Ішектің жабысқақ ауруы

Ішектің жабысқақ ауруы (спаечная болезнь)

Құрсақ қуысы органдарына жасалатын операциялар көлемі артқандықтан, абдоминальды хирургиядағы негізгі асқынулардың бірі ретінде жабысқақ ауруы хирургтар мен гастроэнтерологтардың назарын аудартуда.
Оперативті араласулардан кейін 20-80% жағдайда жабысқақ процесс дамыса, 2-8% жабысқақ ауруы дамиды.

Эпидемиологиясы. Барлық жедел ішек өтімсіздігі түрлерінің ішінде спайкалық ІӨ 71-78% құрайды.
Спайкалық ЖІӨ летальділік көрсеткіші: 16-25%.

Жабысқақ ауруы туралы түсінік. 

  • Спайкалар (жабысқақтар) – органдарды немесе/және құрсақ қабырғасының ішкі беткейін байланыстыратын фибринозды жіптер.
  • Жабысқақ ауруы (morbus adhaesivus) – ішпердеішілік және т.б. спайкалардың болуына байланысты спайкалық ішек өтімсіздігін тудыратын жағдай.

Этиологиясы.

  • Механикалық – ішпердені кесу кезінде, құралдармен ұстағанда, құрғақ дәкелі салфеткалармен сүрткенде жарақаттау; хирургиялық араласулар кезінде жарақаттау
  • Физикалық – ішпердені ауамен құрғату, электропышақты, лазер сәулесін, ыстық ерітінділерді қолданғанда жоғары температураның әсері
  • Инфекциялық – эндогенді және экзогенді (жарақаттар, тесілу) жолмен инфекцияның құрсақ қуысына енуі
  • Имплантациялық – құрсақ қуысында тампондар, дренажды түтіктер, бітіспейтін жіптер, дәке қалдықтары, қолғаптың талькы қалған кездегі асептикалық қабыну; өткір емес (атравматикалық емес) инелерді қолданғандағы шажырқай гематомалары есебінен қабыну.
  • Химиялық – операция кезінде химиялық күйіктерді және ішперденің асептикалық қабынуын шақыратын заттарды қолдану  (мысалы, йод, спирт, антибиотиктердің концентрленген ерітінділері, антисептиктер т.б.)

Жабысқақ аурулардың жіктелуі.

Ішперде спайкаларын морфологиялық зерттеу нәтижесінде :

  1. Жазық (37%)
  2. Жіпті (25%)
  3. Торлы-пленкалы спайкалар (12%),
  4. Аралас спайкалар (26%).

Көптеген лапаротомиялар мен видеоскопиялық зерттеулер негізінде А.Ф. Дронов және А.Н. Смирнов (1993) жабысқақ процесінің жайылуына байланысты 4 деңгейін ажыратады:

  • І деңгей – жергілікті спайкалық процесс, опер.кейінгі тыртық аймағымен немесе 1 қабаттан аспайтын құрсақ қуысымен шектелген
  • ІІ деңгей – локальды спайкалық процесс + басқа аймақтарда жекелеген сирек спайкалар
  • ІІІ деңгей – құрсақ қуысының 1/3 бөлігін алатын спайкалық процесс
  • ІV деңгей – құрсақ  қуысының 2/3 бөлігін алатын диффузды спайкалық процесс

Жабысқақ процесске қатысатын органдар деңгейіне байланысты:

  • Висцеро-висцеральды
  • Висцеропариетальды
  • Шарбымайлық спайкалар

Ішпердеаралық спайкалардың айқындылық деңгейін пневмоперитонеограммалар негізінде В.В.Плечеев ұсынған 4 балдық шкаламен есептейді:

  • 0 – спайкалар жоқ
  • 1 + — париетальды ішастар және жақын жатқан орган арасындағы спайкалар, операциядан кейінгі тыртықтан артық емес (14,9%);
  • 2 + —ішкі органдар мен париетальды ішастар арасындағы операциядан кейінгі тыртықтың жартысын алатын спайкалар (21,1%);
  • 3 + — ішпердеаралық спайкалар, операциядан кейінгі тыртықтың 2/3 (26,9%);
  • 4 + — күшті ішпердеаралық спайкалар тыртық бойымен, ішек ілмектерінің қатты деформациясымен (37,1%).

ДДҰ бойынша спайкалардың классификациясы

  1. Құрсақ қуысының (қабырғасының)
  2. Диафрагманың спайкалары
  3. Ішектердің спайкалары
  4. Шарбымайдың спайкалары
  5. Асқазанның спайкалары
  6. Ерлер жамбасының спайкалары
  7. Әйелдердің жамбас мүшелерінің спайкалары
Жабысқақ ауруы
Құрсақ қуысындағы кездесетін жабысқақ аурудың көрінісі

Жабысқақ аурудың клиникалық көріністері

Клиникалық көрінісі ауру ағымының фазасына сәйкес өзгеріп отырады (өршу, ремиссия кезеңдері)

  • Өршу кезеңі спайкалық ЖІӨ симптомдарымен көрінеді
  • Ремиссия кезеңіне салыстырмалы қанағаттанарлық жағдай тән.

Ауырсыну синдромы. Сипаты: толғақ тәрізді. Локализациясы: париетальды ішпердеге спайкамен фиксацияланған органдар аймағында

3 түрлі нұсқасы бар:

  1. асқорыту жолдарының функциональды бұзылыстарымен және ішек құрамы пассажының бұзылысымен ауырсыну синдромы
  2. ЖСІӨ сипатталатын ауырсыну синдромы
  3. функциональды бұзылыссыз және ЖСІӨсіз ауырсыну синдромы

Іш қату, құсу.
Метеоризм
Пальпация: іш бұлшықеттерінің қатаюы, Валь, Скляров симптомдары.

Диагностикасы.

  • Шолу рентгенографиясы: Клойбер тостағаншалары, фиксация симптомы (ығыспайды)
  • Құрсақ қуысы органдарының УДЗ
  • Контрастты рентгенография
  • Лапаротомия

Емі

Консервативті терапиядан бастау қажет:

  • Ауырсыну синдромын басу үшін
  • Инфузиялық-дезинтоксикациялық терапия
  1. бұғана асты венаның катетеризациясы
  2. назогастральды зонд арқылы асқазан құрамының аспирациясы
  3. сифонды клизма
  4. спазмолитиктер, наркотикалық емес анальгетиктерді енгізу, ганглиоблокаторларды енгізу
  5. АҚК (ОЦК) қалпына келтіру – плазма, қан алмастырғаш заттар, физ.ерітінді, глюкоза т.б.

Оперативті ем

  • 1 этапты: спайканы кесу, ішек құрамы пассажының кедергісін жою
  • 2 этапты:

1 – пассаж кедергісін жою (ЖІӨ)

2 – негізгі аурудың ликвидациясы

Алдын алу шаралары

  • Бірінші әдіс. Хирургиялық жарақаттың минимизациясы (сулы салфеткаларды пайдалану, тіндерге деликатты қарау); Бөгде заттардың түсуін болдырмау.
  • Екінші әдіс. Коагуляциялық каскадты ингибирлеу және фибринолизді стимуляциялау арқылы қабыну реакциясының  интенсивтілігін төмендету

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!