Ісік лизис синдромы
Ісік лизисі синдромы (ІЛС) – ісік клеткаларының химиятерапиялық ем барысында жаппай жойылуы кезінде туындайды. Негізінен жедел лейкоз, жоғары дифференциялданған лимфомалардың емі кезінде дамиды.
Басқаша анықтама берсек, Ісіктер лизис синдромы онкологиялық ауруларды емдеу кезіндегі қауіпті асқыну. Бұл синдром Т- және В-лимфома, лейкоз және көбінесе солидті ісіктер кезінде клеткалардың тез пролиферациясынан пайда болады
Ісік клеткаларының бұзылуы нәтижесінде қан тамыр жүйесіне жасуша ішілік электролиттер (фосфор, кальций, калий), пурин дегидрадация туындылары (ксантиндер, гипоксантиндер, зәр қышқылы, т.б.), протеазалар. Зәрге ксантин, гипоксантиндер және зәр қышқылының көп мөлшерде түсуі нәтижесінде кристализация жүріп, олардың бүйрек каналшаларында шөгуі болады. Фосфор, кальций ерімейтін қосылыстар түзіп, бүйрек каналшалары мен капилляр тіндерінде шөгеді. Осының нәтижесінде гипокальцемия, олиго- және анурия, тіндік некроз туындайды.
Бұл бұзылыс қатерлі рак клеткаларын жоя және лизиске ұшырата отырып организмдегі басқа да витаминдер мен минералдар (калий, фосфор, зәр қышқылы, кальций) қанға көп мөлшерде өтіп оның организмнен шығуы бүйректегі осы процесті реттеу бұзылысына байланысты қиындайды. Осыдан бүйрек жетіспеушілігі, электролиттік дисбаланс, жүрек аритмиясы,тырыспа және өлімге алып келуі мүмкін.
Гипокальциемия гипомагнезияға әкеледі. Яғни ол жүйке-бұлшық ет өтімділігін және тегіс қаңқа бұлшықеттерін жиырылуының бұзылысына әкеледі (спазмофилия, қалтырау, жүрек соғу жиілігінің бұзылуы). Гипокалиемия – ісік лизисі синдромының ең қауіпті асқынуы. Оның 7,0 ммоль/л-дан асуы жүрек тоқтауына әкеледі.
Протеазалар мен прокоагулянттардың қан тамыр жүйесіне көп мөлшерде түсуі ауыр коагулопатияға әкеледі.
Ісік лизис синдромының клиникалық көрінісі
Электролиттік дисбаланс кезінде
Калий көп мөлшерде болуы кезінде байқалады:
- Жүрек айну, құсу
- Тәбеттің төмендеуі
- Диарея
- Бұлшықет әлсіздігі және тырыспа
- Аяқ-қолдардың жансызданып қалуы немесе еріктен тыс қимылдау
Зәр қышқылы көбейсе: Бұл көбінесе ауыр жағдайларға жедел бүйрек жетіспеушілігіне алып келеді.
Науқастарда байқалады:
- Жүрек айну, құсу
- Тәбеттің төмендеуі
- Арқада ауырсыну
- Подагра (аяқтағы үлкен бақайдың ісінуі)
Фосфор көбейетін болса:
- Жүрек айну және құсу
- Диарея
- Шаршағыштық
- Қалтырау
- Бас ауыру
- Бас айналу
Кальций мөлшерінің төмендеуі алып келеді:
- Ауыз, ерін, буындарда солқылдап ауырсыну сезімі
- Аяқ-қолдың дірілдеп қозғалуы, қалтырау
Тамырішілік лейкостаз. Бас миының ірі тамырлары мен өкпеде лейкостаз клеткалары ыдырауы ауыр түрдегі қан кету,тромбоэмболия клиникалық көрінісі ми инсульті және жедел тыныс жетіспеушілігімен сипатталады.
Эритроцитарлы массаны құю кезінде: Индукциялық терапияға дейін эритроцитарлы массаны құю лейкостаздын дамуына қолайлы фактор болып табылады. Анемияны тез түрде коррекциялау қанның тұтқырлануына алып келеді. Химиотерапиямен лизистенген лейкозы клеткалардан шыққан субстанция өкпе эпителииінің зақымдануына немесе клеткалардың өкпелік және тамырлық секвестрленуіне потенциалды фактор болып табылады.
Жедел өкпелік тромбоз. Тромб түзілудің себебі белгісіз, бірақ болжамалы түрде ісік эмболдарының клетка лизисінен кейін пайда болады. Тамырішілік микрокоагуляция бұзылысынан да болуы мүмкін.
Өкпелік асқыну аурудың бастапқы кезеңінде немесе ісікке қарсы ем алғашқы күндерінде, әртүрлі факторлар, инфекция, өкпеге лейкозды клеткалар инфильтрациясы, өкпелік тамырлық лейкостаз, өкпеішілік қан кету, өкпе ісінуі, химиотерапия токсикалығы тудырады.
ІЛС – бүйрек зақымдалуы кезінде ауыр өтеді. Бұл синдром аздаған ісік болғанда да даму ықтимал. ІЛС туындау мүмкіншілігі болса, химиятерапия (циторедуктивті) профазадан басталады.яғни аздан басталып, біртіндеп дозасын көбейтеді.
ІЛС-ды емдеуден гөрі алдын алу оңай.
Ісік лизис синдромын алдын алу:
- Зәр қышқылы, фосфор, калий, креатининнің жоғары мөлшерін химиятерапияға дейін қалыпқа келтіру керек.
- Зәрдің натрий бикорбонатымен алкализациялау рН 7,0-7,5 болуы керек. Кальцийдың мөлшерін бақылап отыру керек.
- Фуросемид тағайындау.
- Олигоурияның алдын алу үшін дофаминнің аз дозасын тағайындау керек.
- Ауыз арқылы алюминий гидроксидін фосфаттарды байланыстыру үшін қабылдау керек.
- Әр бір 12 сағат сайын калий, кальций, фосфор, зәр қышқылын, креатинин, мочевинаны бақылау.
- Диурезді бақылау, зәрдің рН-ын анықтау.
- Күнделікті магний, натрий, альбумин, ЭКГ, қышқыл-сілітілі балансты, СРБ, коагулограмманы бақылау.
Ісік лизис синдромының емі:
- Гиперурекемия көптеп жіберілетін ерітінділердің көлемін күніне 5 литр/м2-қа дейін көбейту.
- Гиперкалиемия- 5,5 ммоль/л-ге дейін Натрий хлоридін фуросемидтің 1 дозасымен (20мг) бірге көктамырға енгізу.
- 5,5-6 ммоль/л ерітінді көлемін ұлғайту + 30 г натрий фосфаты полистиролымен сорбиталды ішке тағайындау.
- 6 ммоль/л-ден жоғары 10мл 10% кальций глюконат, сұйықтығы көлемін ұлғайту, фуросемид, 50 % глюкоза ерітіндісі және 10Ед инсулинді көктамырға енгізу.
- Гиперфосфатемия ауыз арқылы алюминий гидроксидін беру.
- Гипомагнеземия магний енгізу.
- Олиго- және анурия гемодиализ.
Гемодиализге көрсеткіштер:
- Калийдың мөлшері 6 ммоль/л-дан жоғары болғанда;
- 7 ммоль/л болғанда шұғыл гемодиализ;
- Диурез сағатына 50 мл/м2 аз болса;
- Қос несепағардың обструкциясы кезінде;