Босану тарихы

Босану тарихы

Алдын ала қойылған диагноз: Жүктілік 39 апта,жалған толғақ..

Қорытынды диагноз: Босанғаннан кейінгі жағдай. Босану өздігінен, ұрық тігінен, шүйдемен келген, I позиция, алдынғы түр. Қынаптың шырышты қабатының қансыраған жыртылуы. Хориоамнионит.

І.Паспорттық бөлім

  1. Босанушының аты-жөні:
  2. Жасы: 28
  3. Ұлты: қазақ
  4. Жұмыс орны: жоқ
  5. Тұрғылықты жері:
  6. Клиниканың  босану бөліміне  түскен күні және уақыты:19.12.2012жыл, сағ 3:00
  7. Курацияның басталу уақыты мен күні: 20.12.12жыл,сағ 12:40
  8. Жүктілік кезінде бақыланған жері (ОДА, әйелдер кеңесі)

ІІ. Шағымдар

Түскен кездегі: Ішінің төмен тартып толғақ тәрізді ауруы.19.12.12ж,сағ1:00 бойы ретсіз жалған толғақ 15-20мин сайын 8-9 рет.

Курация кезінде: Босанғаннан кейінгі қан кетуге байланысты әлсіздікке шағымданды.

ІІІ.Өмір анамнезі

01.03.84 жылы  дүниеге келен.6 жасынан мектепке барды.  Білімі жоғары.  Қазіргі таңда жұмыс істемейді.

Жолдасымен бірге тұрады. Тамақтануы және тұрмыстық жағдайы орташа.  Курация жүргізген кезіндегі  және бұрын да ауырған аурулары:бала кезіндегі сары ауру,тері ауруларымен ауырмаған. Аллергиясы жоқ . Зиянды әдеттері жоқ.Гемотрансфузия болған жоқ.

ІV. Арнайы анамнез

  1. Етеккір қызметі: етеккір 13 жаста басталды, тұрақты 3-4күннен ай сайын келеді,қан жоғалту мөлшері (мөлшерлі). Соңғы етеккірдің келу күні 15-18.03.12жыл.

Гинекологиялық аурулар:жоқ

2.Бала көтеру қызметі:

Жыныстық қатынасқа 27 жастан түсті,тұрмыста.Некесі тіркелген.27 жаста бірінші жүктілік болды.

Контрацепция:қолданбаған.

2011жылы 1ші жүктілік дамымаған 4-5 апта.

3.Қазіргі жүктіліктің ағымы: есепке алу уақыты 8-9 аптасында, 6 рет қаралған.I-III триместр асқынусыз.Ұрықтың бірінші қимыл жасауы есңнде жоқ.

  1. Объективті зерттеулер

Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Салмағы 69,500кг. Бойының ұзындығы 165см. Дене температурасы 36.6.

Терісі мен көзге көрінетін шырышты қабаттарында,лимфа бездерінде өзгеріс жоқ.

Жүрек-қантамыр жүйесі:

Тондары анық.Тамыр соғуы 78.АҚҚ оң қолда 110/70,сол қолда 110/70.

Тыныс алу ағзалары:Везикулярлы тыныс.Сырылдар жоқ

Асқорыту ағзалары:Қалыпты

Несеп-жыныстық жүйесі:Соққылау симптомы теріс.

VІ. Арнайы акушерлік зерттеу:

  1. Ішті қарау: ішінің формасы  ,  жүкті жатыр есебінен ұлғайған, жатырының контурлары анық белгіленген.
  2. Ішті пальпациясы:қозғыш емес, пальпациялау кезінде ауырсынбайды. Іштің айналымы100см, қасаға үстінен жатыр түбінің биіктігі 37 см.
  3. Сыртқы акушерлік зерттеу:  Леопольд-Левицкий тәсілдері

Қорытынды: ұрықтың орналасуы тігінен,позициясы I,алдыңғы түр, келген бөлігі баспен, ұрық басы кіші жамбас кіреберіс тұсына келіп тұр. Ұрықтың жүрек соғысы кіңдіктің маңайынан жақсы тыңдалады,  минутына жүректің жиырылу саны 140, ырғақты, анық.

  1. Сыртқы жамбас өлшеу:

Жамбас өлшемдері: жүргізілетін зерттеулер сипаты.

Distantia spinarum- 25-26см

Distantia cristarum- 28-29см

Distantia trohanterica-30-31см

Conjugata externa -20-21 см

Диагональды  конъюгата 11 см

Сегізкөз  ромбы: түрі, оның диагональдары ұзыны11, көлденеңі 10 см.

Соловьев индексі 14.5-15см

  1. Ұрықтың болжам салмағын анықтау:

Мысалы: Жорданиа бойынша (ІА*ЖТБ=3600 г)

Якубова бойынша 3600г

  1. Айнамен қарау:

Сыртқы жыныс мүшелері дамыған,патологиялық  өзгерістері жоқ. Қынап шырышты қабатының түсі әдеттегідей  және жатыр мойны таза,патологиялық өзгерістері,жыныс жолдарынан сұйық,шырышты  бөліністер көрінеді: түсі сарғыш.

  1. Қынаптық зерттеу:

Зерттеудің күні 19.12.12 ж

Қынап босанған әйелдікіндей; жатыр мойны жамбастың жүру жолының ортасында артқа орналасқан;жатыр мойыны 0,5см қысқарған, толығымен жартылай жұмсарған,1 саусақ ішкі араннан ары қарай өтеді,сыртқы аран жабық; ұрық қабы бүтін;басы кіші жамбасқа келіп тұр,тірелген.Экзостоздар, кіші жамбас деформациялары анықталмайды.Мүйіс зерттеуге жетімді емес.

VІІ. Алдын ала қойылған диагноз

Жүктілік 39 апта.Жалған толғақ.Ұрықтың орналасуы тігінен баспен, позияциясы I, түрі алдыңғы, келуі шүйдемен

VІІІ. Босануды жүргізу жоспары және болжау

Ана және ұрық үшін  босанудың  болжамы жағымды.

Босану жоспары:босану табиғи босану жолдары арқылы жүргізу, босану барысында мүмкін пайда болатын асқынулардың алдын алу шараларын жүргізу (мысалы, қан кетулер, босану жолдарының әлсіздігі).

1.Консервативті түрде жүргізу,партограмма арқылы бақылау;

2.босануда әйелдің жағдайын(АҚҚ,пульс,температура),ұрықтың жүрек согғысын бақылау;

3.Босанудың III кезеңін белсенді жүргізу.

ІХ. Босану ағымының  анализі

Босанудың І кезеңі  (ашылу кезеңі):  Курацияланатын әйелдің толғағы  12:00 сағаттан 19.12.2012ж. басталды. Бақылау күнделіктері әрбір 2 сағат сайын .

Босанушының жалпы жағдайы қанағаттанарлық.Ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына шағымданды.Пульсі 80.АҚ 110/80.Толғақтары әрбір 4-5 минутта,30-35 секундтан ауырсынумен.Ұрық орналасуы тігінен,келуі баспен,кіші жамбас кіреберісіне  тірелген. Ұрықтың жүрек соғысы 140.Жыныс жолдарыныан бөлінетін патологиялық бөліністер жоқ.  Зәр шығаруы қалыпты .

19:00 жатыр мойны толық ашылды.

Босанудың ІІ кезеңі ( изгнания кезеңі)

Бақылау күнделіктері әрбір 10 минут сайын жүргізілді.ІІ кезеңде ұрықтың келген  бөліктері босану механизмдеріне байланысты қозғалған.

Босану биомеханизмі

Курацияланатын босанушы әйелдегі ұрықтың келу түрінің босану биомеханизмінің сипаттамасы физиологиялық.

19.12.12 күні сағат 19:25 туылды,жетілген,ұл,салмағы 3700 грамм,бойының ұзындығы 57см.

Апгар бағанасы бойынша бағалау 7балл. Кіңдік сәйкесінше өңделді.босанғаннан кейін 1минут  ішінде ІІІ кезең 10 БЕ окситоцинді енгізу арқылы белсеңді жүргізілді.Кіндікке қысқыш салып,кіндік бауынан ақырындап тарту және жатыр массажын жасалды.

Курацияланатын пациенттегі бала жолдасы туылды.Бала жолдаы бүтін, өлшемдері 20x19x25 см, қабықтшалары және бөлшектері түгел, бала жолдасының патологиялық өзгерістері жоқ.Кіңдік бауы 60   см. Қан жоғалту 0+100 мл.

Ерте босанудан кейіңгі кезеңді жүргізу:

Босанған әйелдің  жағдайын бағаладым,әрбір 15 минут сайын алғашқы бірінші  сағат аралығында,  әрбір 30 минут сайын  2-ші сағат аралығында.

Кіңдікті өңдеу.  Офтальмобленореяның алдын алу.

Босанудан кейіңгі бөлімге ауыстыру босанушының жағдайы қанағатанарлық.

Босанудың жалпы ұзақтығы:7 сағ 30мин

І кезең:7сағ 0мин

ІІ кезең:25мин

ІІІ кезең:5мин

ХІ. Қорытынды  диагноз: Босанғаннан кейінгі жағдай.Босану өздігінен,ұрық тігінен, шүйдемен келген,Iпозиция,алдынғы түр.Қынаптың шырышты қабатының қансыраған жыртылуы.Хориоамнионит.

ХІІ. Партограмма

ХІІІ. Босанудан кейіңгі  кезеңде босанушы әйелді бақылау.

Курациялау күні 20.10.12жыл.Шағымдары қынаптағы жыртылуға байланысты шамалы ауырсынулар, ЖЖЖ 80 соққы/мин. АҚ=110/70мм.рт.ст.

Сүт бездері жұмсақ,ауырсынбайды,еміздіктері таза.Іші жұмсақ,томпайған,ауырсынбайды, жатыр түбінің деңгейі төмен түскен.Қынапта тігістер  бар.

Температуралық парақ.

ХІV.  Зертханалық-инструментальды зерттеу әдістері.

Қан тобы2, резус-факторы +.

Қан жалпы талдауы:

Гемоглобин108

Эртроцит3,6

Түсті көрсеткіш 0,90

Тромбоцит  230

Лейкоцит 11,2

Ядролы таяқша 5

Сегмент ядролы 74

Эозинофилдер1

Базофилдер 1

Моноциттер 2

Лимфоциттер 24

ЭТЖ 22

Биохимиялық қан анализі:

Жалпы белок 66-67

Мочевина 23-83

Креатинин 45-115

Глюкоза 5.2

АЛТ,АСТ 0,42

Жалпы билирубин 22,2

Тура билирубин5,1

Зәрдің жалпы талдауы

Көлемі 150

Тығыздығы 1010

Тұнық,белок жоқ

Қынаптың гонореяға және тазалық дәрежесіне қынаптан бөлінетін бөліністерді зерттеу.

лейкоциттер 3-4

жалпақ эпителий 4-5

ВИЧ жоқ.

ХV. Эпикриз

2012жылы перзентхананың стационарлық ем қабылдауында 19нан  бастап болды. Қорытынды диагнозы: Босанғаннан кейінгі жағдай.Босану өздігінен,ұрық тігінен, шүйдемен келген,Iпозиция,алдынғы түр.Қынаптың шырышты қабатының қансыраған жыртылуы.Хориоамнионит.

19.12.12жылы босанды, қынаптың шырышты қабаты жыртылды.Ұл бала салмағы 3600г, бойының ұзындығы Апгар бойынша  7балл).

Жүргізілген тексерулер.

Қынаптық тексерулер жүргізілді.Әйелге контроцепция туралы ұсыныстар айтылды.

ХVІ.  Қолданылған әдебиеттер тізімі.

  • Г.М. Савельева Акушерство
  • Айламазян Акушерства

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!