Балалардағы церебералды паралич
Балалардағы церебралды паралич (Детские церебральные параличи, ДЦП)– туылғанға дейінгі, туу кезінде жəне ерте неонатальды кезеңде мидың зақымдалуынан пайда болатын, клиникалық тұрғыдан қимылдау бұзылыстарының (шала салдану, салдану, гиперкинездер, қимыл-қозғалыстың бұзылуы) көрінуімен, психика, сөйлеу, көру, естудің өзгеруі, құрысулық жəне құрысусыз талмалармен қатар жүретін полиэтиологиялық ауру.
Балалардың церебралдық параличі– қозғалыс қызметі мен дене қалпының бұзылуы, ол статистикалық ақау мен жетілмеген мидың зақымдалуымен негізделген. (Palmer, Hoon ,1995).
Жіктелуі:
Л.О.Бадалян (1988) бойынша:
Омырау жасындағы БЦП:
- Спастикалық түрлер- гемиплегия, диплегия, екі жақты гемиплегия.
- Дистониялық.
- Гипотониялық түрі.
К.А.Семенова сатысы бойынша (1973):
- Ерте саты (4 айға дейін).
- Бастапқы созылмалы-резидуалдық сатылар (5-6 айдан 3-4 жасқа дейін).
- Кеш резидуалды (3 жастан кейін).
Ересек жастағы БЦП:
- Спастикалық түрлер- гемиплегия, диплегия, екі жақты гемиплегия.
- Гиперкинетикалық түр.
- Атактикалық түр.
- Атоникалық-астатикалық түр.
- Аралас түрлері (спастикалық-атактикалық, спастикалық-гиперкинетикалық, атактикалық- гиперкинетикалық).
Балалардың церебралдық параличінің түрінің таралуы:
- спастикалық тетраплегия — 2 %
- спастикалық диплегия — 40 %
- гемиплегиялық форма — 32 %
- дискинетикалық форма — 10 %
- атаксиялық форма — 15 %
БЦП клиникалық формаларыауырлығына байланысты
- Жеңіл дәреже (61 %) – науқастар өздігінен жүреді, өзін-өзі күтеді, интеллект бұзылмаған, жұмыс істей алады.
- Орташа ауырлықта (23 %) – науқастар балдақтың немесе басқа біреудің көмегімен жүреді, өздігінен киіне алмайды, интеллект бұзылған. Сөйлеудің, көру, есту дефектілері.
- Ауыр дәреже (16 %) – төсек тартып жатады, интеллект, сөйлеу, көру, есту қатты бұзылған. Бекітілген контрактуралар және деформациялар
Негізгі клиникалық белгілері:
- Бұлшық ет тонусының өзгеруі.
- Қозғалыс бұзылыстары.
- Статиканың және жүрістің бұзылуы.
- Өз еркінен тыс қозғалыстар (Непроизвольные движения).
- Рефлекстердің жоғарылауы және патологиялық рефлекстердің пайда болуы.
- Контрактуралар және деформациялар.
- Мишықтық зақымданулар.
- Психиканың бұзылуы және бас-ми нервтерінің зақымдары.
Гемиплегия. Спастикалық гемиплегия: дененің бір бөлігінің қозғалыстық бұзылыстармен сипатталады. Бұл мидың бір жартышарының зақымдалуымен түсіндіріледі. Оң жақ гемипарез кезінде сол жақ жартышар, сол жақ гепипарез кезінде – оң жартышар зақымдалады. Зақымдалған жағында бұлшық ет тінінің гипотрофиясы, айқын контрактуралар және ірі буындар деформациясы, қол буындарында бүгілген, кіші балаларда денеге әкелінген қол білезігі жұдырық болып бүгілген, ересектеу балаларда – акушер қолы тәрізді.
Диплегия. Спастикалық диплегия – қол және аяқ бұлшық еттерінің қалыпты қызметінің бұзылысы. Осы кезде дененің оң және сол жақ бөліктері зақымдалады. Ауруға жиі аяқтар шалдығады.
Квадриплегия. Бұл екі қол және екі аяқтың зақымдалуы, жиі жұлын мидың мойын сегменттерінің жарақаттануы нәтижесінде дамиды. Жұлын мидың зақымдалуы нәтижесінде оның жүйке жасушалары және тіндері қалпына келмейді де, зақымдалу нерв импульстары өтетін жолды бөгеп тастайды.
Негізгі белгілер: зақымдалған аймақтарда сезімталдылық жойылып, науқас ауырсыну, қызбаны, жанасуды мүлдем сезбейді.
Атоникалық-астатикалық түр. Психикалық дамудың тежелуі, тепе – теңдік бұзылыстармен сипатталады.
Атаксиялық түрі: Қозғалыс координациясының және тепе – теңдік бұзылыстармен сипатталады. Бір жаста бұлшық ет гипотониясы және психомоторлы бұзылыстармен сипатталады.
Дистониялық түрі: Дистонияға атетоз және торсионды спазм жатады. Торсионды спазм кезінде дене және дененің жоғарғы бөліктері жүрген кезде бір жаққа иіледі және дене қисайып артқа ығысады. Атетоз кезінде бұлшық ет топтарының изометриялық жиырылуында қатып қалуымен сипатталады.
Гипотониялық түрі: Балалардың церебралдық параличінің бұл түрі мишықтың зақымдалуымен шақырылған. Бұл ауру кезінде бұлшық ет тонусының бұзылысы әр түрлі жастарда көрінеді. Баланың бұлшық еттерін бақылауға мүмкіндік жоқ, соның себебінен дене бөліктерін қозғалта алмайды.
Гиперкинетикалық түрі: Мидың қыртыс асты бөлімдері зақымдалудан дамиды. Ол тұрақты емес бұлшық ет тонусымен көрінеді. Баланың қалыпты қозғалыстары бұзылған.
Балалардағы церебералды параличтің диагностикалық критерийлері:
- нəрестелер бірқатар рефлекстері регресінің кешігуі;
- психологиялық – моторлық жəне сөйлеу дамуының кешігуі;
- гиперкинездер, бұлшықет тонусының өзгеруі (гипо- немесе гипертония);
- когнитивтік, қимыл-əрекеттік, ортопедтік аурулармен үйлескен неврологиялық статустағы ауытқулар;
- танымдық бұзылыстар;
- мишықтық синдром.
Балалар цереберальды параличін емдеу
Емдеу тактикасы: невролог, логопед, физиотерапевт, ортопед, психолог, емдік дене шынықтыру мамандар күшінің үйлесімлігін талап етеді, онтогенетикалық рефлекторлық жəне аналитикалық қағидаларда негізделген (Бобат, Войт, Кэбот, Фелпса, К.А. Семенова жəне т.б. əдістемелері) бұзылған функциялар дамуына бағытталған.
Емдеу ерте мерзімдерде басталуы қажет, комплексті және үздіксіз болуы қажет.
Медикаментоздық терапия.
- Тыртықтық-жабысқақ процессті азайту үшін, интеллектті көтеру үшін – ЦЕРЕБРОЛИЗИН, ГАММАЛОН.
- Нерв және бұлшық ет тіндерінде дистрофиялық процесстерді азайту үшін В тобының витаминдері, витамин Е, глютамин қышқылы қолданылады.
- Бұлшық ет тонусын төмендету үшін кураретәрізді препараттар қолданылады: МЕЛЛИКТОН, МИДОКАЛЬМ, МЕФЕДОЛ, ДИПЛАЦИН.
- Гиперкинездерде – МЕТАМИЗИЛ, РИДИНОЛ, ЦИКЛОДОЛ.
ЕДШ. 1 кезең (2-жасқа дейінгі балаларда) ЕДШ пассивтік қозғалыстардан басталады, бұлшық еттер мен буындардың тіндерін созу арқылы, контрактураны жоюмен. Одан кейін белсенді қозғалыстарға көшеді. Жаңа туған нәрестелерде қол жеткізілген жағдайды гипстік шинамен немесе ортопедиялық тутормен бекітеді. ЕДШ күніне 3 рет 10 минуттан өткізеді.
Ересектеу балаларда жәй қозғалыстардан бастайды, біртіндеп қиындатады. ЕДШ бір жаттығуы жылы ваннада өткізіледі. Жаттығулар 30-40 минуттан күніне 3 – 4 рет өткізіледі.
2 кезең. 2 жастан үлкен балаларға. Жүруге үйрету келесі кезекпен жүргізіледі:
- Төсекте жатып жүруді имитация жасайтын пассивтік және активтік қозғалыстар.
- Екі аяғына тұру.
- Орнында жүру.
- Басқалардың көмегімен жүру.
- Арбамен жүру
- Манежде жүру.
- Балдақтардың көмегімен жүру.
- Таяқпен жүру.
- Іздік жолмен жүру.
- Сатымен жүру.
- Өздігінен жүру (Самостоятельная ходьба).
Массаж – жазғыш бұлшық еттердің, абдукторлардың, супинаторлардың массажы
Физиоем
1. Электрожарықпен емдеу
- диатермия.
- ионогальванизация йодтық калиймен,
- ионогальванизация лидазамен, ронидазамен.
- импульстік ток.
2. Гидрокинезотерапия (хвойные, соленные, морские ванны) 36-37С температурада жүргізіледі. Процедура ұзақтығы 10 – 15 мин, соның ішінде 2 -3 мин. тыныштық, 5-8 мин произвольные қозғалыс жасау, 2-3 мин қайтадан тыныштық.
3. Балшықпен емдеу (Грязелечение ) (38-40 С температурада). Мектепке дейінгі жастағы балаларға 5-8 мин, мектеп жасындағы балаларға 10-15 мин
Ортопедиялық ем физиоемнен кейін контрактуралар профилактикасы үшін 1-ші күннен бастап жүргізіледі. Фиксирленбеген контрактураларда – этапты гипстеу. Көп мөлшерде спазм болса бір реттік контрактураларды жою – в/і листенон енгізу ИВЛ арқылы.
Бобат әдісі (нейрофизиотерапия). Массаж және емдік дене шынықтыру кіретін емнің арнайы әдісі. Ол бұлшық еттің спастикасымен күресу және балаға тепе – теңдік сақтауды үйрету үшін жасалады. Жаттығуларға созылулар, буындар жұмысын жақсарту, баланың белсенді қозғалыстарын жасауға үйрету кіреді. Алдымен созылу, сосын тербелу, кейін еңбектеуге үйрету.
Войт терапиясы (рефлексолокомоция). Нейрорефлекторлы әдістер көмегімен дененің тепе – теңдікті сақтау мақсатында және дененің кеңістікте дұрыс қозғалуы үшін жасалады. Бұл әдісті емшек жасында қолдануды бастаған абзал.
Ортопедиялық невмокомбинизон – буындарды бекітіп, бұлшық еттерді созып, сырттай бұлшық еттерді қатайтып миға дұрыс, өзгертілген сигнал баруға мүмкіндік береді.
Хирургиялық ем.
Оперативті ем ерте мерзімде(2-3жасы) фиксирленген контрактуралар мен деформациялар кезінде қолданылады.
Перифериялық нервтерге операция. Бұл операция түрі аяқ деформациясына байланысты жүргізіледі.
Бекітуші нерв резекциясы жамбасішілік және жамбас сырты кірумен жүргізіледі. Айқын контрактуралар кезінде операциядан кейін ішкі фиксатор көмегімен (гипсті таңғыш немесе ортез ) санды әкетілген жағдайда фиксациялайды.
Штоффель операциясы – тізе буынындағы бүккіш контрактуралар кезінде қолданылады. Бұл операцияда спастикалық жиырылған бұлшықеттерге (икроножный) баратын асықты жілік және шонданай нервтерінің тармақтарын кесу жүргізіледі.
Санның бүккіш-әкелуші контрактуралары кезінде қолданылады. Бұл операцияда әкелуші және бүккіш бұлшықеттер тармақтары кесіледі.
Эггерс операциясы – санның екібасты бұлшықетінің сіңірлерін транспозициялау. Табанның айқын бүгілуі кезінде( конская стопа) ахилл сіңірін кесу жүргізіледі.
Сүйектер мен буындарға операция. Жұмсақ тіндерге жүргізілетін операциялармен қатар жасалады. Негізгі мақсаты – буындардың қозғалысын шектеу үшін –артродез және әкелуші – ротационды деформацияларды жою үшін коррекциялаушы остеотомия.