Паспорттық бөлім.
Тегі: С
Бағыттаушы мекеме диагнозы: Жедел оң жақты гемисинусит
Клиникалық диагноз: Жедел оң жақты фронтит. Жедел оң жақты іріңді гайморит
Шағымдары: Ауруханаға түскен кездегі шағымдары – жалпы бас ауруы, дене температурасының көтерілуі, әлсіздік, басының маңдай бөлігінің ауырсынуы, мұрынмен тыныс алу және иіс сезудің бұзылуы, мұрыннан үнемі сұйықтық бөлінуі және жағымсыз иісті болуы.
Науқастың қазіргі кездегі шағымдары – маңдайдай бөлігінің аздап ауырсынуы, мұрыннан шырыш бөліну, дем алуы қиындаған, әлсіздік.
Anamnes morbi.
Науқас өз ауруын суық тиюмен байланыстырады, басында басының ауырғанын, жалпы әлсіздік, мұрыннан сұйықтық ағуын, иіс сезудің бұзылуын, қабақ үстінің және маңдай аумағының ауырғанын айтты. Содан кейін студенттік ауруханаға қаралғанын, 10 күн бойы ем қабылдағанын айтты, бірақ ем нәтижесіз болғандықтан жолдама бойынша ЛОР бөлімшесіне стационарлы емге жатқызылды.
Anamnes vitae.
1991 жылы ауқаты орташа жанұяда бірінші баласы болып дүниеге келген, күні жетіліп туылған. Бір жасқа толғанша ана сүтімен қоректенген. Мектепке 7 жасында барды, дене құрлысы және ой – өрісінің дамуы жағынан қатарынан қалмай орташа оқыды. 9 сыныпты бітіре салысымен Семей қаласындағы ПТШ Адлет №1-ге 1-ші курсқа, шаштараз мамандығына оқуға түскен. Қазір сол мекемеде 2-ші курс студенті. Тұрғын үй – тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық, қолайлы пәтерде тұрады. Мезгілімен тамақтанады, тамағы сапалы, әр түрлі. Зиянды әдеттері жоқ. Етеккірі 15 жасында бірінші рет келген, 3-4 күн бойы, ауырсынусыз. Жыныстық қатынаста болмаған. Бұрын ауырған аурулары: жедел респираторлы аурулар және тұмау. Жақын туыстарында ешқандай тұқым қуалаушылық аурулары жоқ. Дәрі – дәрмектерге, түрлі тағамдарға, иістерге аллергиялық реакциясы жоқ.
Status presens.
Жалпы жағдайы: Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта.
ЛОР мүшелерін қарау.
Мұрын және мұрынның қосалқы қуыстары:
Мұрынның сыртқы пішіні өзгермеген. Маңдай және жоғарғы жақ қуыстарының қабырғаларының беттегі проекциясы ерекшеліксіз. Алдыңғы және төменгі маңдай, жоғарғы жақ қуыстарының қабырғалары ауырсынады. Үшкіл нервтің 1-ші және 2-ші тармақтарының шығу орнын пальпациялағанда ауырсынусыз. Мұрын арқылы тыныс алуын мақталы сынамамен тексергенде, оң жағымен тыныс алуы қиындаған. Иіс сезу қабілеті төмендеген.
Алдынғы риноскопияда: Мұрын кіреберісі таза, кедергісіз, мұрын пердесі орта сызығымен, мұрынның шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, жолдары тарылған, кеуелжірлері кеңіген. Мұрыннан іріңді шырыш бөлінеді. Рентгенограммада маңдай және жоғарғы жақ қуыстары қарайған.
Регионарлық лимфа түйіндері: Тері астында орналасқан лимфа бездері: желкенің, мойынның, құлақ маңының, жақ астының, бұғана үстінің және астының, қолтықтың, шынтақ аумағының, шаттың, тақым асты бездері – үлкеймеген, қолмен уқалағанда ауырмайды.
Ауыз қуысы: Аузын жеңіл ашады. Еріннің, ұрттың шырышты қабаты қызғылт түсті, ылғалды. Сілекей шығару бездері өзгеріссіз. Тілі қозғалмалы, ылғалды, ашық – қызыл түсті. Қатты және жұмсақ таңдайы қызғылт, ылғалды; жұмсақ таңдайы қозғалмалы.
Жұтқыншақ.
Ауыз-жұтқыншақ. Таңдай доғалары контурленген, қызғылт түсті, бадамша бездерінің үлкеюінің 1-ші дәрежесі анықталады. Лакуналарда патологиялық өзгерістер анықталмайды. Бадамша бездерінің беті тегіс. Жұтқынщақтың артқы қабырғасы ылғалды, қызғылт, лимфоидты гранулалар гипертрофияланбаған. Жұтыну рефлексі сақталған.
Мұрын – жұтқыншақ.
Мұрын – жұтқыншақтың күмбезі бос, шырышты қабаты қызғылт түсті, ылғалды. Хоаналары бос. Есту түтікшелерінің саңылаулары айқын көрінеді.
Көмей – жұтқыншақ. Тіл бадамшасы ерекшеліксіз. Фаликулалары бос. Артқы және бүйір қабырғалары қызғылт түсті, ылғалды. Алмұрт тәрізді синустар фонация кезінде жақсы ашылады, бос. Алмұрт тәрізді синустардың шырышты қызғылт түсті, ылғалды.
Көмей. Жақ асты, терең мойын, припарингиальді, трахеялық лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Көмей пішіні дұрыс, пассивті, қозғалмалы, шеміршектердің сықыр симптомы анық байқалады. Ларингоскопияда: бөбешіктің шырышты қабықшасы қызғылт түсті. Ожау тәрізді шеміршек аймағының, ожау тәрізді аралық кеңістіктің және вестибулярлы қатпарлардың түсі қызғылт, беті тегіс, ылғалды. Дауыс қатпарлары, нағыз дауыс байламдары жылтыр сұр түсті. Дауыс қатпарлары фонация кезінде толығымен жабылады. Тыныс алған кезде дауыс саңылауы кең, қатпар асты кеңістік бос. Даусы ашық, тыныс алуы еркін.
Құлақ. Оң жақ құлағы: Құлақ қалқанының пішіні дұрыс, емізікше өсіндісін, сырғалықты пальпациялағанда ауырсынусыз. Сыртқы есту жолы кең, аз мөлшерде күкірт бар. Дабыл жарғағы жылтыр сұр түсті. Балғашықтың қысқа өсіндісі және қолшасы, жарық конусы, алдыңғы және артқы қатпарлары жақсы анықталады. Өзгерістер жоқ.
Сол жақ құлағы: Патологиясыз.
Есту анализаторын функциональді зерттеу нәтижелері.
Оң жақ құлақ | Сол жақ құлақ | ||
– | СШ (Субъективті шу ) | – | |
6м | СС | 6м | |
6м | ЖС | 6м | |
Вебер тәжірибесі | |||
+ | Ринне тәжірибесі | + | |
+ – | Швабах тәжірибесі | + – | |
– | С 128 К (Қалыпты-40″) | – | |
– | С 128 В (Қалыпты-60″) | – | |
– | С 2048 (Қалыпты-30″) | – | |
+ | Желле тәжірибесі | + | |
+++ | Есту түтікшесі (Норма +++) | +++ | |
Болжамалы диагнозды негіздеу.
Шағымдарына: Бастың маңдай бөлігінің, мұрынмен тыныс алудың қиындауы, мұрыннан сұйық бөліністердің ағуы;
Анамнезінен: Суық тиіп ауырып қалғанына 10 күндей болғанына;
Объективті қараған кезде: Мұрынның шырышты қабықшасының ісінуіне, қызарғанына, ортаңғы мұрын жолында іріңнің бар болуына;
Рентгенограммада: Маңдай және гаймор қуыстарының қараюына;
Гаймор қуысына пункция жасағанда: Оң жағында іріңді бөліністердің шығуына байланысты, болжамалы диагноз қоямын: Жедел оң жақты фронтит. Жедел оң жақты гайморит.
Тексеру жоспары:
- ЖҚА, ЖЗА
- RW қан тексеру
- Нәжісті гельм/жұм. тексеру
- ҚБА
- Мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенографиясы
- Флюраграфия
Зерттеу түрі
| Нормадағы көрсеткіш | Науқастағы көтсеткіш | Интер-прита-ция |
ЖҚА HB L Эритроциттер Түс көрсеткіші ЭТЖ | 120-140г/л 4,0*10-8,8*10/л 3,7*10-4,7*10/л 0,86-1,05 2-15мм/сағ | 122г/л 6,0*10/л 3,7*10/л 0,90 10мм/сағ |
|
Зерттеу түрі
| Нормадағы көрсеткіш
| Науқастағы көтсеткіш | Интер-прита-ция |
ЖЗА Түсі Мөлдірлігі Салыс.тығыздығы Ақуыз Жазық эпителии L | Сабан – сары Тұнық 1008-1026 Жоқ немесе іздері Аз мөлшерде 0-6к/а | Сабан – сары Тұнық 1020 Жоқ Бірлік 3-4к/а |
Зерттеу түрі
| Нормадағы көрсеткіш
| Науқастағы көтсеткіш | Интер-прита-ция |
ҚБА Глюкоза Ақуыз Холестерин Билирубин Мочевина Креатинин К Фибриноген | 3,38-5,55ммоль/л 65-85г/л 3,4-6,5 ммоль/л 8,5-20,5 ммоль/л 2,5-8,3 г/л 53-97 г/л 70-130% 2,4 г/л | 5,2 ммоль/л 70 г/л 3,6 ммоль/л 10,0 ммоль/л 3,6 г/л 62 г/л 80% 2,4 г/л
|
Нәжісті талдау.
Гельминт жұмыртқалары табылған жоқ.
Вассерман реакциясына қан тексеру.
Реакция теріс(-).
Флюорография.
Сол жақ өкпенің құйрықты бөлігінің түбінде инфильтраттар, синустары бос, аорта мен жүрек өзгеріссіз. Сол жақ өкпенің бронхопневмониясы.
Мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенографиясы. Оң жақ маңдай және оң жақ гаймор қуысының қараюы.
Оперативті емдік пункция. Оң жақ гаймор қуысында ірің бар.
Күнделік.
28/10. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары: Мұрын арқылы тыныс алудың нашарлауы. Объективті: Мұрын қуысының шырышты қабаты қызарған, ісінген, тарылған.
29/10 Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары: Мұрын арқылы тыныс алудың нашарлауы, жергілікті көріністер өзгеріссіз. Басының ауруы, бастың маңдай бөлігінің аздап ауырсынуы.
30/10/ Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары: Бас ауруы, әсіресе оң жақ маңдай қуысының. Пальпация жасағанда оң жақ маңдай аймағында біраз ауырсыну бар. Иіс сезу қабілеті төмендеген.
Емі:
- Стационарлық режим.
- Оперативті емдік пункция жасалды. Жергілікті инфильтративті анастезия арқылы гаймор қуысына пункция жасалды. Қуысты жуып, 300000 Б пенициллин қосындысының ерітіндісін енгізілді.
- Антибиотикті терапия.
- Тамыр тарылтқыш препараттар.
- Витаминотерапия.
- 6. Физиоем.
Rp.: Sol. Galazolini 0,1% 10ml
D.S. 1-2тамшыдан мұрынға күніне 1-3 рет тамызамызуға
Rp.: Sol. Naphtyzini 0,1% 10ml
D.S. Мұрынға 1-2 тамшыдан 2-3 рет күніне тамызамызуға.
Rp.: Benzylpenicillini – Natrii 1000000ЕД
D.t.d. №12
- Изотоникалық ерітіндіде ерітіп, бұлшықетке күніне 4 рет салу.
Rp.: Dragee Acidi Ascorbinici 0,05 №50
D.S. 2 др.күніне 3 рет.
Клиникалық диагнозды негіздеу.
Науқастың шағымдарына: Бастың маңдай бөлігінің ауырсынуы, мұрынмен тыныс алудың қиындауы, мұрыннан жасыл – іріңді бөліністердің ағуы. Маңдай және жоғарғы жақ қуыстарының қабырғасын пальпациялағанда ауырсынуына;
Анамнезіне: Суық тиіп ауырғанына 10 күн болғанына;
Объективті қараған кезде: Мұрынның шырышты қабатының ісінгеніне, қызарғанына, ортаңғы мұрын жолында ірің барына;
Рентгенограммада: Маңдай және гаймор қуыстарының қарайғанына;
Гаймор қуысының пункциясында: Мұрынның оң жағында іріңді бөліністер болуына;
Және де қосымша зерттеу нәтижелеріне суйене отырып клиникалық диагноз қоямын: Жедел оң жақты фронтит.Жедел оң жақты іріңді гайморит.