Инфаркт

Инфаркт

Инфаркт деп тіннің немесе органның бір бөлігінің қан айналымының бұзылуына байланысты некрозға ұшырауы. Сонымен байланысты инфарктты қан тамырлық немесе ишемиялық некроз деп аталады.

Инфаркт дамуының тікелей себептерінің бірі ұзақ уақыт бойы спазм, артерия эмболиясы немесе тромбоз болып табылады. Сонымен қатар органның функциялық кернеу жағдайында қанмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі.

Инфаркттың пайда болуының әсері анастомоздардың және коллатералдардың жетіспеушілігі, олар артерия қабырғаларының зақымдау деңгейімен және қан айналым бұзылыстарының, эмбол немесе тромб артерияларының обтурация деңгейіне байланысты болады. Сондықтан инфаркттың дамуы көбінесе артериялар өзгерістерімен және жалпы қан айналым бұзылыстарымен анықталады. (атеросклероз, гипертониялық ауру, ревматизм, жүрек ақаулары)

Инфаркттың түрлері:

  • Ақ инфаркт – қан тамырлар арнасының шиеленісуі нәтижесінде магистралды артериялық тармақтардың өтпеуінде және коллатералдық функциялардың жетіспеушілігінде дамиды. Әсіресе көк бауырда жиі кездеседі.
  • Қызыл инфаркт – некроз зонасы қара – қызыл қанмен сіңген. Бұл тип өкпеде, бас миында байқалады. Оның дамуы венозды тоқырау және органның қанмен қамтамасыз етуі нәтижесінде. Венозды тоқырау айқындалмаған деңгейінде геморрагиялық инфаркт тудыруы мүмкін. Геморрагиялық инфаркттың негізгі формасы веноздық инфаркт болып саналады, соның себептері окклязия болып табылады.

Адамда миокардтың инфаркты дамуына қолайлы жағдайлар болып тұқым қуалаушылыққа бейімділік, артериялық гипертензия, семіру, қантты диабет және аз қозғалыспен атқарылатын ой жұмысы, темекі шегу т.б. есептеледі.

инфаркт қазақша

Миокард инфарктында коронарлық артериялардың қатты жиырылуынан немесе бүліну ошағында биологиялық белсенді заттардың ( брадикинин, гистамин, серотонин, аденозин т.б.) жиналып қалуынан қатты ауыру сезімі болады және ол қатты қобалжу, қорқу сезімімен қабаттасады. Ауыру сезімі сол жақ қолға, жауырынға, иыққа, астыңға жаққа, тіске берілуі мүмкін. Ол жұлында ішкі ағза нейрондарынан қозудың тері мен шырышты қабықтардағы сезімтал нейрондардың аймақтарына таралуынан дамиды. Кейде клиникада миокард инфарктының ауырмайтын түрін де жиі кездесетіруге болады. Ол макрофагтарда көптеп эндогендік эндорфиндер өндірілуімен түсіндіріледі.

Миокард инфарктінің ең бір ауыр асқынулары болып кардиогендік шок және өкпе ісінуі есептелінеді. Бұл кезде жүректен қан шығарылуы төмендейді, қан тамырларының жалпы шеткері кедергілік қасиеті жоғарылайды. Ол артериялық қысымды белгілі деңгейде ұстап тұруға бағытталған бейімделістік серпіліс. Бірақ артынан шеткері қан тамырлары кеңіп, олардың меже қуаты азаюдан артериялық қан қысымы күрт түсіп кетеді.

Ірі ошақты миокард инфаркты жүрек аневризмасына, тромбоэмболияға, бүлінген жүрек етінің жыртылуына әкелуі мүмкін. Миокарда инфаркты кезіндегі бүлінген ет тінінің орны дәнекер тін жасушаларымен толтырылады, тыртық пайда болады. Соңғысының жиырылғыштық қасиеті, ет талшықтарына қарағанда, өте аз болғандықтан жүрек ішіндегі қысыммен артық керіліп, аневризма дамуына әкеледі.

Миокард инфарктының ең қауіпті асқынуының бір түрі болып, тромбоэмболия даму мүмкіншілігі есептеледі. Бүлінген тіннен, қан тромбоциттерінен т.б. жасушалардан тіндік тромбопластин босап, тромбоциттердің адгезиясы мен агрегациясы және қан ұю үрдісінің артуынан жүрек қуыстарында қан қатпарлары пайда болады. Содан бұл қан қатпарларының бөлшектері үзіліп кетіп, эмболға айналуы мүмкін.

Бұл эмбол жиі үлкен қанайналым шеңберіне тарап, орнласқан жеріне қарай науқас адамның тез өліміне әкеледі. Жүрек қабырғасының жыртылуы үлкен трансмуралдық миокард инфарктынан болады. Бұл кезде науқас тез өліп кетеді. Егер ол біртіндеп дамыса, қан перикард қуысына құйылып, жүректің сыртынан қысылып қалуына және ауыр кардиогендік шок дамуына әкеледі.

Жалпы жүректегі болатын миокард инфарктісі жайлы толықтай мына материалдан оқи кетіңіз.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!