангалар мен саусақаралық кеңiстiктерге көңiл аудару қажет. | Қолсаусақтарының максимальды деконтаминациясын қамтамасыз ету, тазадан кiрге жүру принципiн сақтау. |
2. Сабынды көпiрменi кетiру үшiн қолды ағынды сумен шаю қажет | |
3. Әрбiр қолды жууды 5-6рет қайталау | |
Шараны аяқтау | |
1.салфеткамен қолды кептiру | инфекционды қауіпсіздiктi қамтамасыз ету. |
2. салфетканы дезертiндiсi бар сауытқа тастау. | |
3. стерильдi салфетканы қолданып кранды жабу. |
Ескерту: Егер қолды гигиеналық өңдеуге жағдайлар болмаса, онда қолды 2 минут iшiнде 3-5 мл антисептик көмегiмен өңдеуге болады.
Қолды хирургиялық деңгейде өңдеу
Хлоргексидин биглюконатының 0,5%-ттi спирт ерiтiндiсiмен қолды өңдеу әдiсi
Мақсаты: Дәрігер қолының стерильдiгiне жету.
Көрсеткiштер:
- стерильдi столды дайындау қажеттiлiгi;
- операцияға, пункцияға қатысу;
- босандыруға қатысу
Қарсы көрсеткiштер:
- қолда және денеде iрiңшелердiң болуы.
- терiнiң жарылуы және жарақаттардың болуы.
- терi аурулары
Жабдықтану:
- бiр ретке қолданатын кiр сабын.
- 1 минут, 3 минуттық құм-сағат.
- 20-30мл хлоргексин биглюканатының 0,5%-ттi спирттi ертiндiсi;
- корнцанг бар стерильдi лоток;
- стерильдi столды жабуға арналған төсеніші бар стерильдi бикс.
Қажеттi шарт: жұмыс қатаң және ерекше стерильдi аймақтарда жүзеге асырылады. Процедура бикстегi стерильдi жабдықтарды берiп тұратын көмекшi көмегiмен іске асырылады. Асептика ережелерi сақталу қажет.
Кезеңдер | |
| Инфекционды қауіпсіздiктi қамтамасыз ету |
2. Таза киiмi бар стерильдi бикстi қою, оны орнату, түрiне қарап маркировін және стерильдiгiн тексеру | Инфекционды бақылауды қамтамасыз ету |
3. Басқыш немесе көмекшi көмегiмен бикстi ашу | Инфекционды қауіпсіздiгiн сақтау. |
4. Стерильдiлiк индикаторларын шығару, олардың жағдайын бағалау | стерилизация сапалығын бақылау. |
5. Корнцанг көмегiмен бикстен реттiлiкпен бас орамалын, масканы шығару, оларды кию. | стерильдiктi сақтау |
6. Корнцангты лотокқа салу | Инфекционды қауіпсіздiктi қамтамасыз ету |
Шараны орындау | |
Шынтақ бүгiндiсiне дейiн қолды сабынмен жуу | Қол өңдеудiң гигиеналық деңгейi жүзеге асырылады. |
1 минут iшiнде фалангалар мен саусақаралық кеңiстiктерді сабындау | құм-сағатқа қарап отыру. |
2. сабынды кетiру үшiн тырнақ фалангаларынан шынтақ бүгiндiсiне дейiн қолды ағынды сумен шаю | |
3.стерильдi орамалмен қолды кептiру. | |
4.хлоргексидиннiң 0,5%-ттi спирттi ертiндiсiне матырылған стерильдi салфеткамен тырнақ фалангаларынан шынтақ бүгiндiсiне дейiн әрбiр қолды өңдеу. | қолды өңдеудiң хирургиялық деңгейi жүзеге асырылады. Сағатқа қарап отыру. |
Шараның аяқталуы | |
1. стерильдi киiмдi, перчатканы кию. | Асептиканы сақтау |
Стерильдi перчатканы кию ережелерi:
- Стерильдi перчаткасы бар пакеттi алу, оны ашу.
- Перчатканың iшкi бетiне қолды тигiзбейтiндей етіп, оң қолдың перчаткасының терiс аударылған шетiн алу.
- Оң қолдың саусақтарын жұму, оларды перчаткаға енгiзу.
- Оң қолдың саусақтарын жазбай перчатканы кию.
- Перчатканың iшкi бетiне қолды тигiзбейтiндей оң қолдың екiншi, үшiншi, төртiншi саусақтарымен сол қолдың перчаткасының терiс аударылған шетiн алу.
- Сол қолдың саусақтарын жұму, оларды перчаткаға енгiзу.
- Одан кейiн оң перчатканың аударылған шетiн халат жеңiне тартып кигізу.
Стерильдi перчатка шешудiң ережелерi:
- Перчаткадағы оң қолдың саусақтарымен сол жақ перчатканың аудармасын оның сырт бетiне тигiзбей тарту.
- Перчаткадағы сол қолдың саусақтарымен оң жақ перчатканың аудармасын оның сырт бетiне тигiзбей тартып аудару.
- Сол жақ қолдың перчаткасын терiс аударып шешу және оны шетiне оң қолмен ұстау.
- Сол қолмен оң қол перчаткасының iшкi бетiнiң шетiнен алу, сол қол перчаткасын терiс аударып шешу (сол перчатка оң перчатканың iшiнде қалады)
- Екi перчатканы дезертiндiсi бар сауытқа салу.
Ескерту: Бiр рет қолданатын перчаткалар дезинфекциядан кейiн жойылуы қажет, ал көп рет қолданылатын перчаткалар медициналық бұйымдар сияқты өңделедi.