Сүйек аралық байланыстар. Буындар

Адам қаңқасының сүйек аралық байланыстарын зерттейтін ірі тұлғалы ілімді артрология-artrologia, деп атайды.

Сүйек аралық байламдар, буындар, шеміршектік және сүйектік ткандар байланысы мен адам қаңқасын құрайтын сүйектер жиынтығы, құрылысы мен қызметі өте күрделі жүйені құрайды. Бұл жүйенің негізгі қызметі: адам қаңқасының дара орналасқан сүйектерін бір-бірімен жақындастыру, байламдар мен буындар арқылы сүйектердің азды көпті қозғалысын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, сүйек аралық байланыстардың ішкі қүрылымы олардың иілгіштігі, созылмалығы және буындарда болатын қозғалыстың көлемі, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты.

Сүйек аралық байланыстардың жіктелуі

Эмбрионалдық дамуына байланысты сүйек аралық байланыстардың үш түрін ажыратады.

  1. Үзіліссіз байланыстар -synartrosis, сүйек аралық байланыстардың байырғы түрі болып саналады. Байланыстардың бүл түрінде сүйек аралық қуыс болмайды. Олар өзара үздіксіз дәнекер тіндер немесе сүйектік ткандар арқылы байланысқан.
  2. Үзілісті байланыстар, diarthrosis, немесе синовиальды байланыс, junctura synovialisHeMe-се буындар, articulatio, деп аталады. Бұл байла-ныстардың үздіксіз байланыстан айырмашылығы: аралығында сүйекаралық саңылау, ішкі беті синовиалды қабатпен көмкерілген, буын қапшығы мен буын беттерінен тұрады.
  3. Жартылай үзілісті байланыстар, hemiarthrosis, немесе симфизді, symphisis, байланыстар деп аталады. Байланыстың бұл түрінде үзіліссіз және үздікті байланыстарға тән қасиеттер де кездеседі.

Сүйек аралық үзіліссіз байланыстар

Үзіліссіз сүйек аралық байланыстар, synartrosis, өте берік, серпімді, қозғалысы мардымсыз байланыс. Бұл байланыстардың сүйек аралық ткандардың түр ерекшеліктеріне қарай үш түрін ажыратады: фиброздық; шеміршектік; сүйектік байланыстар.

Фиброздық байланыстар, articulationes fibrosae, берік және тығыз орналасқан талшық­ты дәнекер ткандардан тұрады. Фиброзды байланыстардың үш түрі болады. Синдесмоздар, бір сүйектің тканы екінші сүйектің тканына терең ену қосылыстары және жіктер арқылы байланыстар жатады.

1. Синдесмоз, sindesmosis, деп сүйектердің дәнекер ткандар арқылы байланысын атаймыз. Сүйек аралық дәнекер тканды байланыстар, ткандардың беріктілігі мен созылмалы қасиеттеріне байланысты: созылмайтын берік коллагендік дәнекер ткандар мен созылмалы элластикалық дәнекер ткандарға бөлінеді. Созылмайтын берік коллагендік дәнекер ткандарға: байламдар, сүйек аралық жарғақ пен жіктер жатады.

а)  Байламдар, ligamentum, деп, ірі талшықты, созылмайтын дәнекер ткандық шоғырларды немесе табақшаны атаймыз. Негізгі қызметі: бір сүйектен екінші сүйекке қарай өтіп, буында болатын қозғалыстарды тежеу және буын қапшығының беріктігін сақтау. Сонымен қатар, омыртқа доғаларының аралығында, созылмалы эластикалық дәнекер тканнан тұратын сары түсті байлам, ligamentum flava, кездеседі. Эластикалық ткандар, сары түсті болып келгендіктен сары түсті байлам деп аталады. Сары түсті байламның негізгі қызметі: иілгенде созылып, жазылғанда керісінше қысқарып, омыртқа бағанасының қозғалысын реттеу.

ә) Сүйек аралық жарғақ, membranae interosseae, созылмайтын берік ірі талшықты дәнекер ткандардан тұратын табақша. Олар ұзын сүйектердің бойында орналасқан. Негізгі қызметі: сүйекаралық қашықтықты бірдеңгейде ұстау мен қатар, бұлшықеттердің басталатын орны болып саналады.

б)  Сүйек аралық жік, suturae, фиброздық дәнекер тканның бір түрі болып саналады. Ол бас сүйектің жиектерінің бойында орналасқан. Жіктердің түр ерекшеліктеріне қарай: қабыршақтық жікке, suturae squamosa, тісті жікке, sutura dentata, және сыртқы пішініне қарай: тәжді жікке, sutura coronalis, Сагитадды жікке, sutura sagitalis, және гректің” X “ламбда әріпіне ұқсап орналасқан ламбда тәрізді жіктерге, sutura lambdoidea, бөлінеді. Адамның жасы ұлғайған сайын бұлжіктер сүйектік тканға ұласады.

в) Tic альвеолярлық байланыстар, articulationes dentoalveolaris, сыртқы беті периодонт тканымен көмкеріліп тістердің түбірлері мен жақ сүйектерінің альвеолярлық ұяшықтарының аралығындағы қосылыс. Мұнда, тістердің түбірлері тығыз дәнекер ткандар арқылы байланысқан. Қартайған шақта, бұл ткандар сүйектік тканға ұласуына байланысты тіс түбірінің орналасуына немесе босаңсуына ықпал етеді; Ол дәнекер тканды байланыстың ерекше бір түрі болып саналады.

2. Сүйектердің шеміршектік ткандар арқылы байланыстары, articulationes cartilagineae seu synchondroses, ол өсіресе балалар мен жас өспірімдердің қаңқаларында кең көлемде кездеседі. Мысалы: түтіктәрізді сүйектің денесі мен эпифиз аралығында, омыртқа денелері мен сегізкөз омыртқаларының аралығында, сүйектердің буын беттерінде т.б. жерлерде орналас­қан. Сүйек аралық мұндай байланыстар өзінің беріктілігімен, аз қозғалғыштығымен және терең қабатында орналасқан эластикалық ткандардың әсерінен серпімділігімен сипатталынады. Сонымен қатар, буында байқалатын қозғалыстың көлемі, буын аралығында орналасқан шемір-шектік тканның тығыздығына және қүрылымы-на байланысты.

Сүйек аралық шеміршектің жас ерекшеліктеріне байланысты, тұрақты және тұрақсыз болып екі топқа бөлінеді. Егер сүйек аралық шеміршек өмір бойы сақталып келсе, мұндай шеміршекті байланыстарды тұрақты шеміршекті байланыс деп атайды. Мысалға: шеміршекті буын беттері кейбір мойын, кеуде, беломыртқа-ларының денелері мен төс сүйегі және төс бөліктері аралығындағы шеміршектік байланыстары және т.б

Егер сүйек аралық шеміршектік байланыстар, белгілі уақытқа дейін сақталып келсе, мұндай шеміршектік байланыстар тұрақсыз шеміршекті байланыстар деп аталады. Мысалға: сегізкөз омыртқаларының аралық дискілерінің сүйектік тканға айналып, дара сегізкөз сүйегін құрауы және жамбас сүйектерінің аралық ше-міршектерін мысалға келтіруге болады.

Сүйектің үздікті байланыстары мен буындары

Сүйектің үздікті байланыстары, diarthrosis, немесе буындар, articulatio, деп атайды. Ол сүйек аралық байланыстардың ішіндегі көптен өріс алған, қозғалмалы байланыстардың түрі болып саналады. Буындарды құрауға қатысушы сүйектердің санына байланысты: жәй және күрделі буындарға бөлінеді. Жай буын, articulatio symplex, екі сүйектің буын бетінен құралса, күрделі буын, articulatio composite, бірнеше сүйектердің буын беттерінен тұрады.

Сонымен қатар, буынды құраушы элементтердің түр ерекшеліктеріне қарай негізгі және қосымша болып бөлінеді.

Буындардың негізгі элементтеріне: буын бетінің шеміршегі, буын қапшығы және буын аралық саңылау немесе қуыстығы жатады.

1. Буын бетінің шеміршегі, cartilago articularis, гиалин шеміршегінен немесе дәнекер тканды шеміршектен түрады. Қызметі: буын қуыстығына қараған сүйектердің буын бетін
көмкеріп, буында болатын үйкелісті азайту мен қатар, салмақты жеңу қызметін атқарады. Буын шеміршегінің перифериялық бөлігі орталық бөлігіне қарағанда биіктеу болып келеді.

2. Буын қапшығы, capsula articularis, олбуын бетінің айналасынан шеңбер бағытымен басталып, тұйықталынып, саңылаусыз орналасқан қабықша. Буын қапшығының негізі ірі талшықты дәнекер тканынан және синовиальды қабаттантұрады.

а) сыртқы фиброзды қабаты, tunica fibrosa, өте тығыздау болып орналасқан дәнекер ткандардан тұрады.

Қызметі: буын қапшығының беріктігін сақтау.

б) Синовиальды қабаты, tunica synovialis, немесе синовиальды жарғақ, membranasynovialis, деп аталады. Ол сыртқы фиброзды қабықша-ның ішкі қапталында орналасқан. Синовиальды қабықша деп аталусебебі, бойынан сарғыштүсті синовий, synovia, сұйықтығын бөледі Қызметі: а) буынның қозғалысы кезінде үйкелісті азайту. ә) екіншіден буын бетінің шеміршектік тканын қоректендіру, б) үшіншіден синовиальды сұйық-тықтың қоюлығына және оның жабысқақтығы-на байланысты буында болатын қозғалысты өзгерту.

Синовиальды қабықшаның буын қуысына қараған бетінің көлемі, синовиальды қабықшаға байланысты болып қоймай, синовиальды өсінділерге де, villisynoviales, байланысты.

3. Буын аралық қуыстық, cavitas articularis, немесе сыртқы ортамен байланыспайтын, ішінде синовий сұйықтығы бар тұйық қуыс.

Буындардың қосымша құрамалары

Буынды құраушы сүйектердің буын беттері әр уақытта сәйкестік жағдайда орналасуы қажет. Буынды құраушы сүйектердің буын бет-гері сәйкестік жағдайда орналаспаса, онда бу-ынның қалыпты жағдайдағы қозғалысын қамтамасыз ету үшін, қосымша буын құрамалары-мен толықтырылады.

Буынның қосымша құрамаларына: буын байламдары, ligamentum аіііси1аге,бүын дискі-лері, disci articulares, буын менискілері, menisci articulares, буын еріндері, labium articulares, самай сүйектері, ossa sesamoidea, май қатпарлары, plica adiposumr.6. жатады.

1. Буын қапшығының байламдары, ligamentum capsulare, құрамы өте тығыз және мықты болып келген ірі талшықты дәнекер ткан-дардантұрады. Негізгі қызметі: буын қапшығы-ның беріктігін сақтаумен қатар, буында болатын қозғалыстың бағытын реттеу. Буын қапшығы байламының топографиялық орналасуына қарай: буын қапшығының сыртқы байламына, ligamentum extracapsular, буын қапшығының терең қабатында орналасқан байламдарға, ligamentum capsulare және қапшық қуысының ішінде орналасқан байламдарға, ligamentum intercapsulare, бөлінеді. Буындардың барлығын-да буын байламдары болуы қажет.

Сыртқы буын байламдарының қызметі: буын қапшығының жыртылуынан немесе зақымдану-ынан сақтау болса, ішкі буын байламының негізгі қызметі: буын беттерінің аралық үйлесімділігі мен сәйкестігін сақтау.

2.  Буын дискілері, disci articulares, терең қабаты көішгілік жағдайда гиалин шеміршегінен, кейбір кезде ірі талшықты шеміршектік тканнан тұрады. Буын дискілері, буынның алшақ орна-ласқан буын беттерін бір-біріне жақындасты-рып, үйлесімдендіреді. Дискілердің айналасы буын қапшығы мен бірігіп, буын қуыстығын өзара жоғарғы және төменгі қабатқа бөледі. Қызметі: біріншіден буынның буын беттерін бір-біріне жақындастырып, үйлесімді жағдайға кел-тірсе, екіншіден буында, болатын өзіне тән қоз-ғалыстың көлемін арттырады. Мұндай, буын аралық дискілер төс-бұғана буынында, самай-төменгі жақ т.б. буындарда кездеседі.

3. Буын менискілерінің, menisci articularis, буын дискілерінен айырмашылығы: біріншіден дискілер тәрізді біркелкі табақша тәрізді болып орналаспаған, екіншіден жоғарғы беті ойыстау және жарты ай тәрізді болып келген, үшіншіден менискінің сыртқы бөлігі қалыңдау және биік-геу болып келсе, орталық бөлігі үздікті орналас-қан, төртіншіден менискі арқылы буын қуысы өзара бір-бірімен жалғасқан жоғарғы және төменгі буын қуысы қабатына (этажға) бөлінеді; бесіншіден менискілердің қызметі дискілер си-яқты буын беттерін үйлесімдік жағдайға келтіріп, қозғалысты жеңілдетеді.

4.  Буын еріндері, labium articulare, буын ойысы буын басының бетіне сәйкес келмеген жағ-дайда, буын ойысын үйлесімді жағдайға келтіріп тереңдету үшін, буын ойысының жиектерінде орналасқан тығыз ірі талшықты дәнекер ткан. Буын еріндері: иық, жамбас буындарында кез-деседі.

5.  Сонымен қатар, буындардың буын беттері өзара сәйкес келмеген жағдайда, буындар май қатпарлары және сесама сүйектерімен толықтырылады. Май қатпарлары буын бетін үйлесімді жағдайға келтірсе, сесама сүйегі қозғалысты жеңілдету қызметін атқарады.

Буын механикасы

Буындардың буындық беттері, сыртқы пішініне және буында болатын қозғалыстың көлеміне қарай: шар тәрізді буындарға, articulatio spheroidea, жалпақ буындарға, articulationes ріапае, элипс тәрізді буындарға, articulatio ellepsoideae, ершіктәріздібуындарға, articulatio sellaris, цилиндртәріздібуындарға, articulationes trochoideae, шығыртәріздібуындарға, articulatio ginglymus, айдаршықты буындарға, articulationes bicondylares, бөлінеді.

Буында болатын қозғалыстардың бағыты: фронтальді білік бойында иіледі, және жазылады, extensio. Сагитальді білік бойынша: әке­леді: adductio, және әкетеді abductio. Pronatio, ішке қарай бұрылады немесе supinatio, сыртқа қарай бұрылады,

Буында болатын қозғалыстың көлемі мен бағыты буын бетінің сыртқы пішініне тікелей байланысты. Сол себепті буындардың анатомия-физиологиялық жіктеулері ажыратылады:

  1. бір біліктің бойында қозғалатын бір білікті буындарға;
  2. екі білікті бойында қозғалатын немесе екі білікті буындарға;
  3. үш біліктің бойында қозғалатын немесе үш білікті буындарға бөлінеді.

1. Цилиндр тәрізді буындардың, articulatio trochoidea, буын беттері дөңес, цилиндірдің кесіндісі ретінде қарастырылады. Буындасатын қарсы жағындағы сүйектің буын беттері ойыс-
гау және бір-біріне өзара сәйкестеу болып келеді.

Цилиндр тәрізді буындарға: ауыз омыртқа мен екінші мойын омыртқаның тіс тәрізді өсіндісінің аралығындағы буынды кәрі жілік пен шынтақ жіліктің проксимальді және дистальді ұштарьгадағы кәрі жілік-шынтақ жілік буында-рын мысалға келтіруге болады. Мұндай буын-дарда: вертикальды білік бойынша ішке қарай — pronatio, және сыртқа қарай — supinatio ай-налуқозғалыстары қамтамасыз етіледі.

2.  Буын беттері шығыр тәрізді буындар, ginglymus. Бұл буындар цилиндр тәрізді буын-дардың туындысы болып саналады. Цилиндр тәрізді буындардан айырмашылығы: шығыр тәрізді буынның буын басының беттерінде сүйектік көтеріңкі орналасса, буын бетінің ойыс жағында, бағыттаушы сала болады. Сонымен қатар, шығыр тәрізді буындарға: қол басы мен аяқ басының бақайшықтары мен башпай ара-лық буындары жатады. Мұндай буындарда көлденең біліктің бойында иіледі, flexio, және жазылады, extensio.

3.  Сонымен қатар, шығыр тәрізді буындар-дың туындысына бұранда тәрізді буындар жа-тады. Мұндай буындардың шығыр тәрізді буын-а,ардан айырмашылығы, буын беттерінде орна-ласқан сүйектік көтеріңкі бағыттаушы саланың өтужолы мен бұрыш құрап, диагональ бағытта орналасады. Бұранда тәрізді буындарда қозға-лыс көлденең біліктің бойында, бұранда тәрізді бұралып, иіледіжәне жазылады. Бұранда тәрізді буындарға шынтақ буыны мысал бола алады.

1. Буын беті эллипс тәрізді буындар, articulatio ellepsoidea. Мұндай буындардың буын басы мен буын ойысының сыртқы пішіні эллипс тәрізді болып келген. Эллипс тәрізді буындарда қозғалыстар фронтальді және сагитальді біліктердің бойында қозғалады. Фронтальді білік бойынша: иіледі, flexio, немесе жазылады, extensio, сагитальді білік бойынша әкелу, adductio, жәнеәкету, abductio мүмкін. Сонымен қатар, мұндай буындар екі біліктің бойында ай-налма бағьпта қозғалады. Айналма бағьггтағы қозғалыс, екі біліктің маңындағы қозғалыстың жиынтығы болып саналады. Эллипс тәрізді бу-ындарға білезік — кәрі жілік және мысалға т.б. буындарды келтіругеболады.

2.  Ершіктәрізді буын, articulatio selaris. Бұл буындардың буын беттері ершік тәрізді бір-бірімен беттесіп орналасқан. Буында болатын қозғалыстың көлемі эллипс тәрізді буындар си-яқты көлденең біліктің бойында: иіледі, flexio, немесе жазылады, extensio. Қол ұшының бас бармағының бақайшығы мен трапеция тәрізді сүйектің аралық буынын мысалға келтіруге бо-лады.

3.  Буын беттері айдаршық тәрізді буындар-дың, articulationes bicondylaris, буын беттеріай-даршық тәрізді дөңестеу және сопақшалау бо-лып келгендіктен, айдаршық тәрізді буын деп атайды. Бұл, буын шығыр тәрізді буын мен эл-липс тәрізді буындардың туындысы болып са-налады. Айдаршық тәрізді буындардың шығыр тәрізді буындардан айырмашылығы, буын бет-тері, көлемді болып келеді, ал эллипс тәрізді бу-ындардан айырмашылығы екі жақтық айдар-шық тәрізді буын беттерінен тұрады. Айдаршық тәрізді буындарға: тізе буыны мен шүйде сүйегі мен ауыз омыртқа аралық буыны мысал бола алады. Айдаршық тәрізді буындарда қозғалыс-тар екі біліктің бойында: иіледі, flexio, жазыла-ды, extensioTKBHe айналма бағытта, circumductio, мүмкін.

 Үш білікті немесе көп білікті буындар

  1. Буын беттері, шар тәрізді буындар, articulatio spheriodea. Буын басының сыртқы пішіні шартәрізді болып келгендіктен шартәрізді буындар деп аталады. Шар тәрізді буынның буын ойысы буын басының беттеріне қарағанда ша-ғын болып келгендіктен, мұндай буындағы қоз-ғалыстар үш біліктің айналасында еркін қозға-лады. Шар тәрізді буындар: фронтальді білік бо-йынша иіледі, немесе жазылады: сагиталь жазық -тықтың бойында әкеледі немесе әкетеді; верти-кальды біліктің бойында: ішке қарай немесе сырт-қа қарай бұрылады. Сонымен қатар, вертикаль-ды біліктің бойында, негізгі қозғалыстармен бірге айналмалы және ротациялық бағыттағы қозғалыстарда жүзеге асады. Шар тәрізді буын-дарға иық буынын мысалға келтіруте болады.
  2. Жаңғақ тәрізді буын, articulatio cotylica, бұл буын, шар тәрізді буынның туындысы болып саналады. Шартәрізді буыннан айырмашылығы, буын ойысы тереңдеу болып, буын басы бетінің 2/3 бөлігін жауып тұрады. Мұндай буындарда, қозғалыстың көлемі үш біліктің бойында, шар тәрізді буындарға қарағанда шектеулі келеді. Мысалы: жамбас буыны.
  3. Буын беттері тегіс жазық, жалпақ буындар, articulationes planae. Мұндай буындардың буын беттері, диаметрі үлкен шардың кесіндісі ретінде қарастырылады. Қозғалыстар, үш біліктің бойында жылжымалы түрде қозғалады. Мысалға, омыртқа аралық буын.

 Аз қозғалмалы немесе қатаң буындар

Қатаң буындар, amphiartrosis, деп буын бет-тері бір-бірімен өзара тығыз беттесіп, буын қап-шықтары мен байламдары қысқалау келген, қоз-ғалысы шамалы буындарды атаймыз. Мұндай буындардың негізгі қызметі салмақты жеңу.

 Симфиз

Симфиз, symphysis, немесе жартылай буын деп буындық сипаты жоқ, аралығында саңылауы бар, шеміршекті байланыстарды айтамыз. Мұндай сүйектік байланыстың сыртында буындық қапшығы болмайды, қуыс синовиальды қабықшамен қапталмаған тек қана сүйекаралық байламдар арқылы бекітілген. Симфиз немесе жартылай буындар: төс сүйегінің, омыртқа ара-лық дискілері мен шат сүйегінің аралығында кездеседі.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!