Шала туылған балалар күтімі

Шала туылған балалар

Қалыпты нәресте бала деп жатыр ішілік дамудың тоғыз айлық циклін өткізіп, қызметі қалыптасқан және уақытында туған баланы айтады.

Функциональді толық жетілу белгілері:

  • орташа салмағы 3200-3300 г.
  • орташа бойы 50 см
  • тері түсі алқызыл, тері асты май қабаты жақсы дамыған
  • шашының ұзындығы 2 см, құлақ және мұрын шеміршегі қаттылау, денесі мен аяқ-қолында түк шаш болмайды ұл балада ата безі ұмаға түскен
  • кіндік семсер тәрізді өсінді мен қасаға аралығы ортасында орналасқан
  • көзі ашық, дауысы қатты, қозғалысы белсенді

Нәрестенің шекаралық жағдайлары:

  • терінің физиологиялық катары
  • нәресте баланың сарғаюы
  • транзиторлы қызба
  • омырау безінің физиологиялық ісінуі
  • транзиторлы гипервентиляция
  • транзиторлы қан айналу
  • транзиторлы полицитемия
  • транзиторлы гиперволемия
  • транзиторлы миокард метаболизмінің өзгерісі
  • транзиторлы ішкі ағзалар безінің гиперфункциясы
  • жыныстық криз
  • бүйрек қызметінің транзиторлы ерекшеліктері
  • транзиторлы дисбактериоз
  • транзиторлы ішек катары
  • транзиторлы алғашқы салмақты жоғалту
  • транзиторлы жылу балансының өзгерісі, т.б.

Шала туылған бала анықтамасы. Жатыр ішілік дамудың 22-37 апталарында туып, салмағы 500 г-нан 2500 г-ға дейін, бойы 25-45 см.

22-ші аптаға дейін туғандар түсік деп саналады, салмағы 500 г-нан үлкендер – ұрық (плод) болып есептеледі (БДҰ).

Шала туылу дәрежесіГестация мерзіміТуылған кездегі массасы
1 дәреже37-35 апта2500- 2001г
2 дәреже34-32 апта2000- 1501г
3 дәреже31-29 апта1500- 1001
4 дәреже29 аптаға дейін1000 г төмен

Балалардың шала туылу себебі (этиологиясы):

Анасы жағынан:

  • Созылмалы гинекологиялық аурулар.
  • Қиындалған жүктілік.
  • Психикалық физиологиялық жарақаттар.
  • Иммунологиялық бірізділіктің бұзылуы.
  • Анасының жасы.

Нәресте жағынан:

  • Созылмалы гинекологиялық аурулар.
  • Қиындалған жүктілік.
  • Психикалық физиологиялық жарақаттар.
  • Иммунологиялық бірізділіктің бұзылуы.
  • Анасының жасы.

Социальді-экономикалық себептер

  • кәсіптік зияндықтар
  • отбасы толық еместігі
  • керексіз жүктілік
  • “сексуальды революция”
  • экологияның бұзылуы

Шала туылған нәрестенің негізгі ерекшеліктері

  • Физиологиялық эритема, кеш болатын сарғыштану.
  • Тері асты шел қабатының ісінулерге жиі ұшырауы ол жерде қан құйылу ошақтарының болуы.
  • Тіндердің эластикалық қабілетінің төмендеуі.
  • Бас шеңберінің кеуде шеңберінен едәуір жоғары болуы.
  • Самай еңбегінің қатпауы.
  • Құлақ қалқаны шеміршегінің жұмсақ болуы.
  • Тынысы бірқалыпты емес жиі апноэ.
  • Жүрек-қантамыр жүйесі: тахи-,брадикардия.
  • Рефлекстердің жоқ болуы немесе дамымауы.
  • Терморегуляцияның сақталмауы.

Шала туылған нәрестенің ерекшелігі. Дене бітімі үйлесімсіз, мойыны мен аяқтары қысқа, басы үлкен. Уақытында туған балаларға қарағанда басы домаланған, сүйегі жұмсақ, жапсалар мен кіші еңбегі ашық. Құлақ қалқаны жұмсақ, басына жабысқан.

Терісі жұқа, әжімденген, маңдайы, арқасы, иығы, жамбасы түкпен (лануго) жабылған. Тері асты май қабаты нашар дамыған немесе мүлдем жоқ. Тырнақтары саусақ ұшын жаппайды және жұмсақ. Ұл балаларда ата безі ұмаға түспеген, қыз балаларда жыныс саңылаулары жабылмаған.

Шала туылған нәрестелерге жедел көмек көрсету және өмірін сақтау үшін арнайы неонатальды реанимация көлігі қолданылады. Оның құрылымы келесідей:

  • Транспортты инкубатор.
  • Өкпенің жасанды вентиляциясының аппараты.
  • Витальды функцияның мониторы.
  • Реанимациялық чемодан.
  • Инелі инфузионды насос.

Кювез – шала және әлсіз туылған нәрестелерге нақтылы ем қолдануға арналған медициналық құрылғы.

Шала туылған нәресте

Фототерапиялық шамдар – «Көк сәулемен» 420-470 нм жылдамдықпен билирубиннің қандағы концентрациясын төмендетеді. Құрылғы неонатальды сарғыштануды емдеуге арналған.

Шала туылған нәрестені дұрыс тамақтандыру ережесі:

  • Салмағы 2 кг асып туған балаларға омырау емізуге болады
  • Салмағы 2 кг 1,6 кг дейінгі балалар сауылған омырау сүтімен тамақтандырылады
  • Салмағы 1,6 кг-нан кем балаларды катетер арқылы тамақтандырады

Шала туған балалар үшін ең тиімді тамақ – ананың омырау сүті.

  • Тамақтандыру ауырлықтың дәрежесіне, туылғандағы дененің салмағына, гестациялық жасына байланысты.
  • Энтеральды тамақтандыруды максимальды түрде қолдану.
  • Рационның құнарлығын жоғарлату.
Шала туылған нәресте тамақтануы
Шала туылған баланы дұрыс тамақтандыру схемасы

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!