Алкогольді энцефалопатия
Алкогольды энцефалопатия -созылмалы маскүнемдікте дамитын алкогольды психоздардың бір тобы. Ол жүйелі соматикалық, неврологиялық және психикалық бұзылыстармен көрінеді. 6-7 жылдан 20 жылға дейінгі уақыт аралығында ішімдікті қабылдаған кезде, ал әйелдерде одан ерте дамуы мүмкін. Жиі алкогольды энцефалопатия маскүнемдіктің 2 және 3 кезеңдерінде-апталар, айлар бойы ішімдікті қолданғаннан пайда болады.
Патогенезі: Алкогольді энцефалопатияда ең бастысы алмасу үдерісінің бұзылысы болады. Әсіресе В1- гиповитаминоз. Алкогольді қабылдау ағзада В1 витаминнің (тиамин) қажеттілігін арттырады. Ол ағзадағы әр түрлі декарбоксилдеудің коэнзим ролін атқарады. Көбінесе, көмітртекті ас, бауырдың зақымдалуы , ішектегі тиаминді сіңірілуу үдерісінің бұзылуы В1- гиповитаминозды туындатады. В1 витаминінің жетіспеушілігі коміртектің ауысуының бұзылуына, әсіресе, мидың жедел бұзылуына әкеп соғады.В1 витамині миға негізгі энергетикалық ресурс болып табылады.
Алкогольді энцефалопатия кезінде пиридоксиннің (В6 витамині) жетіспеушілігі байқалады. Ол науқастардың асқазан – ішек жолдарының функцияларының бұзылуына әкеледі. В1 және Р дәрумендерінің жеіспеушілігі капилярдың өткізгіштігінің үлкеюіне және басты мидың гемодинамикалық бұзылуының өршуін жеделдетеді және де өткір алкгольді энцефалопатия ісіну, сирек басты мидың ісінуі, кейде оның бөліктерінің де жылжуына әсер етеді. Алкогольді энцефалопатия этиологиялық атауы ұқсас болғанмен , тікелей алкогольдің әсерінен туындайтын ауру емес. Өткір және созылмалы алкогольді энцефалопатияның негізгі морфологиялық өзгерістеріне басты мидың тамыр жүйелерінің бұзылуына әкеледі.
Алкогольды энцефалопатия клиникалық көрінісі
Клиникалық суреттемесіне қарай жедел және созылмалы энцефалопатия деп бөлінеді. Жедел энцефалопатияға-Гайе-Вернике жатады. Ол тәжірибеде кездесетін, найзағай тәрізді формасы. Созылмалы түріне: Корсаков психозы, алкогольды псевдопаралич жатады. Сонымен қатар, алкогольды энцефалопатияның басқа түрлері де кездеседі. Олар бірнеше аптадан бірнеше айға дейін созылуы мүмкін. Барлық алкогольды энцефалопатияға шамалы қысқа (2-3 апта) продромальды кезең тән.
Продрамальды кезеңде болатын психикалық бұзылыстар: астения, тәбеттің төмендеуі анорексияға дейін. Белокқа және майға бай тамақтарға науқас қарағысы келмейді. Жиі, әсіресе таңертеңгі уақытта жүрек айну мен құсу байқалады.
Асқазан қыжылы мен кекіру, іштегі ауырсыну, іштің өтуі немесе қатуы сирек болады. Науқастарда физикалық қажу байқалады. Үнемі түнгі ұйқысы бұзылады-ұйықтаудың қиындауы, терең емес беткейлік ұйқы, қорқынышты түстер көру, жиі ояну және ұйқыдан ерте тұру болады. Яғни ұйқы циклі бұрмаланады- күндіз ұйқышылдық, ал түнде ұйықтай алмау байқалады. Түнгі уақыттарда ыстық көтерілуі немесе қалтырау болуы мүмкін. Науқас тершеңдікке, жүрегі қағып, ауа жетпеу сезіміне,жүрек тұсындағы ауырсынуға шағымданады. Дененің әртүрлі бөліктерінде, әсіресе аяқ қолдардың жансыздануы, сууы, ауырлық , сындырған сияқты ауырсыну дамиды. Аяқ- қолдың бұлшық еттерінде тырысу дамиды.
Гайе -Вернике энцефалопатиясы
Гайе-Вернике энцефалопатиясы жиі 35-45 жастағы ер адамдарда кездеседі. Ауру делирийден бір көріністі және статикалық көру галлюцинациясы және иллюзиясымен басталады. Қобалжу аффекті дамиды. Қозғалыс қозуды стереотипті әсерлермен көрінеді. Периодты түрде қысқа мерзімді бұлшықеттік күштемемен қозғалыссыздық дамуы мүмкін. Науқас түсініксіз,жеке сөздерді айқайлап айтады. Сөздік қатынасқа түсу мүмкін емес.
Бірнеше күн өткен соң естің тұйықталуы, ауыр жағдайларда сопор, тіптен ауыр жағдайда комаға ауысуы мүмкін. Сирек жағдайда сананың тұйықталуы атапиялық ступорға алып келеді.Психикалық жағдайдың төмендеуіне байланысты соматикалық және неврологиялық бұзылыстар дамуы болады.
Жиі тілдің фибриллярлы қозғалысы, беттің және еріннің қозғалысы байқалады. Тұрақты, күрделі гиперкинездер қалтырауға ауысып атетоидты, хорея формасындағы басқа қозғалыстар байқалады. Бұлшықет тонусының бұзылыстары гипер-гипотония түрінде болады, кейіннен келе атаксия дамиды.
Науқаста нистагм, птоз, заттың екеу болып көрінуі, страбизм, қарашық бұзылыстары ( миоз, анизокория), конвергенция бұзылыстары байқалады. Сонымен қатар жиі полиневрит, жеңіл парездер және пирамидалық бұзылыстар, гиперпатия байқалады. Мененгиальды белгілерден- желке бұлшықеттерінің ригидтілігі болады.
Науқас физикалық қажыған, өз жасынан үлкен көрінеді. Беті ісінген, тілі малина түстес, емізіктері шетінен тегістелген. Дене қызуы көтерілген. Терісі құрғақ, қабыршақтанады, тердің көп бөлінуіне байланысты ылғалды болады да, ойылу өте тез дамиды. Тұрақты тахикардия мен аритмия, жағдайы ауырлайтын болса АҚҚ төмендейді, коллатеральды жағдай тез дамиды. Бауыры ұлғаюы мүмкін, бірақ ауырсынусыз.
Продромальды кезеңде жедел алкогольды энцефалопатия астениялық адинамия айқын вегетативті және неврологиялық бұзылыстармен көрінеді.Аурудың басынан бастап профессиональды немесе мусситирлеуші делирий байқалады.
Жедел алкогольды энцефалопатияның соңында органикалық психосиндром дамуы мүмкін. Гайе- Вернике энцефалопатиясынан болатын летальды жағдай инкуррентті аурудың қосылуымен байланысты( жиі пневмония). Жедел формасында 3-6 шы күні өлім болуы мүмкін.
Неврологиялық бұзылыстары. Тілдің, еріндердің және бұлшықеттерінде жиі фибриллярлық тартулар туады. Діріл, тартулар, хореиформды ауысулар күрделі гиперкинездер түпкілікті, атетоидты және басқа қозғалыстары болады. Бұлшықеттерде тонустың бұзушылықтарынан атаксия дамиды. Нистагм, птоз, қосарлану, страбизм, жылжымайтын назар, (миоз, анизокория,жарыққа реакция толығымен жоғалуы) және конвергенцияның бұзылыстары байқалады.
Корсаков психозы (алкогольды паралич, полиневритикалық психоз) жиі әйелдерде кездеседі. Клиникасы 3 симптоммен көрінеді: конфабуляция, дезориентация және амнезия. Амнестикалық бұзылыс өткен жайды ұмыту, яғни фиксациялық амнезия, толық және бөліктік естің бұзылысымен бірге жүреді. Ретроградты амнезия бірнеше күннен бірнеше жылға дейін сақталуы мүмкін.
Неврологиялық бұзылыстар аяқ-қолдың полиневриті, бұлшықеттің атрофиясы, сезімталдықтың бұзылысы мен сіңір рефлекстерінің өзгерісі ретінде көрінеді. Неврологиялық бұзылыс психикалық бұзылысқа қарағанда тез өтеді. Орта және жас кезде, әсіресе әйел адамдарда айқын жағдайларының жақсаруы мүмкін.
Алкогольды псевдопаралич ер адамдарда 45-50 жаста байқалады. Психикалық және неврологиялық бұзылыстар прогрессивті параличті еске түсіреді.Психикалық бұзылыста- науқастың өзіне деген критикасы төмендейді, эйфория пайда болады.Естің бұзылыстары тұрақты.Неврологиялық симптомдардан қол саусақтарының треморы, тілдің мимикалық бұлшықеттерінің треморы, көру бұзылыстары, дизартрия, сіңір рефлекстерінің өзгерісі, эпилептиформалы ұстамалар болады.
- Диагноз анамнез негізіне, клиникалық белгілеріне байланысты қойылады.
- Дифференциальды диагнозды– делирий, бас миының ісігі, шизофрения, жедел симптоматикалық психозбен жүргізіледі.
Созылмалы алкогольды энцефалопатия дамуы маскүнемдіктің кезеңдеріне байланысты.
Аурудың біріншілік неврастениялық сатысында- вегетативті қантамырлық дисфункцияларды табуға болады. Терең рефлекстердің жоғарылауы, әлсіздік, тітіркенгіштік, ұйқының бұзылысы, көңіл-күйдің төмендеуі байқалады. Екінші, наркоманиялық сатысында- мидың органикалық бұзылыстары симптомы көрінеді.
Емі. Комплексті ем. Витаминнің күнделікті қолданысы бұлшықет ішіне жоғары дозада: В1 – 500 -1500мг; В6 – 800 1000мг дейін; С- 1000 мг дейін: РР – 300-1000мг. Инъекцияны күніне 3 рет жасайды. Органикалық психосиндромның белгілілерінің байқалған кезде емдеу курсын витаминдер арқылы 1-2 айдан кейін, сонымен бирге нотропты препараттарды қайталаған жөн. Витаминотерапияны бастаған кезде алкогольды делирийге де бір мезгілде ем жасайды.