Стресстік жарақаттан кейінгі бұзылыстар

Эмоциональді бұзылыстар қандай зақымданулар тудыратыны ерте кезден белгілі, бірақ “Стресті жарақаттан кейінгі бұзылыстар” деген диагнозды енді ғана қолданылуда. СЖКБ диагнозын қою алғаш рет 1980 жылы АҚШ- та ұсынған. СЖКБ- ң таралу жиілігі, болжамы, емдеу әдістері және олардың эффективтілігі әлі күнге дейін зерттелуде.

Стресті жарақаттан кейінгі бұзылыстар (СЖКБ)– бұл стресті жағдайда туындайтын кең таралған реакция. СЖКБ дамуына көптеген оқиғалар алып келеді: жол – транспорттық оқиға, зорлау немесе басқа шабуыл, психикалық немесе физикалық зорлық-зомбылық, әр түрлі апаттар мысалы, су басу, бомбалау немесе ату , біреудің қаза болу оқиғасына қатысу.

Диагностикалық белгілері:

Стресті жарақаттан кейінгі бұзылыстар – себебі анықталатын психикалық ауру. СЖКБ белгілері өмірге қауіп төну немесе ауыр жарақаттар сияқты жедел зақымдау  стрестерінің әсерінен кейін байқалады. Стрестік зақымдауды адам өз басынан кешуі мүмкін немесе басқа адамның жарақаттануын көру арқылы стрестік әсерге ұшырайды. Бұндай жағдайда адамда қобалжу, қорқу, шошыну, әрекетсіздік сияқты реакциялар байқалады. Егер бұл реакциялар бір айдан артық уақытқа созылса және де науқас клиникасында айқын дискомфорт және ағза функцияларының бұзылыстары болса, СЖКБ диагнозын қоя аламыз. Кейде симптомдар 6 ай ішінде дамуы мүмкін, бұл жағдайда “басталуы кейіндетілген” ағым туралы ойлауға болады. Егер симптомдар  3 ай бойы сақталса, созылмалы СЖКБ деп атайды. Олар көбінесе ұзақ уақытты зорлау, тағы басқа қосымша стрестермен байланысып дамиды.

стресстен кейінгі бұзылыс
Стресстен кейінгі жағдай

Симптомдарды 3 топқа бөлуге болады:

1. Қайталанып отыратын зақымдаулар:

  • Оқиғаны еске алу, ойлау нәтижесінде пайда болған дискомфорт
  • Стрестік жарақат оқиғасының шын мәнінде көз алдына (иллюзия, галлюцинация түрінде) қайта келуі
  • Түнгі шатасулар (кошмары) (болған немесе басқа қорқынышты оқиғаларды көру)
  • Жарақаттық оқиғада болған бір белгімен кездесу эмоциональді дискомфортты тудырады.

2. Жойылулар:

  • Жарақаттық оқиғаға байланысты әрекеттердің, жерлердің (орын), адамдардың
  • Болашақтың (қалыпты өмір ешқашан болмайды деп ойлайды)
  • Сөйлеу, ойлау, сезімдердің
  • Қызығушылық
  • Адамдардан жекелену
  • Эмоциональді көріністердің (мысалы, маххабат сезімінің болмауы)

3. Екі немесе үш симптоммен көрінетін қозғыштық:

  • Ұйқының бұзылуы
  • Ашулану, ашу тұтану
  • Шоғырлаудың қиындауы
  • Жоғары сақтық сезімі
  • Селк ету реакциясының жоғарлауы

Таралу жиілігі. Ер адамдар стреске бейім болып келеді, себебі олардың организмінде стресті гормон кортизол көп мөлшерде болады. Бірақ статистика бойынша стрестік жарақаттарға әйелдер жиі ұшырайды екен. Бұны қазіргі кезде жиі кездесетін сексуальді зорлаумен байланыстырады. Зорлаудан кейінгі СЖКБ 31% жағдайда кездеседі.

АҚШ ғалымдары СЖКБ гипоталамус көлемінің азаюына, осыған байланысты есте сақтау мен эмоцияның төмендеуіне әкелетінін дәлелдеген. Бұл зерттеуге физикалық, эмоциональді, сексуальді зорлануға ұшыраған және жақын адамдарын жоғалтқан 15 бала бақыланды. Бұл балалардың қанында “стресс гормоны”- кортизолдың жоғары деңгейі анықталды. Ал кортизол гипоталамус клеткаларын жояды екен.

Стресті жарақаттан кейінгі бұзылыстарды не тудырады?

Өткен жағдайлар адам психикасында көру, есту, иіс сезу анализаторларымен бірігіп, есте сақталғандықтан, кейбір тітіркендіргіштер осы анализаторларға әсер етіп, есте қалған жағдайларды көз алдына әкеледі. Басқа себебі ретінде, өткен жарақаттық жағдай өте қатты эмоциялық толқу тудырса, қайта есіне түсіріп отыруына мәжбүр болады. Адам бұрын сеніп жүрген заттарға күмәнденеді. Жарақатты бағалау үшін ол туралы ойлау керек, ал бұл ауыр тиетін еске алулар мен сезімдерге әкеледі. Сондықтан адамдар бұл туралы ойлаудан бас тартады, түсініп, жанының тыныштығын тудырудың орнына, сонымен адам болған оқиғаны еске алу мен ұмытуға тырысу арасында айналып жүреді.

Стресті жарақаттан кейінгі бұзылыстар (СЖКБ) қалай дамиды?

СЖКБ симптомдары науқастарда өте тез дамиды. Олардың жартысында 3 айдан кейін спонтанды жағдайының жақсаруы байқалады. Кейбіреуінде бұл симптомдар көп жылға дейін созылуы мүмкін, ал басқаларында байқалмауы мүмкін.

Стресті жарақаттан кейінгі бұзылыс кезіндегі когнитивті- бихевиоральді терапияның көмегі.

Когнитивті- бихевиоральді терапия 3 сатыдан тұрады:

  • Сіздің  дәрігеріңіз (психотерапевт) сізді өткен жағымсыз жағдайлардан арулуыңызға –  өзіңізді бос ұстауыңызға, ауырлық сезімнен құтылуға көмектеседі.
  • —Сіздің дәрігеріңіз (психотерапевт) басыңыздан өткен жағымсыз жағдайларды ой елегінен өткізіп,  оны сыртқа шығару жеңілдік әкеледі. Неғұрлым  бұны жиі орындасаңыз, соғұрлым бұл сіздің ішкі жаныңызға тыныштық әкеледі.
  • Сіздің дәрігеріңіз сізді негативті ойларды бағалауға, өмірлік проблемалармен  күресуге үйретеді.

—Терапия ұзақтығы. —Емдеу мерзімі мына жағдайларға байланысты-  өмірде болған зақымдалу жағдайларының  жиілігіне, олардың ауырлығына; осы кезеңдегі өтіп жатқан симптомның ауырлығына; өмірдегі басқа да проблемалардың көлеміне. Бір ғана стрестік жағдайды басынан өткізген адамдарға көбінесе 12-20 сеанс жеткілікті. Бір сеанс ұзақтығы  45-50 минут. Кейде 90 минутқа созылады.

Дәрілік заттардың көмегі. —СЖКБ кезінде тек қана дәрілік заттарды қолдану жеткіліксіз, алайда комбинирленген терапия көмектесуі мүмкін. Қажетті жағдайда сіздің дәрігеріңіз (психиатр) дәрілік заттарды тағайындайды.

Осы материалмен қоса эмоционалды стресс жайлы толықтай оқи кетіңіз.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!