Педикулез

Педикулез –немесе биттеу деп адам денесінде биттердің арнайы паразиттік жолмен тіршілік етіп, оның қанымен қоректенуін айтамыз. Педикулез-ауру адаммен қатынаста болған жағдайда, тіпті әлеуметтік жағдайы жақсы, жеке бас тазалығына көңіл бөлетін адамдарда да пайда болуы мүмкін.

Битті жұқтыру қарым- қатынас кезінде беріледі, яғни бит 1 адамнан екіншісіне: биттеген адаммен қарым- қатынас кезінде , ұжымда, балалар мекемесінде, толық қоғамдық көлік ішінде, қарапайым жеке бас тазалығын сақтамаған жағдайда, яғни киім-кешек пен төсек орындарын,тарақты ортақ пайдаланған жағдайда жұғады.

Бастағы биттер. Адамнан адамға тікелей қатынас арқылы немесе бас киім, тарақ, орамалмен беріледі. Бастың биті 40 күнге дейін өмір сүреді. Жұмыртқалары (гниды) сұр-ақ түсті шашқа жабысып орналасады, көзге жақсы көрінеді. Биттер бастың шашты бөлігінен басқа қаста, мұрт пен сақалда да кездесуі мүмкін. Биттердің шағуы мен сілекейіндегі ферменттер қатты қышуды шақырады және қасыған іздерге алып келеді. Көбінесе қыздар мен әйелдерде кездеседі, себебі ұзын шашта өмірін жақсы сақтайды.

педикулез қазақша бастың биттеуі

Шаптағы бит. Негізінен шапта, жыныс мүшелерінде, артқы өтіс аймағында орналасады; балаларды зақымдамайды; кейде бит терінің басқа аймақтарына, шашты бөліктерге: кеуде, іш, сан, қолтық астына, қасқа, кірпікке таралуы мүмкін. Субъективті қатты қышу сезімі болады. Биттер орналасқан жерлерде кейін домалақ, үстінен басқанда жоғалмайтын геморрагиялық дақтар қалуы мүмкін. Бұл дақтардың түсі ақшыл-көктен ақшыл-сұрға дейін.

Көйлектегі бит. Бұл дененің биттеуі. Бастың битінен үлкенірек, көйлектің, іш киімнің қатпарларында тігістерінде орналасады; қанмен қоректенеді; биттердің шағуы қатты қышынуды шақырады және сызықты экскориацияға алып келеді, одан пиодермия дамуы мүмкін. Жиірек киіммен тығыз жанасатын бөліктер: мойын аймағы, жауырын, бел зақымданады.

Көйлек биті киімнен адамға тек қан сору үшін ғана ауысады. Ұзақ уақытқа созылған педикулез терінің құрғауына, түлеуіне, қалыңдауына және кір-сұр пигментацияның, тыртықтың дамуына әкеледі.

Педикулез емі

Бастың шашты бөлігінің биттеуі кезінде шашқа керосин мен өсімдік майының қоспасын жағады, сосын компрессионды қағазбен 12-15 сағатқа байлап қояды. Процедурадан кейін шашты ыстық сумен сабынмен жуады, винилин жағады, биттің жұмыртқалары арнайы жүзі жиі тарақты сірке суына матырып тарайды.

Сонымен қатар, 10 немесе 20 пайызды бензилбензоат суспензиясын бас терісіне, шашқа жағады және 30 минутқа басты байлап, сосын сабынмен немесе арнайы шампуньмен жуады. Мақтаны немесе марлелы тампонды ниттифорға батырып, бас терісін және шашты үккілейді.

Дененің биттеуі кезінде, науқас сабынмен жуынады, киімдерін, төсек төсеніштерін жиі ауыстырады. Киімдері мен төсек жаймалары қайнатылып жақсылап үтіктеледі. Шаптағы битті емдеуге арнайы аэрозолдер шығарылады: пара-плюс, спрей-плюс.

Бастың биттеуі кезінде адамдарға жұқтырмас үшін жазылғанша шапка киюге және оларды жиі жуып, ауыстырып тұру керек.

Педикулездің алдын алу шаралары:

  • 7-10 күн сайын суға шомылып, киім-кешекпен төсек орынды ауыстырып отыру:
  • шашты қиып тарау, жеке тарақтарды пайдалану;
  • балалар ұжымдарына баратын балалардың шашы мен киімдерін үнемі тексеріп тұру;
  • ұзақ жолсапардан келген отбасы мүшелеріне де тексеру жүргізу

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!