Седативті және ұйықтататын дәрілерге тәуелділік

Дәрілік заттарға тәуелділіктің 2 жолы бар:

  1. Медициналық, дәрілерді дәрігердің нұсқауы бойынша терапевтикалық дозада ұзақ уақыт қабылдаса. Бұл кезде седативті-ұйықтатататын дәрілерге тәуелділік баяу журеді: 1-2 жыл ішінде.
  2. Медициналық емес, седативті-ұйықтататын дәрілерді масаю мақсатында терапевтикалық дозадан бірнеше есе асырып қабылдағанда туындайды. Нашақорлықтың бірінші симптомдары дәріні қабылдап бастағанннан 1-2 ай ішінде көрінеді.

Седативті – ұйықтатын заттар тобына әр түрлі химиялық структуралы препараттар жатады.Оларға бензодиазепин (нитразепам, феназепам, рогипнол, хлордиазепоксид), барбитураттар (фенобарбитал, циклобарбитал), оксибутират натрий, өсімдіктен жасалған препараттар  т.б. жатады. Осы препараттар аз дозада антифобиялық тыныштандыратын  және көп дозада седативті – ұйықтатын  қасиетке ие ОЖЖ –нің депресанттары болып табылады.

Эмоционалды күштемені төмендетуге табиғи ұйқыға кетуді жеңілдететін және оны тереңдетуге және адамды тыныштандыруға арналған өсімдік текті немесе синтетикалық дәрілік заттардың тобы.

седативті және ұйықтатын заттарға тәуелділік

Седативті заттарға әуес болудың этиологиясы

  • Отбасылық факторлар: егер ата – анасының наркотиктерді қабылдаса , толық емес отбасы;
  • Социологиялық (әлеуметтік):  мамандығы “тракторист- интелегент”; алған ақпараттылығы , тұратын мемлекеті (үшінші елдер).
  • Жеке тұлғалық фактор: адамның  мінез-құлығы, санасы, ойлау қабілеті өзгереді, алған білімі, ұлты, жасы, жынысы.
  • Қоршаған орта факторы: жиі тұрғылықты орынын ауыстыру, тұрғылықты жеріне байланысты.
  • Биологиялық факторлар :  әртүрлі адамдар ағзасының индивидуалды ерекшеліктеріне байланысты. Тұқым қуалаушылық. ДНҚ құрылымының өзгерістері.
  • Психологиялық немесе психикалық факторлар: әртүрлі психикалық жағдайларда стресстік жағдайлардан құтылу үшін , депрессия әсерінен, көптеп наркотикалық заттарды қолдану (ұйықтататын, тыныштандыратын, психостимуляторларды және седативті заттарды қолдануда дамиды.

Седативті және ұйықтатын заттардың әсер ету механизмі

Бензодиазепиндер және барбитураттар ГАМҚ рецепторларымен өзара әсер етеді. ГАМҚ  отталық жүйке жүйесінің негізігі тежегіш нейромедиаторлары болып табылады. Бензодиазепиндер ГАМҚ әсерін потенцирлейді.

Бензодиазепиндер ағзаға түскенде  бауырдың микросомальды ферменттерін  метаболиздейді.  Флуразепамның қан плазмасынан жартылаай шығару  периоды  2-3 сағат, ал оның негзігі метаболиті   N – дезалкилфлуразепам 50 сағ. бойы белсенді болып қалады. Бензодиазепиннің  липофильді қасиетіне байланысты  гематоэнцефальды барьер арқылы өтеді.

Седативті және ұйықтататын заттардың адам ағзасына әсер ету фазалары

1-ші фаза. Седативті және ұйықтатын заттарды пероральды енгізсе, масаюдың бірінші фазасы болмайды. Тек кейбір адамдарда бас айналу, басында шу, көзінің қарауытуы болады.  Көктамырға енгізген кезде,  масаю бірден пайда болады. Науқастар басынан жеңіл соққы алғандай болады, көзінде қарауытуы, акоазмдар, фотопсия, жарқыраған нүктелер көруі мүмкін. Көз алдында бұлыңғырлау болады. Көз қарашығы кеңейеді, дененің жоғарғы бөлігінің терісінде және шырышты қабаттарында гиперемия, бұлшық еттерінде әлсіздік пайда болады. Ұзақтығы бірнеше секундқа созылады

2-ші фаза. Себепсіз көңіл күйдің жоғарлауы, қозғалысқа, іс-әрекетке ұмтылыс. Моторлы активтілік  жоғарлайды, қимыл –қозғалыстары бей-берекетсіз. Ойлау және талқылау қабілеті төмендейді. Назары ауытқиды.  Сөйлеу белсенділігі жоғарылайды, дауысы қатты, сөзі көп, ассоциация  көп. Тітіркенгіш, тез ашулаңғыш. Латеральды нистагм, диплопия, дизартрия, дизментрия, қозғалыс координациясының бұзылуы., жүрген және тұрған кезде тұрақсыз болады. Рефлекстердің тежелуі байқалады, қарашық реакциясы әлсіз, гиперсаливация, склераның инъекциясы. Бет терісінің гиперемиясы және  майлануы. Тілі қоңыр жабындымен жабылған, пульс және АҚҚ төмендеген, терлегіш болып кетеді. Дене температурасы төмендеген.

3-ші фаза. Ұйқы. Ұйқысы терең, ауыр. Ұйықтаған адамды ояту қиын. Бозарған, брадикардия, гипотензия байқалады.  Бұлшықеттері әлсіз, қол-аяқтары ауыр, босаңсыған. Ұйқы күндіз болса, ол кезде 3-4 сағ созылады және түнде ұйықтау қиын болады, рефлекстері төмендейді.

4-ші фаза. Ояну. Науқас әлсіз, өзін нашар сезіну, бағдары тұрақсыз, ойлау төмендеуі, горизонтальды нистагм байқалады. Сіңір рефлекстері төмендеген, қозғалысы дұрыс емес, бұлшықет әлсіздігі, тремор. Бас ауру, жүрек айну, құсу. Тәбеті жоқ, бірақ шөлдеу жоқ.

Клиникалық көрінісі

Латеральды нистагм, диплопия, дизартрия, дизметрия, қозғалыс координациясы бұзылады, жүргенде, тұрғанда тепе- теңдігі бұзылады. Біртіндеп психикалық және қозғалыс белсенділігі төмендейді және ұйықтайды. Әсері  2-3 сағатқа созылады.

Ұйықтататын заттарды шамадан тыс артық қолданғанда дамитын клиникалық сатылар:

1- ші сатысы: ұйықтатын заттардың физиологиялық әсері өзгермейді. Толеранттылық 3- 5 есе жоғарлайды. Қорғаныс реакциялары жоғалады. Күндізгі уақытта ұйықтататын заттарды жүйелі қолданады, эйфория тудыру мақсатында. Психикалық тәуелділік дамиды. Масаю болмаса науқастарда қанағаттанбау, алаңдау сезімдері болады. Ұзақтығы 3- 4 ай, кей жағдайларда жылдар бойы.

2- ші саты: (қалыпты тәуліктік  доза 1,0 г, кейде 1,5- 2,0 г барбитурат). Масаю мінезі өзгереді. Есірткі әсер етуінің 1- ші фазасы сөнеді. Қозғыштық төмендейді. Агрессия, ашу ұстамалары болуы мүмкін. Есірткіге компульсивті әуестік дамиды.  Абстинетті синдром есірткіні жүйелі жарты жыл көлемінде қолданғанда дамиды. Абстинетті психоз кезінде сананың терең бұлыңғырлануы, көру галлюцинацияларының айқындылығы, шыққанда терең амнезия дамиды. Ұзақтығы 10- 12 жыл.

3- ші саты: толеранттылық төмендеуі. Улануда эйфорияның сөнуі. Ұйықтатын заттар бөлшектенген дозада қолданылады, тек психиканы белсендіру және қарапайым жұмыстарды орындау үшін. Абстинентті синдром ұзақ, 5- 7 жыл, эпилептиформды ұстама және абстинентті психозбен (шизофрения тәрізді параноидты- галлюцинаторлы, алаңдаулы- депрессивті, дереализация- деперсонализациялы психоздар) қосарласып. Токсикалық энцефалопатия.

Седативті препараттарға – белсенділікті төмендететін және тыныштандыратын заттар жататын болса,ал  ұйықтататын препараттарға – ұйқы шақыратын заттар жатады.Сонымен катар транквилизаторлар,үрейді төмендететін немесе анксиолитиктер жатады.

  • Барбитураттар тобынан – барбамил,нембутал,фанодорм;
  • Уреидтар тобынан – бромурал;
  • Пиридин және пиперидин тобынан – ноксирон;
  • Бензодиазепиндерден – нитразепам (эуноктрин,радедорм,неозепам) және сибазон (диазепам,седуксен,валиум,реланиум);
  • Сонымен қатар аз мөлшерде хлордиазепоксидтер қолданылады.

Наркотикалық мақсатта  бұл препараттарды жұтады не шприцпен жібереді.

Седативті  және ұйықтататын заттармен масаю тәуелділікті шақыруға себепші болады

1. Қысқа фаза- қозғыштық. Бұл кезеңде көңіл- күйі көтеріледі, өзін белсенді сезінеді. Қандай да бір іспен айналысуға қызығушылығы артады. Ойлау темпі жылдамдайды және влечения пайда болады (либидо, тәбет).

2. Ұзақ фаза- ұйқы, астения. (екінші сатысынан қараңыз)

Тәуелділік дамуының бірінші сатысы: Толеранттылық жоғары,тез тәуелділік п.б. Организмнің қорғаныштық қасиеті жоғалады,нәтижесінде: құсу, жүрек айну,сілекей ағу,ықылық,көз қарығуы дамиды; Әрдайым дозаны көбейтіп отыру қажеттілігі артады;

Күндізгі уақытта да қолдана бастайды;

Психикалық тәуелділік симптомы дамиды: масаймаған уақытта науқас өзін жаман сезінеді және қобалжуға әкеледі.Науқас үшін, бұл жағдайда наркотикалық масаю ғана шешім болып табылады. Бірінші дәреже ұзақтығы 2 аптадан бірнеше жылға дейын созылуы мүмкін.

Екінші сатысы:

  • Тәуелділік жоғарылайды;
  • Шиеленісу туындауынан қоршаған ортаға қауіп туады;
  • Науқас кеш түсе бастағанда күшейтілген доза қабылдаған болса ғана ұйқысы келеді;
  • Мөлшерден тыс қолдану  болғанда да қорғаныш реакциясы теріс болады;
  • Қозғалыс дискоординациясы,сөзді байланыстырып сойлеу қабілетінің бұзылыстары дамиды

Үшінші сатысы:

  • Созылмалы ауыр интоксикация белгілері айқын болады:дизартрия,дискоординация,топастық;
  • Седативті заттарға төзімсіздік;
  • Науқас қолда бар кез келген препараттарды қолданып,нәтижесінде бірнеше кунге сөнген жағдайға кетеді (запой);
  • Болдырмау синдромы дамыса,аяқ астынан алатын шыдатпайтын ауырсыну сезімі туындайды;
  • Науқас әлсіз әрі мұңлы күйде болады.

Транквилизаторлар және ұйықтататын заттар тәуелділікке әкеліп  наркоманияны сипаттайтын симптомдар пайда болады:

  • Толеранттылықтың өзгеруі
  • Психикалық тәуелділік;
  • Физикалық тәуелділік.

Болдырмау  синдромының негізгі көріністері:

  • үрей сезімі
  • галлюцинация
  • қолдың, тілдін, қастың катты треморы
  • ұйқы қашу
  • тырыспалы устамалар.
  • Болдырмау синдромының ұзақтығы 5-7 апта.
  • Салдары  ретінде: тәбетінің төмендеуі, ұйқының бұзылыстары, үнемі депрессия, суицидалды көңіл кұй.
  • Болдырмау синдромы 1,5-2 айға созылуы мумкін, сонымен бырге: психоз, ес бұзылысы мен галлюцинация бірге журеді.

Седативті және ұйықтатын заттармен улану белгілері

Бензодиазепиндерді шамадан тыс пайдаланғанда өлімге әкелу мүмкін. Бензодиазепинді басқа да ОЖЖ депресанттары мен, ең жиі алкогольмен өлім жағдайы жоғарылайды. Шамадан тыс пайдалану симптомдары: бірінші фаза – қозу: ұйқышылдық, диартрия, есінің бұзылуы. Екінші фаза тез қозғалыссыздық дамиды терең ұйқы комаға ауысады. АҚҚ тез төмендеуі  компенсаторлы пульстың жиілеуі; пульс әлсіз толымды.  Тыныс алуы беткей, жиі, команың тереңдеуіне сирек, периодтылық пайда болады (Чейн-Стокс тыныс). Науқас тез бозарады, тері цианозы байқалады, дене температурасы 34-35°С  дейін төмендейді. Көлдененң және тігінен нистагм пайда болады.  Қарашық тарылады немесе керіледі. Терең рефлекстер жоғарылайды, пирамидалық белгілер пайда болады.

Уланған кезде алғашқы көмек:

  1. Асқазанды жуу.KMgO4. 3л жылы сумен, суы тазарғанша
  2. Пульс, АҚҚ, Дене t-сын өлшейміз, қалыпты жағдайда болғанда детоксикация терапиясын бастаймыз
  3. Белокқа бай тағам
  4. Ағзаға препараттар әсері  әлсірету;
  5. Асқазан ішек жолдарында препараттың сіңірілуін болдырмау
  6. Асқынуларды алдын-алу

Емі: Емі стационарлы жағдайда жүргізіледі. Тырысу ұстамаларының және псизоздардың болуын ескере отырып біртіндеп препараттарды толық тоқтатады. Науқас міндетті тәртіпте қосымша терапевт, кардиолог, невролог мамандарынан зерттеу өтуі қажет. Соматикалық бұзылыстарды қалпына келтіруде эфферентті терапия, витаминотерапия өткізеді, гепатопротекторлар тағайындалады. Ұзақ курс иглорефлексотерапия, физиотерапия, психотерапия жүргізіледі. Стационардағы емнің ұзақтығы 25 тәулікке дейін.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!