Т-лимфоциттермен антигендердің танылуы

Т-лимфоциттермен антигендердің танылуы

Егер В-лимфоциттер қандай да бір нәруыздармен байланыспаған бос антигенді детерминантты анықтауға қабілеті бар болса, Т-лимфоциттер эпитоптарды тек І және ІІ класс МНС нәруыздарымен комплекс түрінде ғана анықтай алады.

Мысалы, Т-киллерлер бөгде эпитопты тек І класс МНС нәруыздарымен комплекс түрінде ғана анықтайды. Бұл шектелуді МНС-рестрикция деп атайды. Сонымен Т-киллер І класс МНС нәруыздарына рестрикцияланған.

Т лимфоциттер қызметі

Т-хелперлер антигендерді ІІ класс МНС және нәруыздарымен комплекс түрінде ғана анықтайды, яғни олар ІІ класс МНС нәруыздарына рестрикцияланған. Т-лимфоциттердің антигентанушы кешені (Т-жасушалық рецептор, Т-хелперлерде CD4 нәруызы, Т-киллерлерде CD8 нәруызы және CD3 нәруызды кешені) мен МНС антигендері бойынша рестрикцияланған антигентаныстырушы жасушалар арасындағы қарым-қатынас көрсетілген.

Антигентаныстырушы комплекс

ТЖР – Т-лимфоциттердің антигентаныстырушы рецепторы, ол жоғарыда айтқандай бір-бірімен ковалентті байланысқан екі полипептидті тізбектен (α және β) тұратын гетеродимер. Тізбектің әрқайсысы варибельді V-домені мен тұрақты С-доменінен тұрады. Вариабельді домендер антигенді детерминанттармен тікелей байланысады. Олардың құрамында иммуноглобулиндердің идиотиптік детерминанталарына ұқсас идиотиптік детерминанттар болады.

Т-жасушалық рецептор молекуласының құрылымы иммуноглобулиндер тұқымдастығының құрылымына ұқсас келеді. ТЖР вариабельді және тұрақты домендері иммуоглобулиндердің сәйкес домендеріне ұқсас. Т-жасушалық рецептордың В-лимфоциттердің иммуноглобулинді рецепторлардан айырмашылығы – ол бір валентті, ал иммуноглобулиндердің рецепторлары – екі валентті.

Бүгінгі күні Т-жасушалық рецептордың екі түрі белгілі: ТЖРІ және ТЖРІІ. ТЖРІ γ- және δ-тізбектерінен тұрады және ол эмбрионалды даму кезеңінде бірінші пайда болады, бірақ ересек организмде аталған рецепторлары бар жасушалар саны 5% аспайды. Бұл субпопуляцияның рөлі әлі толығымен анықталмаған. Т-лимфоциттердің 95% α- және β-тізбектерінен тұратын ТЖРІІ экспрессиялайды.

Т-жасушалық рецептордың V-домендерінің вариабелділігін (сәйкес гендерінің мүмкін болатын барлық комбинациясын ескере отырып) есептеген кезде, Т-жасушалық рецептордың арнайылылық варианттары (идиотиптер) шамамен 3х10⁷ құрайтынын көрсетеді.

Вариабелді домендердің α- және β-тізбектері антигенді детерминанттармен (эпитоптармен) тікелей байланысады. Ол антигентаныстырушы жасушамен өңделген антигеннің антигенді детерминаты мен ТЖРмарнайы байланысуын қамтамасыз етеді. Т-жасушалық рецептордың α- және β-тізбектерінің әртүрлі аймақтары АТЖ бетіндегі МНС нәруыздарының белгілі бір аймақтарымен және өңделген антигендердің эпитоптарымен әсерлеседі. Тұрақты домендер МНС нәруыздарымен комплементарлы байланысуын қамтамасыз етеді.

Т-жасушалық рецептор гетеродимері Т-лимфоциттердің мембранасында CD3 кешенінің полипептидті тізбегінің цитоплазмалық аймақтарымен ковалентсіз байланысқан. CD3 кешені антигенді тікелей тануға қатынаспайды, бірақ ол ТЖР молекуласынан цитоплазмаға белгінің өтуін жүзеге асырады. Нәтижесінде жасушаішілік үрдістер белсену салдарынан Т-лимфоциттердің эффекторлы қызметінің жүзеге асуына мүмкіндік туады.

Т-хелперлер мен Т-киллерлердің мембранасында орналасқан CD4 және CD8 молекулалары антигенді тану үрдісі кезінде АТЖ бетіндегі МНС нәруыздарының сәйкес аймақтарымен (антигенді жасушаішілік өңдеу үрдісі кезінде эпитоп пен МНС нәруыздары бірігіп иммуногенді түрде болады) әсерлеседі. Бұл әсерлесу антигентанстырушы кешеннің жұмысындағы ең маңызды кезеңінің бірі болып табылады. Сондықтан CD4және CD8 молекулаларын Т-жасушалық рецептордың корецепторлары деп атайды.

Антигендерді тану үрдісі АТЖ (ІСАМ-1, LFA-3) мен Т-лимфоциттер (LFA-1, LFA-2) бетіндегі арнайы адгезия молекулаларының әрекеттесуі арқылы иницияациаланады және жеңілденеді.

Т-хелпер мен Т-киллер антигендерді тану үрдісіне толығырақ тоқталсақ.

Антигентаныстырушы жасуша бетіндегі иммуногенді кешенді ТЖР көмегімен анықтаған кезде Т-хелперлер алған белгі арнайы деп атайды. Бірақ, Т-хелперлердің толық белсенуі үшін бұл белгіні қабылдау жеткіліксіз. Сондықтан тағы бір белгі – костимулдаушы белгі қажет. Егер жасуша аталған белгіні алмаса, онда апоптозға ұшырайды және жойылады. Т-хелперлер екінші белгіні өздерінің бетінде орналасқан CD28 (CD40L немесе CTLA-4) молекуласы мен АТЖ бетіне экспрессияланған костимулятор молекулалары – нәруызды молекулалармен әрекеттескенде алады. Макрофагтар мен дендритті жасушаларда аталған молекулаларға В7 молекуласы, ал В-лимфоциттерде В40 молекуласы жатады.

Макрофагтарда В7 молекуласының экспрессиясы индуцибелді. Мысалы, оның экспрессиясын полисахаридтер мен липополисахаридтердің бактериалды қабырғасы шақыра алады. Бұл қосылыстар В7 мен В40 молекуласының В-лимфоциттерде экспрессиясын шақыруы мүмкін. В7 молекуласының экспрессиясын шақыратын басқа факторлар әлі белгісіз. Сонымен қатар, Т-хелперлердің костимуляциясына гуморалды факторлар да қатысады. Олар: ИЛ-1, ИЛ-12, ИЛ-4 және басқа цитокиндер.

В7 костимуляторының микробты компоненттері әсерінен шақырылуы иммундық жүйенің организмнің меншікті антигендерін бактериалды антигендерден ажыратуға мүмкіндік береді деген болжам бар. Кейбір нәруыздарға имммундық жауапты олардың құрамына өлтірген микроорганизмдер мен бактериалды қабырғалардың компонеттері бар адъюванттарды қосқанда ғана шақыруға болатыны эксперименталды түрде дәлелденген. Бұл жағдай келесідей түсіндіріледі: егер құрамында бактериалды компоненттері жоқ нәруызды антигендер макрофагтармен жұтылып және таныстырылса, антигенді таныған Т-лимфоцит костимулдаушы белгінің болмауы салдарынан инертті (анергия) жағдайға немесе апоптозға ұшырайды. Ал иммунизациялаушы қоспаға бактериалды қабырғаның компонеттерін (макрофагтарда В7 молекуласының өндірілуін шақыратын) қосу Т-хелперлердің жұмысының толық іске қосылуын қамтамасыз етеді, нәтижесінде нәруыздарға қарсы антиденелердің өндірілуі басталады. Бұл үрдіс адъюванттардың көмегінсіз мүмкін емес.

ДЖ В7 костимуляторы мен І және ІІ класс МНС молекулалары айқын, әрі тұрақты (индуцибелді емес) экспрессиялану салдарынан, ДЖ бетінде иммуногенді кешендер жылдам қалыптасады. Сонымен қатар дендритті жасушалармен таныстырылған антигендер CD4-жасушаларының да (Тх1 және Тх2), CD8-жасушаларының да (Т-киллерлер) пролиферациясы мен дифференцировкасын шақыра алады.

Т-киллер І класс МНС нәруыздарымен комплекс түрідегі сәйкес эпитопты анықтайды және дендритті жасушада экспрессияланған В7 молекуласыана костимулдаушы белгіні алады. Нәтижесінде белсенеді де бірқатар цитокиндерді, соның ішінде ИЛ-2 мен IFN-γ өндіре бастайды. Аталған цитокиндер Т-киллердің меншікті рецепторлары көмегімен аутокринді әсер ету арқылы пролиферация мен дифференцировканы ынталандырады, нәтижесінде жетілген эффекторлы Т-киллерлер (иммундық киллерлер) түзіледі.

Нәруызды атигендердің пептидті фрагменттері немесе вирустардың пептидтері дендритті жасушаларла ІІ класс МНС нәруыздарымен ассоциациялануы мүмкін. Мұндай жағдайда ДЖ бетіндегі иммуногенді комплексі СD4 т-хелперлер анықтайды, нәтижесінде жасушалық және гуморалдық иммундық жауап қалыптасады.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!