Өрмекші және жылан шағуы

Жәндіктер мен жыландардың шағуынан уланулар

Өрмекшілер

Қазакстанда улы өрмекшілердің 3 түрі тіршілік етеді. Олар: қара кұрт, шаян жэне бұзаубас. Қара құрт еліміздің оңтүстік аудандарында мекендейді. Адам үшін оның ұрғашылары қауіпті. Өйткені олардың жоғарғы жақтарында улы екі безі бар. Қара құрттың ұзындығы 1 мм-ге дейін барады.

Шаян да оңтүстік өңірлерде кездеседі. Ұзындығы 50-10 мм. Аса қауіптісі қара шаян.

Бұзаубас құмды, шөлді, жэне орманды жерлерде кездеседі. Бұл жәндіктердің кейбіреулерінің улары тіпті жыланның уынан да күшті болады. Мысалы оңтүстік америкалық қара құрттың уы, оқ жыланның уынан 15 есе күшті екен.

Клиникалық көріністері: қарақұрт шаққан жерде кішкене дақ пайда болады. Бірнеше минуттан соң, ол жер қатты ауырып, баска мүшелерге де беріледі. Уланған адамның басы ауырып, тұншығады, құсады, локсиды. Онда әлсіздік, ентікпе, цианоз, тахикардия пайда болады. Сілекейі шұбырып ағады. Тынысының тоқтап қалуы да мүмкін.

Ал шаян шаққан адамда у нерв тармақтарымен таралады, сондықтан қатты ауыру сезімдері мазалайды. Және кейбір бұлшық еттерінің тырысулары байқалады.

Өрмекші шағу кезіндегі жедел жәрдем:

  1. Шаққан жеріне суық басады жэне қимылдатпай ұстайды.
  2. Ауырсыздандыратын дәрілер: анальгин, новокаин, аспирин қолданылады. Шаққан жерін айналдыран новокаиндық блокада жасалынады (0,25% новокаин ерітіндісін 10-15мл).
  3. Глюкокорткостероидтар (преднизолон, кортизон ацетат), кордиамин, глюкоза, витаминдер енгізіледі. Тынысы тежелгенде- оттегі немесе жасанды тыныс беріледі.
  4. Жауырын аралығындағы тері астына 30-70 мл уға қарсы сары су енгізіледі, ал ауыр дәрежесінде к/т енгізіледі.
өрмешкі және жылан шауғы
Өрмекші және жылан шағуының көрінісі

Жыландар шағуы

Жыландар әлемнің барлық аймақтарында бар. Оның 2000 түрінің ішінде 300-400 улы болып келеді. Біздің ел імізде улы жыландардың 14 түрі бар.

Жылан шаққанда, оның уы тері астына, бұлшық етке немесе қан тамырларына енеді. Және жылан уының әсері әр-түрлі болады. Бір жыландар қан тамырларына әсер етіп, тромбтарды түзсе, енді біреулері нейротоксикалық әсер етеді.

Клиннкалық көріністері: у жылан шаққанда: шаққан жерінде ауыру сезімдері, ісіктер, қан құйылу байқалады. Сонан соң басының айналуы, әлсіздік, лоқсу, тахикардия,тершеңдік, тырыспалар пайда болады. Естен танып қалуы да мүмкін. Оқ жылан шаққанда тері-бұлшық еттерінің тартылуы жэне тыныстың тоқтап қалуы мүмкін.

Жылан шаққандағы жедел көмек:

  1. ең бірінші жылан шаққан жерін қозгалтпай байлап тастау керек;
  2. зақымданушыны қимылдатпай ұстау керек;
  3. алкоголь қабылдауға және қан қысымын көтеретін дәрілер салуға тиым салынады;
  4. алғашқы минутында жарадан уды сорып тастау керек. Сонан соң жараны калий пермаганаты ерітіндісімен жуып, 1 мл 0,1% адреналин енгізіледі. Адреналинді жылан шаққан жерге айналдырма егуге болады;
  5. глюкокортикостероидтар, гепарин енгізіледі;
  6. витаминдер, оттегі терапиясы мен жасанды тыныс беріледі;
  7. уға қарсы сарысулар енгізіледі.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!