Кіндік сулануы (катаральды немесе серозды омфалит) – кіндік жарасынан серозды бөліністің пайда болуымен және эпителизациясының баяулауымен сипатталатын патологиялық үрдіс.
Көбінесе ауру нәресте өмірінің екінші аптасында пайда болады. Оның қоздырғышы: стафилококк, ішек таяқшасы, стрептококк және басқа патогенді флора.
Симптомдары
- «Кіндік сулануы» – бұл жиі кездесетін және ең жеңіл ауру формасы. Көптеген жағдайларда нәрестені перзентханадан шығарғанда кіндік жарасын қанды қатпар жабады, ол белгілі бір уақыттан кейін жоғалады және нәресте өмірінің екінші аптасына таман эпителизацияға ұшырайды – бүкіл денені жабатын тінмен жабылады.
- Қабынулық процесс болғанда, кіндік жарасы баяу жазылады,одан серозды бөлініс бөлінеді.Кіндік сақинасының шамалы қызаруы болуы мүмкін. Жара кезеңді түрде қатпармен жабылады ,ал оның астында аз мөлшерде шырыш жиналады.
Кіндіктің ұзақ сулануы кіндік жарасының түбінде саңырауқұлақ формалы (кіндік фунгусы) шамадан тыс түзілістер пайда болуына әкеледі, оның әсерінен оның жазылуы баяулайды. Көбінесе катаральді омфалит кезінде нәрестенің жалпы жағдайы нашарламаған, кейбір жағдайларда температураның шамалы көтерілуі анықталады ( 37,5°С – қа дейін).
Сонымен «кіндік сулануы» негізгі себептері:
- Кіндік жарасының ұзақ жазылмауы (нәресте өмірінің екі аптасынан жоғары);
- Кіндік жарасынан шырышты бөлінділердің пайда болуы;
- Тұрақсыз белгі – кіндік сақинасының шамалы гиперемиясы.
«Кіндік сулануын» дұрыс емдемегенде, сонымен қатар баланы күтудегі санитарлы-гигиеналық шаралардың орындалмауы кезінде катаральді омфалит ауыр ағымды іріңді формаға ауысуы мүмкін.
Омфалит диагностикасы. «Кіндік сулануы» диагностикасы қиындықтар тудырмайды. Ол сипаттамалы жергілікті көріністерге негізделген.
Алдын алу.
- Омфалит профилактикасы кіндік жарасын дұрыс күтуге негізделген. Оны өңдеу кезінде міндетті түрде стерильділік сақтау керек. Кіндік жарасын өңдеу баланы шомылдырғаннан кейін жасалады.
- Түзілген қатпарларды алуға қатаң тиым салынады, себебі оның нәтижесінде қанталау болуы мүмкін. Жазылғаннан кейін кіндік жарасын өңдеу қажет емес.
Сулы кіндік немесе омфалит емі
- Серозды омфалит кезінде кіндік жарасын алдымен сутегінің асқын тотығы ерітіндісімен жуу керек және сонан соң антисептиктердің бірімен күніне 3-4 реттен кем емес өңдеу (70% спирт, бриллиант жзасылы).
- Алдымен жараға стерильді пипетка арқылы 3%-тік сутегі асқын тотығының бірнеше тамшысын тамызады. Сонан соң кіндік түбін және оның бетін мақталы тампонмен құрғатады. Содан кейін жараға антисептикалық ерітінді енгізіледі.Кіндік фунгусын күміс нитратымен күйдіреді, немесе калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен ванналар жасайды.
- Басқа омфалит формаларындағыдай «кіндік сулануында» емдеудің физиотерапевтикалық әдістерін қолдануға болады: гелий-неонды лазер, кіндікті ультрафиолетті сәулелендіру, СВЧ – және УВЧ-терапия жүргізу.