Ми жұлын сұйықтығының айналымы. Ликвор, құрамы, қалыпты көрсеткіші
Жұлын ми сұйықтығын зерттеу тарихы.
Цереброспиральды сұйықтығын зерттеуді 2 кезеңге бөлуге болады:
- Сұйықтықты тірі адамнан және жануардан алғанға дейін;
- Алғаннан кейін.
Бірінші кезең анатомиялық болып табылады. Ол кезде физиологиялық көзқарастар сұықтықпен тығыз байланысты жүйке жүйесінің анатомиялық қарым-қатынасына негізделген.
Бұл қорытындылар негізінен мәліметтерге жүргізілген зерттеулерге сүйген. Бұл кезеңде (ликвор) жұлын сұйықтығының анатомиясы және физиологиясы туралы көптеген құнды мәліметтер алынды. Бірінші болып ми қабаттарын қатты және жұмсақ ми қабаттарын, ми беткейіндегі тамыр торларын, қатты ми қабаттарының синустарын және олардың қосылуын ашқан б.ғ.д. ІІІ ғ. Герофил Александрийскийден кездестіреміз. Осы ғасырда Ерозистрат ми қарыншаларын және бүйір қарыншаларды ІІІ қарыншамен байланыстыратын тесіктерді ашқан. Ликвар аймағын ашқан Гален болып табылады. Ол алғаш ми қабаттарын және ми қарыншаларын терең зерттеген Гален бойынша мида 2 қабат болады: жұмсақ (membrana fenius) миға жабысқан және көп тамырлары бар және тығыз (membrane dura) қаңқаның кейбір бөліктеріне жақын жатқан жұмсақ қабат қарыншаларға енеді. Гален айтуы бойынша омыртқа жотасының қозғалыс барысында қорғап тұратын 3-ші қабат болады. Гален ми қабаттары арасында қуыс барын тесікке шығарада, бірақ ол пульс әсерінен болады деп ойлайды. Гален айтуы бойынша алдыңғы қарыншалар артқы (IV) қарыншаларымен байланысады. Қарыншалардың артқы, бөгде заттардын тазаруын мурын жи таңдай шырышына бағытталған тесіктер арқылы іске асады. Бірақ Гален қарыншалар ішінен сұйықтық таппаған. Оның пікірінше олар жануар жанымен толтырылған.
ХVІ ғасырда Везалий де Гален ашқан қарыншаларды ашқан, бірақ ол алдыңғы қарыншаларда өрім бар деп айтқан. Қарыншалардан сұйықтық таппаған. Варомей тамыр өрімімен бөлінетін сұйықтықпен қарыншалар тайырылған деп ойлаған.
1891 жылы Эссенс Уинтер және Квинке алғаш рет мамбальды пунция арқылы цереброспинальды сұйықтықты алған. Осы жылдан бастап цереброспинальды сұйықтықтың зат алмасу және қорғаныс процессіндегі ролі туралы зерттеле бастады.
Ликвор туралы жалпы мағұлмат
Ликвор ми және жұлындағы субарахнойдальды аймақтағы ликвор өткізгін жолындағы, ми қарыншаларында жүретін сұйықтық. Ағзадағы ликвор мөлшері – 200-400 мл. ОЖЖ—де ликвор айналысы 3 негізгі звеноны құрайды.
- ликвор өндірілу
- ликвор айналысы
- ликвор ағуы
Ликвор қозғалыс тербелу арқылы кезеңді түрде әр түрлі жылдамдықпен (тәулігіне 5-10 рет) жаңарып отырады,. Ол ағзадағы физиологиялық процестердің тербеліс күніне, онж-ға тәуліктік күш түсуіне байланысты. Мида ликвордың таралуы.
Әрбір бүйір қарыншада 15 мл ликвор болады; ІІІ, ІV қарыншада Сильвиев суөзегімен бірге 5 мл ликвор болады; церебральды субарахнойдальды аймақта – 25 мл; жұлында – 75 мл. Нәрестелер мен ересек балаларда – 40-60 мл, кіші балаларда 60-80 мл, ересек балларда – 80-100 мл.
Жұлын-ми сұйықтығының түзілуі
Көптеген жұмыстардың авторлары жұлын сұйықтығының пайда болуы жылдам деген көзқарасты терістейді. Бұл гипотеза (жұлын сұйықтығы және бас сүйегінің сынуы кезінде ағуын бақылау, қарыншаны, тор кеңістігін дренаттау және тор асты кеңістігінен түрлі сұйықтың бөліну жылдамдығы ) соматикалық жағдайдың бұзылуына байланысты. Сұйықтықтың пайда болуын зерттеу үшін хронологиялық фистула ойлап шығарылды. Мұнда тор асты кеңістігінде бірнеше тәулік бойы ешбір қосарлы әсер етусіз сұйықтықты жүйелі түрде жинайды. Бұл сияқты хронологиялық тәсілдер сұйықтықтың біркелкі ағатынын немесе белгілі бір циклмен өте ұзақ уақыт ағатынын байқатады. Оның толық жаңаруы тәулігіне бір рет болады. Сұйықтықтың пайда болудың ұдайы көзі мидың тамырлар байламдары да, қатысушы тамыр қабықшасы болып табылады. Онда негізінен ірі артериялар мен қарыншалары жұлын заттарына толы түрде жүреді.
Сұйықтықтың пайда болуына эпендима да қатысуы мүмкін. Эпендима негізінде кеңінен тарамдалған капиллярлық торлар орналасқан. Эпендиманың 1см жоғары қабатына 0,35см аталған тор қабаты келеді, бұл жұлын сұйықтығының пайда болуына жеткілікті. Тамыр байламдары қарынша және тор асты кеңістіктер жүйесінде капиллярлық ағын күшдті дамуға жететін бірден – бір бөлік болып табылады. 1см тамыр байламдарына 2см капиллярлар қабаты дәл келеді. Жұлын-ми сұйықтығының эпителиалды клеткалар арасында қозғалады. Жұлын-ми сұйықтығы бұл қозғалысы оның табиғаты туралы мәселені шешуі ми сұйықтығы оның тамырлары арқылы өтетін фильтрациясына пайда болу негізі. Бұл шешім бірнеше бақылаулар арқылы дәлелденді:
- жұлын-ми сұйықтығының құрамына қандағы болатын заттар кіреді.
- Жұлын сұйықтығында химиялық құрамында қан құрамынынң өзгерісіне байланысты өзгереді.
- Осмотикалық қысымның өзгеруі жұлын сұйықтығының концинтрациясына және санына тез беріледі.
- Жұлын сұйықтығының пайда болуы гидростатикалық қысымға байланысты және т.б.
Жұлын сұйықтығын жұлын қарыншасында пайда болғанда тор асты кеңістігіне қарай қозғалады. Бұл жұлын сұйықтығының қорғанысы туралы ұғым әрекеті. Қазіргі уатытта циркуляцияның бірнеше нұсқаулары берілген:
- қарыншадан кадуальді түрде жұлын арқылы жоғары қарай жартылай шар бойымен
- краниальды бағыт бойынша жұлын арқылы және жарты шармен төмен қарай
- екі бағтта да бір уақытта
- жұлын сұйықтығы қозбалмайды.
Бұл шешімдер сүйенетін эксперименттерде, қорытындысында ешұайсысында дәл атайтындағыдай емес тек беткі қабатымен ған жанасып өтетіні дәлелденген.
Көптеген ғалымдардың жұмыстарында жұлын сұйықтығын созылуы туралы мәселе орвн алады. Тәжірибелі түрде дәлденгені спинальдық нервтердің периневральды кеңістігінде физилогиялықжағдайда жұлын сұйықтығының ағуы байқалмайды.Жұлын сұйықтығының бассүйек нервтерінің периневральдық кеңітігі арқылы сіңуі жүрмейді. Жұлын сұйытығының сіңуінде қантамырлары, тамыр қабықшалары және тамыр торамдарының қатысуы дәлденген.
Ми-жұлын сұйықтығының атқаратын негізгі қызметтері:
- Мидің жасушалары мен қан жасушаларының арасын байланыстырады.
- Нейрондарға ми-жұлын сұйықтығы арқылы қоректік заттар түседі.
- Нейрондарды тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған керексіз заттардан тазартады.
- Ми нейрондарын бір-бірімен гормондар, әртүрлі метоболиттер (адреналин, гистамин, серотонин) арқылы байланыстырады.
Ми-жұлын сұйықтығы түссіз мөлдір сұйықтық. Бас ми жұлын ауруларында оның түсі, қысымы өзгереді.
Адамдағы ликвор түзілу жылдамдығы
Кейбір авторлардың пікірінше ликвор 6-7 тәулік ішінде жаңарып отырады, басқалардың пікірінше 4 рет. Яғни, тәулігіне 800-900 мл өндіріледі. Weigeid пікірінше толық алмасу 3 күн ішінде болады. Бұл әртүрлі мәліметтердің болуы әртүрлі әдістермен зерттелудің әсерінен. Ликвордың өндірілуі әртүолі себептерге байланысты өзгеріп отырад: хоғ.онж. жағдайына байланысты, физикалық және ойға күш түсуге байланысты.
Қан және лимфо айналысы ішілген сұйықтық пен қабылданған тамақ мөлшеріне байланысты. 8-10 мл алу керек; ал басқа авторлар 10-12 мл, тағы басқалары 5-8 мл ликвор алу қажет дейді.
- Лабораторияның қазіргі талаптарына сай толық зерттелу үшін 7-9 мл қажет.
- Морфиялық зерттеу – 1 мл
- Ақуызды анықтау – 1-2 мл
- Глобутид анықтау – 1-2 мл
- Коллоидты реакция – 1 мл
- Серологиялық реакция (Вассерман) – 2 мл
- Ликвордың min мөлшері – 6-8 мл, mах – 10-12 мл
Ликвордың жастық өзгерісі
Tassovatr Г.Д. Аронович мәліметтері бойынша жетіліп туған нәрестелерде туғанда ликворы мөлдір, сары түсті (иснтохмания) болады. Ликвордың сарғыштығы нәрестелердің сарғыштығымен дәл келеді. Формалық элнменттердің саны мен мапасы ересек адамдардікімен сәйкес келмейді. Эритроциттерден басқа (30-60 мм) бірнеше мың лейкоциттер табылады, оның 10-20 % лимфоциттер, 60-80 % макрофагтар құрайды. Жалпы ақуыз мөлшері 40-60 мл % жоғары болады. Ликворк тұрған кезде бетінде мөлдір пленка түзіледі менингиттегі сияқты ақуыз жоғарлауымен қоса көмірсу алмасуы бұзылады. Нәрестенің алғашқы 4-5 күні жиі гипоглинемия байқалады, нерв жүйесінің көмірсу алмасуын реттеудің жетілмегендігін білдіреді. Ми ішілік каннибрлер, әсеріне бүйрек үсті қан кетулер гипоглинемия бейімділікті жоғарлатады.
Шала туған нәрестелерде, ұрық жарақатымен болған босануларда ликвордың бірден өзгерісін байқауға болады. Мысалы: нәрестелердің миға қан құйылуларында 1-ші тәлігінде ликворда қан араласқанкөруге болады. 2-ші 3-ші тәлігінде ми қабығы жағынан асептикалық реакцияны байқауға болады: гиперальбуминоз және эритроциттері мен нуклеорлары бар плеоцитоз. 4-7 күні ми қабаты ми тамырлардағы қабыну реакциясы басталады.
Ликвордың қасиеті мен құрамы
Пункция арқылы алынған цереброспинальды сұйықтық яғни мамбальды ликвор – қалыпты жағдайда мөлдір, түссіз, тұрақты салмағы 1.006-1.007, вентрикулярлы ликвор – 1,002- 1,004. Цереброспинальды сұйықтықтың тұтқырлығы қалыпты жағдайда 1,01-ден 1,06-ға дейін өзгеріп отырады. Ликвор әлсіз сілтілі реакция: ph 7,4-7,6. Ликвор организмнен тыс бөлме температурада ұзақ ұстаса ph жоғарыЖұлынның субарахноидалдың қабатында сұйықтықтың t-37-37.5 C.
Цереброспинальды сұйықтық қан сары суымен химиялық құрамы ұқсас болып келеді: 89-90%-су, 10-15% құрғақ зат, ол ми метаболизмге қатысады.
Цереброспинальды сұйықтықтағы органикалық заттар: ақуыздар, аминқышқылдары, көмірсулар, гликопротеидтер және липопротеид. Органикалық емес: фосфор және микроэлементтер. Цереброспинальды сұйықтықта қан сарысуымен салыстырғанда хлоридтер магний жоғары, бірақ глюкоза, калий, кальций, мочевина аз.
Қанттың махсимум мөлшері вентрикуларлы цереброспинальды сұйықтықта бар, аз мөлшері жұлынның субарахноидальды қабатында болады. Қанттың 90%-ін глюкоза, 10%-ін декстроза құрайды.
Қалыпты жағдайда клеткалардың саны (цитоз) 3-4 1мкл аспайды, ол лифоциттер, арахноэндотелий клеткалары, ми қарыншаларының эпеидимасы, полибласттар (бос макрофагтар). Науқас бір бүиірімен жатқанда жұлын – ми өзегіндегі ликвор қысымы 100-180 мл –ді құрайды, отырғанда 250-300 мм суб жоғары. Балаларда цереброспинальды сұйықтың қысымы ересектермен салыстырғанда төмен.
Қалыпты жағдайда ликвордың биохимиялық көрсеткіштері ликвор түзілуші 1-ші механизімі: безді клеткалардың белсенді секреция жолы арқылы ми қарыншаларының тамырлы өрімімдерінен түзіледі. Ми қарыншаларында орналасқан тамырлы өрім мидың жұмсақ қабатының туындысы болып табылады.
Тамырлы негіз
Төртінші қарыншаның тамырлы негізі мидың жұмсақ қабатының қатпары болып табылады, ал үшбұшты пластинка тәрізді. Тамырлы негізде төртінші қарыншаның тамырлы негізгін құрайтын қан тамырлары тарайды. Бұл өрімде: ортаңғы қиғаш-көлденең,көлденең бөлігін ажыратады. Төртінші қарыншаның тамырлы негізі алдыңғы артқы шашақты өрім түзеді. Үшінші қарыншаның тамырлы негізі жіңішке пластинка тәрізді, ол он және сол таламустың ортасында, күмбез астында орналасады. Оны ми күмбезімен сүйелді денені алып тастаған кезде көруге болады. Оның пішіні үшінші қарыншаның өлшемі мен пішініне байланысты.
Үшінші қарыншаның тамырлы негізінде үш бөлімді ажыратады: ортаңғы таламус сызықтың ортасында, бүйір таламустың жоғарғы беткейін жабатын, сонымен қатар оң және сол, жоғарғы және төмеңгі бөлімдері болады.
Ликвор айналысы
Ликвор айналысы – үнемі жиріп отырады. Ол мидың бүйір қарыншаларынан Монро тесігі арқылы үшінші қарыншаға барады, одан кейін Сильвиев су өзегінен төртінші қарыншаға құяды.
Қалыпты ми-жұлын сұйықтық айналымының бұзылуы
Үлкен шарты шар миының ісігі бүйір қарыншаны қысуы мүмкін, Монро тесігін жауып және сұйықтықтың келуін тоқтатады. Гипофизарлы облыс немесе үшінші қарыншада орналасқан ісік үшінші қарыншаны басып, гидроцефалияға алып келуі мүмкін. Артқы ми тесігінің ісігі ми-жұлын сұйықтығын бөгеп, жиналады. Ісіктің қарыншаларды басуына шиедей мөлдерде болуы жеткілікті. Сонымен бірге ісіктің болуы бассүйектің ішкі қысымын тудыруы мүмкін. Негізгі белгілері бас ауыруы, құсады, бас айналу, және т.б.
Гидроцефалия – бассүйекте ми-жұлын сұйықтығының мөлшері көбеюі.
Нәрестелерде гидроцефалия басының үлкеюі, бассүйек жамылғыларының күре тамыр ау асты сызылу және көз түсіру ( кірген күн симптомы ); бас көлемі бірте-бірте үлкейе , гигантикалық мөлшерлерге жете алады ( бассүйек шеңбері 60см және одан көбірек ).
Бассүйек жүйкелерінің салдары жиі кездеседі, көзу қабілетінің төмендеуі көру жүйкелерімен орайлас. Аяқта көбінесе бұзылу кездеседі. Ауыр жағдайларда артта қалушылық боып жатады.
Ересектерде гидроцефалия бас ішіндегі қысымның жоғарлау белгілерімен сипатталады: бас ауру, құсық, бас айналу. 17-18 жаста аурудың шығуы бас мөлшерінің ұлғаюы байқалмайды.
Гидроцефалия дамыған бассүйектерде жасқа байланысты рентгенограммасы өзгерген. Компьютерлік томография және вентрикулографиямен ми қарыншаларының үлкеюі, ми заттарынң атрофиясын байқаған. Нәрестелерде гидроцефаияны бастың рахиттік үлкеюінен айры білу керек. Ересектерде ми-жұлын сұйықтық айналымының бұзылу – гидроцефалияның шығу себебтерін білу керек, алдымен – ми ісігін уақытында білу.
Емделуі. Бассүйек ішіндегі қысымды төмендету үшін диуреттер, гликокортикоидты гормондар, глицерин тағайындайды. Хирургиялық емдеу жолы: нәрестелерде ми-жұлын сұйықтығын қайтарудың басқа жолдарын қарастыру қажет. Ересектерде жою арқылы жүзеге асады. (ми ісік ауруы т.б.). Нәрестелерде гидроцефалияны алдын алу жолдары аз, және қиын және шығу себептері алі белгісіз.