Жүрек автоматизімі

Жүректің автоматиясы

Жүрек бұлшық етін келесі құрылымдарға ие:

  • Автоматия – жүректің өзінде, импульстердің әсерінен болатын ырғақты жиырылу қабілеттілігі.
  • Қозғыштық – тітіркендіргіш әсерінен жүректің қозу жағдайына түсуі.
  • Өткізгіштік – жүрек бұлшық етінің қозуды өткізу қабілеттілігі.
  • Жиырылуы –  тітіркендіргіштердің сонымен қоса созатын күштердің немесе қанның әсерінен өзінің пішіні мен көлемін өзгерту қабілеттілігі.

Жүректің ерекше қасиеттерінің бірі оның автоматизімі. Автоматия – мүшенің, тіннің немесе жасушаның сыртқы тітіркендіргіштер әсерінсіз пайда болатын импульстер арқылы тітіркене алатын қасиеті. Автоматияға әкелетін себеп – зат алмасу өзгерісі (сол мүшеде немесе жасушада жүретін).

жүрек өткізгіш жүйесі

1 — жүрекше қарыншалық түйін; 2 — жүрекше қарыншалық өтетін жолдын қосымша жолдары (Кент түйіні); 3 — Гис шоғыры; 4 — Гис шоғырының сол жақ аяғының ұсақ таралымдары; 5 — Гис шоғырының сол жақ артқы аяғының таралымы; 6 — Гис шоғырының сол жақ алдыңғы тармағы; 7 — Гис шоғырының оң жақ тармағы; 8 — жүрекше қарыншалық өткізілім қосымша жолы— Джеймса түйіні; 9 — түйін аралық жолдар; 10 — Синусты жүрекшелік түйін (СА); 11 — жүрекше аралық жылдам өткзу жолы (Бахман жолы);

Журектің автоматия субстраты спецификалық бұлшық ет тіні болып табылады, немесе оң жақ жүрекшеде орналасқан синусты-жүрекшелі түйін (синоатриалды (СА)), жүрекшелі-қарыншалы түйін (атриовентрикулярлы), жүрекше-қарынша шекарасындағы жүрекшеаралық пердеде орналасқан жүректің өткізгіштік жүйесінен тұрады.

Атриовентрикулярлы түйіннен Гис шоғыры басталады. Қалың қарыншааралық пердеге кірген соң, ол оң және сол аяқшаларға бөлінеді. Аяқшалар ары қарай тармақталып Пуркинье талшығымен аяқталады. Жүректің ұшында автоматия қасиеті жоқ, оған тек қысқару қасиеті тән, себебі, онда жүрек өткізгіштік жүйесінің элементтері жоқ.

Синоатриалды түйін жүрек ырғағының жүргізушісі, яғни жүректің жиырылуына әкелетін біріншілік қозу пайда болатын ошақ екеніне көрсетілген тәжірибелер жиынтығы куә. Синоатриалды түйіннен қозу ең алдымен оң жақ, содан сол жақ жүрек-шенің бұлшық ет талшығына беріледі. Қозу жүрекшенің бұлшық етіне тарала отырып жүректің өткізгіштік жүйесі болып табылатын Атриовентрикулярлы түйінге жетеді. Оның қызметі – жүрекшеден қарыншаның миокардына қозуды өткізу.

Атриовентрикулярлы түйін оң жақ жүрекшені қарыншадан бөліп тұратын жалғалмалы-тіндік сақинаның маңында, жүрекшеаралық перде аймағында оң жақ жүрекшеде орналасқан. Атриовентрикулярлы түйіннен жүрекшеден қарыншаға қозу өткізуші бұлшық етті көпірше болып табылатын Гис шоғыры бастама алады. Шоғырдың бастапқы бөлімі (оны Гис шоғырының жалпы аяқшалары деп атайды) қарыншааралық перде арқылы қарыншаға кіре бере екі тармаққа бөлінеді (Гис шоғырының оң және сол жақ аяқшаларына), оның біреуі оң жақ, ал екіншісі сол жақ қарыншаға барады.

Өткізуші жүйенің соңғы тармақтары миокардтың бұлшықет талшықтары-мен анастамоздайтын, кең таралған, эндокард астында орналасқан Пуркинье талшықтары арқылы таныс. Өткізуші жүйенің  тармақталуы-мен қозу жүректің жиырылуын шақыра отырып, оның бүкіл бұлшықеттеріне жетеді.

Осындай жолмен жүректің жиырылуын шақыратын импульс синоатриалды түйінде п.б., оң және сол жақ жүрекшенің жиырылғыш миокарды арқылы таралады және атриовентрикулярлы түйінге жетеді. Бұл түйіннен Гис шоғырының импульсі оң және сол жақ қарыншаға өтеді және олардың систоласын шақырады.

 Оқшауланған жүрек.

Жүректің автоматиясын оқшауланған тәжірибеде, яғни бақа организмінен кесіп алынған жүректе бақылаған оңай. Рингер ерітіндісіне салынған бақаның мұндай оқшауланған жүрегі бірнеше сағат бойы, тіпті бірнеше күндер бойы жиырыла алады.

Жасуша қозуының өткізгіш системасы және миокард табиғаты жағынан көлденең – жолақты бұлшық ет сияқты – биоэлектрлік болып келеді. Мембранадағы барлық заряд осы арада әртүрлі концентрациядағы Na мен К ионымен толықтырылып отырады, оның ішкі және сыртқы беткейімен және мембрананың иондар өткізгіштігімен сипатталады.

Тыныштық кезінде кардиомиоциттер мембранасы К ионын өткізеді, ал Na ионы өткізгіштігі нашар. Диффузия нәтижесінде К ионы жасушадан шығып, және оның беткейіне оң зарядты қалыптастырады. Ішкі мембрана сыртқы мембранаға қарағанда теріс зарядты болып келеді. Атипті миокард клеткасы  автоматтылыққа ие, мембраналы потенциал санаулы уақытқа дейін кездейсоқ кішіреюге ие, ол іс-әрекет  потенциалының генерациясына әкеледі.

Жүрек жиырылуының қалыпты ырғағы небәрі бірнеше синоатриалды түйіннің қозған жасушаларымен беріледі, олар нағыз ырғақ жетекшісі немесе пейсмекер жасушалары деп аталады. Осы жасушаларда мембраналы потенциалдың диастоласы кезінде, максимальді мәнге жеткенде, тыныштық потенциялы көлеміне сай, ақырындап төмендей бастайды. Осы кезең – баяу спонтанды диастола деполяризациясы деп аталады.

Ол мембраналы потенциалдың критикалық дәрежеге (40-50 мВ) жеткенге дейін жалғасады, одан кейін іс-әрекет потенциалы туындайды. Іс-әрекет потенциалы синоатриалды түйіннің   пейсмекер клеткаларына аздаған өрлеу тән, онда алғашқы тездетілген реполяризация жоқ, сол себептен әлсіз білдіреді “овершут”,  және ”плато” фазасы.

Автоматияның анатомиялық субстраты және табиғаты.

Қандайда бір ырғақты тітіркендіргішсіз импульстық ырғақтың п.б. жүректің өзге жасушаларынан жеке жасушаны алып байқауға болады. Бұл ағзадан тыс жеке жүрек жасушаларын дақылдандыруда дәлелденген. Осы мақсатпен жас жануардың жүрегінің бір бөлшегін кесіп алады. Мысалы: егеуқұйрықтың, және қысқа уақытқа асқорыту шырынына салады, ол бірінші кезекте жасушадан тыс ақуыздарды қорытады, бірақ жасушалардың өзін қорытып үлгермейді. Осындай жолмен бір-бірінен ажыратқан жасушаларды қан сарысуымен шаяды және 37 градуста кішкентай шыны, әйнек ыдысқа салып қояды.Қоректендіретін материал қызметін атқаратын қан сарысуын периодты түрде аустырып отырады. Біраз сағаттар өткеннен кейін кейбір жасушалар мөлшнрімен 100-ден бірі минутына 10-нан 150-ге дейінгі жилікпен  ырғақты түрде жиырыла бастайды.

Егер дақылдандыруда бірнеше жиырылатын жасушалар болса, онда олардың жиырылуы әртүрлі ырғақты жүруі мүмкін. Бірақ жасушалар арасында анатомиялық байланыс орнаса, жиі жиырылған жасуша ырғағымен өзге жасушалар жұмыс жасайды. Сірә, бұл жасушаның жоғары автоматиямен өзге жасушаның автоматиясына басымдылық көрсеткені. Бірдей жиырылатын жасушалар топтарын 2-ге бөлгенде әрбіреуі әртүрлі жилікте жиырыла бастайды.

Кейбір бұлшықеттік жасушалар  автоматияның анатомиялық субстраты болып табылатынына баяндалған тәжірибелер дәлел. Ол журек автоматиясының миогенді теориясымен үйлесімді келеді.

Балалардағы ерекшеліктері:

1 жаста жүрекше бесенді дамиды, 3-5 жаста қарынша мен жүреше дамуы теңеледі, 10 жаста қарыншалар белсенді дамиды.

Эмбриональды кезеңдегі жүрек ерекшеліктері

  • 8-ші аптада соғуы мин 175 рет
  • 9-шы айда мин 130 рет
  • Жүрек циклының ұзақтығы 0,35-0,48 с
  • Систола диастоладан 10% ұзақ

Сонымен қатар жүректің жасқа сай ерекшеліктерін қарай кетіңіз.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!