Жаралар жайлы түсінік. Амбулаторлы жағдайда жараларға алғашқы көмек көрсету
Жаралар деп кез келген физикалық, химиялық және т.б әсерлерден тіндердің зақымдалуын айтады. Жаралардың пайда болу себебі, оның ауырлығы жайлы мына қосымша материалдан оқыңыздар. Ал бұл жерде біз жара кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек, хирург дәрігердің амбулаторлы жағдайдағы алғашқы көмекгі жайлы айтып кетпекпіз.
Жаралардың жазылуы төмендегі түрге бөлінеді:
Жараның алғашқы тез жазылуы (заживление ран первичным натяжением) асқынусыз жазылған жара деп аталады. Бұған жарада микробтардың болмауы, жараның шеттері бір – біріне жақындап жабысып тұруы қажет. Жазылу орта есеппен 6-8 тәулікте тыртық жіңішке сызықша болып бітеді.
Жараның шеті ашылып, ырсиып, іріңдесе онда ол асқынып жазылады. Жараның бұлай жазылуын асқынып жазылу (заживление ран вторичным натяжением) деп атайды. Бұған себеп жарада өлі тіндердің мезгілімен тазаланып, жоқ болуы, грануляцияның пайда болуы, тыртық тіннің және эпителизацияның болуы шарт. Асқынып жазылу ұзаққа созылады (бірнеше аптаға) тыртығы жуан, дөрекі болып бітеді. Оның тыртықтануынан буынның қимылынан нашарлауы (контрактура), егер тыртық буынға жақын болғанда пайда болады.
Қабыршықтың астындағы жараның жазылуы. Терінің кішігірім жарақаттарында жара бетінде ұйыған қан, лимфадан жұқа қабық (струп) пайда болады. Қабыршықтың астының жазылу процессі жаралардың регенерациялануының жалпы көзқарас қағида бойынша, бірақ едәуір тезірек жазылады, себебі қабыршық жараны микробтардың түсуінен және жарақаттан сақтаушы биологиялық таңғыш қызметін атқарады.
Жараның микробпен ластануы. Әр түрлі кенеттен пайда болған жараның микробпен ластануы жиі кездеседі. Микробтар жараға жарақаттаушы құрал, киім қоқымдарымен бірге, терінің шетінен келіп түседі.
Жарадағы микробтардың өсіп – өнуі үшін микробтардың вируленттігі, жара өзегінің аймағындағы тіндердің, қан айналысының және жүйке жүйесінің қызметінің нашарлауы, дененің қорғаушы күштерінің бәсеңдеуі себеп болады. Микробтардың өсіп өнуі үшін қолайсыз болған жағдайларда микрофлора жоқ болып кетуі мүмкін.
Жараның іріңдеуі. Жарадағы іріңдеу процессінің белгілі клиникалық белгілері болады: жара шеттерінің қызаруы, олардың ісінуі, қатаюы, жергілікті, сондай-ақ жалпы температураның көтерілуі, солқылдап ауыру пайда болуын дененің осы бөлімінің қызметінің нашарлауы байқалады.
Жарадағы ісік экссудаты іріңді ісікке ( қанның ақ түйіршіктерінің санының көбеюі) айналады. Жабық жарада үлкен іріңді ісіктер пайда болып тіндер арасына тарайды.
Іріңдеген жараларды емдеу, іріңнің сыртқа шығуына жақсы жағдай туғызудан және бактерияға қарсы ем жүргізуден тұрады.
Жараланудағы бірінші көмек
Жаралануда бірінші көмек көрсетудің негізгі мақсаты қан ағуды уақытша тоқтату ( байлау, таңу, жгут салу) және инфекцияның түсуінің алдын алу (таңбаны қояр алдында жараның шеттерін йод ерітіндісімен тазалау) болып есептеледі.
Жараға таңғышты қояр алдында дененің осы жеріндегі киімдерді немесе аяқ киімдерді шешу қажет. Киімдерді қосымша жара түсіріп алмай, абайлап шешу керек. Оларды тігісінен кескен мақұл.
Таңғышты қоярда жеке таңғыш пакетін пайдаланған дұрыс.
Қан ағуды уақытша тоқтату және тасымалдау иммобилизациясын жасап науқасты емдеу мекемесіне алыа бару керек.
Дәрігерге дейінгі көмекті мейірбике немесе фельдшер көрсетеді. Егер бірінші көмек оқиға болған жерде дұрыс көрсетілген болса, онда еш нәрсені қайтадан істеудің қажеті жоқ, науқасты арнаулы емдеу мекемесіне апару қажет.Жәрдем көрсетілмеген немесе дұрыс істелмеген жағдайда, жара бар жерді кең ашып, жараның шетіндегі жүнді қыру және шеттеріне йод жағу, сырттан түскен денелерді алып тастау, жгутты қайталап салу және асептикалық таңғыш қойылуы қажет. Кейін науқасқа сіреспеге қарсы сары су жіберу, оны арнаулы емдеу мекемесіне жөнелту керек.
Жараларды емдеу
Жара бетін тазалау және бірден тігу жолы. Жара кішігірім болғанда (сырылу т.б.) немесе көрінерлік ластанбаған жағдайда, шеттері тегіс болып кесілген жарада және тереңде жатқан тіндерді және мүшелерді жарақаттанбаған науқастарға жараның беті тазаланып бірден жіп салынады. Бұны бірден тігу деп аталады.
Жараның айналасындағы жүн қырылады, теріге спирт сүртіледі және йод ерітіндісі жағылады. Егер науқаста тек тері сыдырылған болса, онда асептикалық таңғыш қойылады. Бұл жағдайларда бактерицидтік қасиеті бар БФ – 6 желімін қолданып және таңғыштың қойылмауы мүмкін.
Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу.
Жараны алғашқы хирургиялық өңдеудің негізіне жаншылған жиектері және түбі сау тіндерге дейін (1,5 – 2 см) касіп алынып, жара асептикалық жараға айналады.
Алғашқы хирургиялық өңдеу жараның орналасуына және жарақаттың ауырлығына байланысты, жергілікті немесе жалпы жансыздандыру шаралары жүргізіледі. Жараны тазалау уақытында қан ағу біржолата тоқтатылады. Шеттерін жақындату үшін тері астына кетгут жіптерді және жібек жіптер теріге салынады. Жараның шетіне антибиотиктерді жіберуге болады. Жараларды алғашқы хирургиялық өңдеу жарақаттанғаннан кейінгі бірінші сағаттарда істелінеді. Антибиотиктерді асқазаннан, ішектен тыс қолдану, оны едәуір кеш уақыттарда (бір тәулікке дейін) істеуге мүмкіншілік бар. Жараның ішінде қалта пайда болғанда және инфекцияның өсіп – өну қапі болса, онда жара түбіне резеңкелі түтік қойылады, шетін жақындататын тігістер қойылады немесе жара кешірек тігіледі, жараға асептикалық салфетка салынады. Ісіну құбылыстары жоқ болса, жараны тігу 3 – 5 тәуліктен кейін (бірінші кешіктірілген тігіс) салынады. Жараның ініңдеу жағдайларында, оны қабыну өзгерістері басылғаннан кейін тігуге болады. Осы уақытты жас тамырлар (грануляция) пайда болады. Олар кесіп алынады және жара тігіледі, бұны екінші кешіктірілген тігіс деп атайды.
Беттің, тілдің, қолдардың қанмен жақсы қамтамасыз етілуіне байланысты жараның шеттері аз ғана етіп кесіледі, жіппен тігіледі және керек болса қозғалтпау құрсаулары салынады. Жараға ауғашқы хирургиялық өңдеу жасалғаннан кейін, ондағы жара жақсы жазылса 7 – 8 тәулікте жіптері шешіліп алынады.
Іріңдеген жараны емдеу. Жараларды хирургиялық өңдеу өз уақытында жасалынбаса немесе толық жүргізіомесе, онда жарада іріңдеу пайда болады. Оның клиникалық белгілері: жараның шеттерінің қызаруы, жергілікті және жалпы температураның жоғарлауы, науқастың әлсіреуі жара бар жердің қатты ауырсынуымен сипатталады ( гидратация кезеңі). Бұл жағдайларда жараны жақсылап дренаждау үшін шаралар жасау қажет.
Жараны екінші хирургиялық өңдеу
Бұл үшін, егер жара тігілген болса, олар алынады және жиналған ірің сыртқа шығарылады. Керекті жағдайда іріңнің шығуын жақсарту үшін қосымша қарсы жақтан тесу ( контрапертура) жасалынады. Бұл кезеңде (гидратация кезеңі) үлкендігіне қарай резеңке түтіктер, жолақшалар және жараның ішіндегілерді сорып алу үшін тұзды суға малынған дәкелер пайдаланылады. Антибиотиктерді, ферменттерді, антисептикалық дәрілерді жіберу жүргізіледі. Уланумен күресу, дененің қорғаушы иммундыбиологиялық күштерін нығайту үшін көп мөлшерде сұйықтар жіберіледі, витаминдерге бай жоғары колориялық тағамдар беріледі, қанды аз –аздан бөліп құю жасалады. Өткір өзгерістер тоқталғаннан кейін, майлы таңғыштар қолданылады, таңулар сирек жасалынады, физиотерапиялық шаралар беріледі (дегидратация кезеңі). Жараларды емдеуде денені қозғалтпау үшін құрсаулар салынуы қажет.
Жараланғандарды күтудің өзгешеліктері
Жарақаттанғандарды ойдағыдай емдеу көбінесе оларды күтуге байланысты болады. Негізгі қауіп жараға инфекцияның түсуі болып есептеледі. Тері қабаттарын гигиеналық таза ұстау инфекцияның екінші рет түсуінің алдын алу шарасы болып табылады. Таңғыштың құрғақ болуы және жараны қоршаушы орталықтан оңашалау қажет. Таңғышқа зәрдің, үлкен дәреттің, резеңке жылытқыштағы судың төгілуі жараның іріңдеуіне себепкер болуы мүмкін. Бұндай таңғышты дереу ауыстыру қажет. Қан сіңген салфеткалар алынып тасталынады. Жараның шеттеріне 5% йод ерітіндісі жағылады, томпондар қажет болса, дренаждар да алмастырылады және асептикалық таңғыш қойылады. Операциядан кейінгі кезеңде, ашық жарақаттануларда негізгі емдеу мәселесі жараның операциядан кейін іріңдеуіне жол бермеу болып табылады. Таңғыштар айтарлықтай былғанбаса, оларды жиі – жиі алмастырудың қажеті жоқ. Салфетканың үстіне залалсыздандырылған мақта салынып ол бинтпен бекітіледі. Іріңдеген жараларда таңу күн сайын жүргізіледі, ал науқастың жағдайы көтерсе жиі – жиі байланады. Емдеу гимнатикасын, тазалық режимді жүргізуге, жоғары колориялы тамақпен тамақтандыруға үлкен мән беріледі.
Жараны емдеу
Емдеу түрі жараның туріне, жара процессінің сатысына, орналасуына, инфицирлену дәрежесіне, қосымша ауруларына байланысты жүргізіледі.
Жараны емдеуде ең негізгісі – жараны тазалау және регенерацияға оптимальді жағдай жасау. Азинфицирленген және беткей жаралар амбулаторлық жағдауда емделеді. Антибиотиктер мен жергілікті антисептиктер тағайындайды. Терең жарақаттар жедел квалифицирленген дәрігердің кеңесін ( хирург, травматолог т.б.), сіреспе профилактикасын және кең спектрлі антибиотикторді тағайындауды қажет етеді.
Емдеуде қолданылатын дәрі дәрімектер
Химиялық антисептиктерді жараланған, сонымен қатар жараның мағайындағы сау теріге де жағады. Антисептиктерді ұтымда пайдалану және дұрыс күтім жүргізу инфекциялық процесстің даму қаупін төмендетеді. Көптеген антисептиктердің ішінен тек 5 түрі ғана біріншілік медициналық көмек көрсетуге қауіпсіз және эффективті екені дәлелденді. Бесеуінің ішінде екеуі ғана (этил спирті және повидон) универсиальді болып саналады. Қалған үшеуі (сутегінің асқын тотығы, фенолсодержащие растворы, гексилрезорцин және аммиак ерітіндісі) алғашқы көмекке ғана арналған.
Антибиотиктер. Жарада инфекцияның дамымауы үшін антибиотикті сыртқа қолдану жеткілікті. Оларға тетрациклин, бацитрацин, неомицин, полимиксин сульфаты және комбинирленген антибиотиктер жатады. Егер антибиотикті жарақаттан кейін 4 сағат ішінде инфицирленген жараға жақса, қабыну қатерін, ауырсынуды төмендетуге, жараның жазылуын тездетуге мүмкіншілік жоғары. Антибиотикті тек қана тазаланған жараға жағу керек.
Мазьды жағынды
| Қолдануға көрсеткіштер |
5% Диоксидин
| Жара және күйік инфекциялары, беткей және терең іріңді жара, трофикалық жара, остеомиелит кезіндегі іріңді жара, операциядан кейінгі жаралар. |
Диоксиколь | Іріңді процесстің бірінші (іріңді – некротикалық) сатысындағы іріңді жара. |
Левосин
| Әр түрлі этиологиялы инфицирленген терілік жарақаттар. |
Левомеколь
| Іріңді процесстің бірінші (іріңді – некротикалық) сатысындағы аралас флорамен инфицирленген іріңді жара. |
10% Синтомицин линименті
| Іріңді жара, терінің іріңді – қабыну аурулары, фурункул, ұзақ жазылмаған трофикалық жаралар, ІІ-ІІІ дәрежедегі күйік. |
0,1% Гентамицин
| Стафилококк және стрептококк шақырған тері аурулары, терінің вирусты инфекциямен екіншілік зақымдалуы, инфицирленген варикозды жара |
Гиоксизон
| Терінің іріңдіктері, экзема |
10% Метилурацил | Жара, күйік, трофикалық жарақат. |