Наркология

Наркология ғылымы

Наркология деп психоактивті заттарға тәуелділіктің қалыптасуының пайда болу шарттарын және механизмін, диагностика тәсілдерін анықтау, емдеу осыдан пайда болған аурулардың алдын алу мақсатында олардық токсикалық эфектін оқытатын ғылыми диссиплина.

Наркологияның негізгі міндеттерінің бірі алкоголизм және наркоманиямен ауырытын науқастарды емдеу болып табылады. Емдеу негізінде ремиссия тұрақтандыру жән аурудың рецидивін алдына алу жатыр.

Наркологиялық науқастарды диагностикалау ерекшеліктері

Наркологияда науқастарды анықтау және диагностикалау өзіндік ерекшелігі бар. Кей кезде едәуір қиындық туғызады, себебі:

  • Науқас маскүнемдігін жасырады
  • Өз маскүнемдігіне бей жай қарап, зияндығын түсінбейді.

Маскүнемдік диагнозын тек сертификацияланған маман қоя алады (нарколог немесе психиатр).

Наркологияда диагностика негізделеді:

  1. Абстинентті синдром белгілеріне
  2. Ішімдікке тәуелділік пен оны ұзақ қабылдауды анықтау
  3. Соматикалық, неврологиялық, вегетативті, психикалық бұзылыстарды анықтау

Абстинентті синдром белгілері

  • Тершеңдік
  • Бет, кеуде, білезік гиперемиясы
  • Тремор және қозғалыс тепе-теңдігінің бұзылысы
  • Артериальды гипертензия мен тахикардия
  • Мазасыздық, ұйқысыздық, ұйықтататын дәрілер беруін сұрау
  • Госпитализациядан кейін  1-3 күнде өткір психоз
  • Госпитализациядан кейін  1-3 күнде эпилеитикалық талмалар

Ішімдікке тәуелділік пен оны ұзақ қабылдауды анықтау :

  • Ішімдіктен ұзақ уақыт толықтай бас тарту
  • Ішімдікке жоғары толеранттылық
  • Белгіленген уақытта науқастың сау болу-болмауын анамнезінде белгілеу
  • Жұмыс орнын жиі ауыстыру, ұзақ уақыт жұмыссыз жүру
  • Отбасының болмауы немесе отбасы ішіндегі татулықтың болмауы
  • Мас кезінде жасаған құқық бұзушылық
  • Отбасы мен әлеуметтік жағдайына тигізетін кері әсеріне қарамастан ұзақ уақыт бойы ішімдік ішу
  • Лабораториялық көрсеткіштеріндегі бейспецификалық өзгерістер (АСТ, ЖТЛП, ІгА, зәр қышқылы, т.б)

Соматикалық, неврологиялық, вегетативті, психикалық бұзылыстарды анықтау:

  • Полинейропатия
  • Атаксия
  • Энцефалопатия
  • Гепато(сплено)мегалия
  • Панкреатит
  • Гигантты паротит (хомяк беті)

Анамнез жинау кезінде ішімдікке тәуелділіктің жанама белгілерін анықтауға болады. Олар ішімдікті қанша уақыт қабылдамағанына мән береді: «демалыс бойы ішкен жоқпын», «наурыз айынан мамырға дейін» ішкен жоқпын дейді, ал ішкілікке салынбаған адамдар соңғы рет қашан ішкендерін естерінде сақтамайды.
Ал науқасқа «Ішімдік ішесіз бе» деп емес, «Ішімдікке деген көзқарасыңыз қандай», «қандай ішімдіктер ұнайды» деген сұрақтар қою керек. Ішкілікке салынған адамдардың көздері жайнап, қызығушылықпен талқылайды.

Наркологиялық науқастардағы физикалық өзгерістер:

  • НЕВРОЛОГИЯЛЫҚ СИМПТОМДАР. Есте сақтау бұзылуы, талмалар, дірілдеу, алкогольды делирий, ВерникеКорсаков синдромы, мишық дегенерациясы, нейропатия, миопатия.
  • ГАСТРОЭНТЕРОЛОГИЯЛЫҚ СИМПТОМДАР. Эзофагит, панкреатит, гастрит, гепатит, бауыр циррозы, АІЖ қан кетулер.
  • ЖҮРЕК ҚАНТАМЫРЛЫҚ СИМПТОМДАР. Артериалды гипертензия, кардиомиопатия.
  • ГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ СИМПТОМДАР. Макроцитоз, тромбоцитопения, фолат дефициті.
  • ТІРЕК ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІНІҢ ЗАҚЫМЫ. Сүйек сынығы, остеонекроз.

Наркологиялық стационар

1. Өз еркімен келгендер бөлмесі:

  • маскүнемдер – 25 күн
  • нашақорлар – 30 күн емделеді.

2. Мәжбүрлік жағдайда түскендер бөлмесі

  • 6 айдан 2 жылға дейін ем алады

3. Экспертиза кабинеті

4. Зертханалық кабинет

5. Стоматолог кабинетінен тұрады

Наркологиялық стационарға госпитализациялау көрсеткіштері:

  1. Үйде өздігінен ішімдіктен (запой) шығара алмау. Медициналық препараттар арқылы токсиндерді стационарда шығару.
  2. Эпилептикалық талмалар немесе масаю психозы болса
  3. Ауыр абстиненттік синдромда
  4. Науқас өзі қаласа

Наркологияық диспансердің негізгі міндеттері:

  1. Біріншлік, екіншілік, үшіншілік алдын алу;
  2. Алкоголизм мен наркомания, токсикоманиямен, ауыратын адамдарды ерте анықтау,емдеу және есепке тұрғызу.
  3. Динамикалық диспансерлік бақылау.
  4. Тұрғындар арасында ауыршандықты зерттеу
  5. Емдік- профилактикалық көмектін эфективтілігінің анализі.
  6. Әлеуметтік- тұрмыстық көмек.
  7. Психологиялық және психопрофилактикалық жұмыс.
  8. Баска ұйымдармен жұмыс істеу.
  9. Лабороториялары бар диагностикалық бөлім
  10. Күндізгі стационар
  11. Емдік-еңбектік шебрханалар.
  12. Емдеудің белсенді тәсілдерінің кабинеттері: процедуралық, физиотерапиялық, психотерапия және гипнозға арнлаған
  13. Ұйымдастыру- методикалық бөлім.

Учаскелік дәрігер: Наркологтар науқастарды қабылдаумен қоса, «Д» есепте тұратын адамдарды үйде бақылайды, сонымен қатар мектептерде прфилактикалық жұмыстар жүргізеді.Наркоманияны тоқтату мақсатында оқушылармен ағарту жұмысын  атқарады.

Диспансеризация: Наркомания кезіндегі диспансерлік бақылау уақыты 5- жыл, Алкоголизм кезінде 3 – жыл. ПАЗ-ды эпизодты қабылдайтын адамдар үшін 1-жыл.

Экспертиза түрлері

Алклгольдік маскүнемдікті анықтау үшін әртүрлі пробаларамен лабороторлық зерттеулер жүргізіледі.

Раппопорт сынама – күкірт қышқылынла калий перманганатының әсерінен этил спиртының қышқылдануы әсерінен пайда болатын сынама(түссіздені). Ол үшін 2 пробиркаға 2 мл дистиллденген су құямыз. 1-ші пробиркамен зерртелуші адам аузын шаю керек, 2-ші пробиркаға 20-30 рет көпіршік пайда болғанша үрлеу керек.Содан кейін 25 тамшы концентрленген химиялық күкірт қышқылын, 1-2 тамшы 0,5% калий перманганатын пробирка қабырғасымен құямыз. Егер 2 минуттан кейін түссізденсе ашық күлгін түске дейін өзгерсе сынама «+», егер 1-015 минуттан соң өзгермесе сынама «-»

Шинкаренко – Мохова сынамасын жүргізу үшін трубканы перманганат калиймен суланған мақтамен трубканың жуан соңын сүртіп, трубканың екі соңын кесіп алып тастайды да зерттелуші адам 20-30 секунд үрлейді, егер де этил спиртінің пары болса немсе сынама «+» болса,  ортасында жасыл сақина пайда болады. Ал түі өзгермесе сынама «-».

Қандағы алкоголь құрамына байланысты мастық деңгейін анықтау:

  • 0,3 промиле аз -Алкоголь әсері жоқ
  • 0,3 тен 0,5 дейін -Шамалы алкоголь әсері
  • 0,5 тен 1,5 дейін- Жеңіл масю
  • 1,5 тен 2,5 дейін -Орташа дәрежелі масаю
  • 2,5 тен 3,0 дейін -Қатты масаю
  • 3,0 тен 5,0 промилеге дейін -Ауыр алкогольмен улану, өлімге қаупі бар.

Созылмалы алкгольдік интоксикацияны бауыр қызметін зерттеу арқылы анықтауға болады. Ол үшін бауыр ферменттерін: Гамма –глутамилтранспептидаза,трансаминаза, сілтілі фосфотаза, тығыздығы жоғары майлар.

Опиатты қолданғанын анықтау үшін келесі лабороториялық тесттер арқылы анықтауға болады.

  1. Зәрді токсикологиялық зерттеу- соңғы 48 сағат аралықында қабылдаған болса 90% оң болады.
  2. Налаксон(опиаттар антогонисті ) арқылы – көктамырға 0,2-0,4 мг наолоксрн 5 мин ішінде енгізеді ,15-30 минуттан кейін синдром отмены болмаса тағы 0-4 мг көктамырға енгізеді. Өзгеріс болмаса сынама теріс.

Кокаин анықтау – 38 сағатқа дейін зәрде және бэнзоилэлектонин маркеры, кокоин метоболиты арқылы  7 күнге дейін анықтауға болады.

Гашиш анықтау – каннабиноидтарды зәрде анықтауға болады.

Анаболитикалық стероидттарды анықтау үшін лабороториялық зерттеулер:

  • Зәрді токсикалық зерттеу
  • Аш қарынға глюкоза деңгейінің жоғары болуы
  • ТЖЛ сарысуда төмен, ТТЛ сарысуда жоғары болуы.
  • Мочевина азотының азот кретининге қатынасы жоғарылауы

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!