Жатыр түтігінің туберкулезі

Жатыр түтігі туберкулезі

Жатыр түтігі туберкулезі – туберкулез микобактериясымен шақырылатын, симптомсыз, жатыр түтігінің анатомиялық, функциялық өзгерістерімен сипатталатын, туберкуломаның болуымен, созылмалы ағыммен өтетін инфекциялық ауру. 20-40 жас аралығында жиі кездеседі. Жатыр түтігі туберкулезімен сырқаттанған науқастардың 20%-да қайтымсыз сальпингит, 60%-да гидросальпинкс анықталады. Туберкулезді сальпингит және пельвиоперитонит біріншілік аменореямен ауыратын науқастың біреуінде анықталған.

Туберкулезбен сырқаттанған науқастардың ішкі жыныс ағзалары біріншілік ошақтан (өкпеден – 70-85% науқастарда, асқазан ішек жолынан – 15% науқастарда) инфекцияның гематогенді немесе лимфогенді тарауынан зақымданады. Ең жиі жатыр түтікшелері (70-80%), сирек эндометрий (15-30%), өте сирек жатыр мойны мен сыртқы жыныс ағзалары (1-3%) зақымдалады. Аналық безінің зақымдануы өте сирек. Бірақ жыныс ағзаларының туберкулезі балалық шақта біріншілік дамуы мүмкін.

Патогенезі: Туберкулездің дамуы ағзаның индивидуальды ерекшеліктеріне байланысты. Ағзаның тұрақтылығы жүктілік, босану, лактация және әртүрлі аурулар салдарынан төмендеуі мүмкін. Жатыр түтігі туберкулезі екі жақты болады. Ең алғаш туберкулезді төмпешіктер шырышты қабатта пайда болады, қолайсыз ағымында ішперде және жатыр түтігінің бұлшықетті қабаты зақымданады. Түтіктің өзегі жабылғанда туберкулезді ошақтың казеозды ыдырауы басталады да түтіктің іші казеозды массаға толады. Жатыр түтігінің қабырғасы қалыңдайды, формасы өзгереді.

Жатыр түтігінің ампулярлы бөлігінің жиі зақымдануы анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты:

  • иірімді
  • шырышты қабатының қатпарлылығы
  • жатыр түтігінің қанмен қамтамасыз етілу ерекшелігіне байланысты
  • капилярлы тормен бай
  • жатыр және аналық без арасындағы анастомоздар

Әйел жыныс ағзалары инфекциясы таралуында төмен өрлейтін жол көрсетілген: жатыр түтігі фимбрилярлы бөлігінен шырышты қабат бойымен эндометрийге дейін.

Клиникасы:

  • жедел процесс сирек байқалады
  • ауырсыну симптомы айқын емес
  • тәбеттің төмендеуі
  • жалпы әлсіздік
  • тершеңдік
  • субфебрильді дене температурасы
Жатыр түтігінің туберкулезі
Жатырдағы туберкулез

Туберкулезді процестің өршу кезеңінде байқалады:

  • дене температурасы 38-39 C дейін жоғарлайды
  • етеккір, дефекация, жыныстық қатынас кезіндегі ауырсынудың күшеюі
  • жатыр түтігінің өткізгіштігінің бұзылуына байланысты бедеулік дамуы
  • менструальды функцияның бұзылуы: аменорея,гипоолигоменорея,метрорагия
  • бөліністер

Ауыр ағымында қабыну процестің өршуіне байланысты ішек-жатыр қосалқысы, ішек- қынаптық, жатыр қосалқысы өт қабы жыланкөздері пайда болуы мүмкін.
Посттуберкулезді формада (жатыр түтігі туберкулезінің клиникалық емінен кейін) гипопластикалық жатыр, тығыз түтік, кіші жамбастағы спайкалар, бедеулік анықталады.

Диагностикасы

  • Анамнез
  • Объективті зерттеу
  • Гинекологиялық зерттеу
  • Қосымша зерттеу әдістері: кольпоскопия, биопсия, гистеросальпингография, туберкулин сынамасы (Пирке, Ману),бактериологиялық, цитологиялық зерттеу, бактериоскопия, метросальпингография т.б
  • Жатыр түтігі туберкулезінде жатыр бүйірінде қозғалмайтын тығыз ісік тәрізді конгломерат анықталады.

Гистеросальпингографиядағы көріністер:

  • Жатыр түтігінің истмикалық және ампулярлы бөлігінің облитерациясы
  • Түтіктің түйреуіш немесе буылтық тәрізді аяқталуы
  • Жатыр түтігі ригидті, өзегі тегіс, ұзарған, түзу
  • Жатыр түтігінің истмикалық және ампулярлы бөлігінде көптеген стриктуралар пайда болып, моншаққа, таспиыққа ұқсайды
  • Жатыр түтігі дивертикул тәрізді кеңейген

Емі:

  • Әйел жыныс ағзалары туберкулезінде ем комплексті түрде жүргізілуі керек.
  • Гигиеналық режим, диета, жақсы тамақтану, А, В1, РР, С, D, витаминдер
  • Химиотерапия
  • Климатотерапия, арнайы антибактериалды препараттармен (тубазид, фтивазид, ПАСК)
  • Көрсеткіштер болса оперативті ем
  • Симптоматикалық ем

Екі этапты ем. Бірінші этапта интенсивті химиотерапия: 3 ай туберкулостатикалық препараттарды бөлшектеп, күнделікті пероральды немесе вена ішіне енгізу, изониазидті бенемицин немесе этамбутолмен бірге,екінші этапта химиотерапияны тек периодты күз-көктем айларында үзілісті әдіспен
жүргізеді.Алғаш анықталғанда изониазид 0,3г 2 рет, ПАСК 3г 4рет, стрептомицин 50000 ЕД 2рет 3ай, екінші этапта химиопрепараттарды аптасына 2 рет енгізу. Ұзақтығы 6-12 ай

Профилактикасы

  • Балалардың денсаулығын сақтау шаралары
  • Жаңа туған нәрестелердің вакцинациясы
  • Туберкулезбен ауыратын науқастардың тұрғын жағдайларын жақсарту
  • Диспансеризация
  • Профилактикалық медициналық қараулар

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!