Сол жақ қарыншалық жетіспеушілік

Сол жақ қарынша қызметінің жедел жетіспеушілік синдромы

Сол жақ қарынша қызметінің жедел жетіспеушілік синдромы –тіндік сұйықтықтың бірінші өкпенің интерстициалды тінінде (жүрек астмасы), одан кейін альвеолаларға (өкпенің ісінуі) сіңуінен дамитын клиникалық синдром.

Пайда болу себептері: Өкпенің ісінуі – көптеген аурулардың асқынуынан, соның ішінде жүрек қантамыр жүйесінің. Сол жақ қарынша миокардының жиырылу қабілетінің төмендеуінен, сол жақ жүрекшеден келген қанды қолқаға айдай алмауынан, сол жақ жүрекшеде және кіші қанайналым шеңберінде қанның іркілуі болады.

Сол жақ қарыншаның шамасыздығы миокард инфаркты, постинфаркты кардиосклерозда, гипертоникалық кризде, митральды және аортальды клапандар ақауында болады. Жүрек –қантамырлар ауруымен ауыратын науқастарға адреналин енгізгенде сол қарыншаның жедел жетіспеушілігі дамуы мүмкін.

Клиникалық көрінісі. Жүрек демікпесі уақытында ауру адамдарда кенеттен тұншығу сезімі, сілекейлі жабысқақ көпіршік қақырық пен жөтел мазалайды, одан ары әлсіздік, суық тер пайда болады. Науқас адам еріксіз аяқтарын төмен түсіріп отырады.

Терісі сұрланады немесе көгереді, кеуде өкпе үстінен көптеген құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі, жүрек ұшында жүрек дыбыстары әлсіз естіледі, ал өкпе бағанасында екінші дыбыс күшейіп естіледі.
Тахикардия анықталады (1 мин 140-150 рет), артериалды қысым қалыпты, жоғары немесе төмен болуы мүмкін.

Сол жақ қарыншалық жетіспеушілік
Жүректің сол жақ қарыншасының әлсіздігі (жетіспеушілігі)

Дифференциалды (ажырату) диагнозы

Жүрек астмасын бронх астмасынан айыру кейде қиынға түседі. Бұл кезде анамнездік мәліметтер маңызды роль атқарады: бронх астмасы балалық шақта немесе жастық шақтағы аурулар, қайталама пневмония, ал жүрек астмасы қарттық шақта жүрек – қантамырлар және бүйрек  ауруларында көрінеді.

Бронх астмасында қиындаған, ұзаққа созылған, шулы дем шығару, дем алуды басып кетеді, алыстан ысқырған сырылдар естіледі,  өкпені тыңдағанда барлық аймақтарда құрғақ сырылдар естіледі. Жөтелу мен қақырық тастау науқас жағдайын жақсартады. Жүрек астмасы үшін дем алудың қиындауы тән, кіші қан айналым шеңберінде қан іркілу белгілері байқалады, жөтелу мен қақырық тастау науқас жағдайын жақсартпайды.

Науқасқа көмек көрсету кезектілігі: Сол жақ қарыншаның жедел жетіспеушілігінде науқасты бірден стационарға госпитализациялау керек. Медикаментозды терапия тыныс алу орталығының қозғыштығын төмендетуге және кіші қан айналым шеңберіндегі қан көлемін азайтуға бағытталуы керек және де госпитальды этапқа дейін терапевт және рениматолог қатысуы керек. Негізгі диагнозға байланысты емдеу шаралалары әртүрлі болуы мүмкін.

1. Науқасқа қан іркілісінің айқындалмаған көрінісінде басын көтеріңкі ұстау керек, өкпенің қайырма ісігінде аяғын отырған қалпында салбыратып қою қажет, осы іс-шараларды айқындалған артериалды гипертензия кезінде жасауға болмайды. Периферияда қанды жинау және қалыпты және жоғарғы АҚ кіші қан айналым шеңберін азайту үшін венозды вазодилятаторларды сублингвальды нитроглицеринді 0,5 мг; 0,4-1.25 мг дозада аэрозоль түрінде 10 мин сайын енгізеді.

Нитраттарды қолдануға қарсы көрсеткіш болып анамнездегі аллергиялық реакциялар болып табылады: айқындалған гипотензия, өкпе артериясындағы өкпе ісігінің көрінісі байқалмайтын массивті тромбоэмболия, бронх астмасы ұстамасы, айқындалған митральды стеноз, астматикалық статус, аортальды стеноз, оструктивті гипертрофиялық кардиомиопатия, инсульт, декомпенсация сатысындағы созылмалы церебральды дисциркуляция, айқындалған анемия, токсикалық өкпе ісінуі, жабық бұрышты глаукома, гипертиреоз т.б.

2. Өкпедегі қан іркілісін төмендету үшін қалыпты және жоғарғы АҚ зәр айдағыш заттарды қолданады. Ең тиімдісі вена ішіне лазиксті (фуросемид) ағынды енгізу. Өкпе ісінуінде алғашқы дозасы жоғары болады (60-80 мг – 6-8 мл 1% араластырылмаған ерітінді), қажетті жағдайда 200 мг-ға дейін жетуі мүмкін. Препараттың эффективтілігі алғашқы 30 минуты вазодилятаторлық әсерге, одан кейін диуретикалық қасиетке ие болады.

3. Сол жақ қарыншаның жедел жетіспеушілігінде наркотикалық анальгетиктерді, морфинді оптимальды вена ішіне 2-5 мг дозасын енгізеді, қайталап енгізу 15 мин кейін жүргізіледі. Морфин венозды вазодилататорлық әсерге және кіші қанайналым шеңберінде қан көлемін азайтатын қасиетке ие, сонымен қатар тынысалу орталығын тежеу арқылы тыныс бұлшықеттерінің жұмысын төмендетеді, ол өз кезегінде жүректің қосымша жүктемесін төмендетеді. Тыныс алу жиілігінің бұзылысы ( Чейна – Стокс),тыныс алу орталығының тежелуінде морфинді енгізбеу керек. Айқындалмаған ұстамада ( бронхиальды астма жоққа шығарылмаған жағдайда) аса сақтық қажет.

4. Өкпенің токсикалық ісінуі кезіндегі кардиотропты және зәр айдағыш терапиядан басқа ұстамаға қарсы арнайы шаралар қолданады.Капиллярлардың өткізгіштігін төмендету үшін вена ішіне т 60-90 мг преднизолонды немесе басқа глюкокортикоидтарды енгізеді.

Сол жақ қарыншаның жиырылу қабілетінің жедел төмендеуі кардиогенді шоктың дамуын тудырады. Ол артериалды қысымның төмендеуімен, тері қабаттарының бозаруымен, суық термен, ентікпемен, аз толымды, кернеулігі төмен, жиі пульсацияның болуымен, ақыл-есінің бұзылуымен жүреді.

Кардиогенді шоктағы науқастарға бірінші көмек ауыру сезімін кетіруден (наркотикалық заттарды қолдану), артериалды қысымды жоғарылатудан (норадреналинді, мезатонды енгізу), миокардтың жиырылу қабілетін жоғарылатудан (жүрек гликозидтерін тағайындау), айналымдағы қан көлемін жоғарылатудан (полиглюкинді, реополиглюкинді венаішілік енгізу) басталады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!