Бөртпенің біріншілік және екіншілік элементтерінің сипаттамалары

Бөртпелердің негізгі элементтері

Бөртпенің біріншілік элементтерінің сипаттамасы

Бөртпе элементтері түріКлиникалық сипаттамасы
РозеолаӨлшемі 5мм дейін болатын қызғылт, қызыл немесе пурпурлы түсті дөңгелек дақ, теріні тартқанда немесе басқанда жоғалатын, жергілікті қантамырлардың микроциркуляторлы ағымының толуынан қалыптасады. (ұсақ жайылған розеолозды бөртпе – ұсақ нүктелі
Макулаүлкен өлшемді бөртпе розеолаға жақын және дұрыс емес формалы бөртпе ↔ ұсақ дақты (диметр – 5-10 мм) және ірі дақты (диаметр – > 10 мм)

 

Эритематерінің қызарған жерінің көп бөлігі, дақты элементтердің бір-бірімен қосылуынан қалыптасады немесе жеке терінің зақымдалу формасы
Папула

(узелок)

әртүрлі өлшемді (1-20мм) тығыз элемент, терінің бетінен шығып тұраты, продуктивті қабынудан, беткей дерма қабаттарының клеткалық инфильтациясынан қалыптасады; екінішілік элементтер – пигментация, отрубевидное шелушение (мельчайшие чешуйки)
Бугорокдерманың терең қабаттарының арнайы қабынулық гранулемалар түзілуінен дамитын, шамалы тығыз консистенциялы папула;екіншілік элементтер – жара → тыртық
Узел (түйін)дерманың терең қабаттарының және теріасты клетчаткаларының клеткалық инфилтрация дамуынан пайда болатын, тығыз шектелеген, диаметрі 1-10см немесе одан жоғары болатын, дөңгелек немесе сопақша пішінді түзіліс.
Күлдіреуік (Волдырь) (уртикариия)әр түрлі өлшемді ( 2см дейін және жоғары) қуысты тығыз экссудативті элемент, қызығылт немесе бозғылт ( қантамыр тарылуында) түсті, дөңглек немесе сопақша пішінді, жиі тері қышумен жүреді, терінің емізікшелі қабатының жедел ісінуінен дамиды
Везикула 

(пузырек)

беткей орналасқан куполтәрізді ұсақ (5-10мм) қуысты жемчуг-сұр түсті элемент, серозды немесе серозды-геморрагиялық экссудатпен толған, эпидермистің тікнекті қабатының баллонирлеуші дистрофиясынан дамиды; біркамералы және көпкамералы везикулалар; екіншілік элементтер – беткей эрозия →қабыршық (корка)→ тұрақты емес депигментация алаңы (экссудат іріңдегенде пустулуға транформация жасауы мүмкін)

 

Булла

(пузырь)

ірі көпіршік (диаметрі – 1см жоғары), серозды, серозы-геморрагиялық немесе іріңдікпен толған, біріншілік немесе везикулдардың қосылуынан пайда болады.
Пустула

(гнойничок)

инфилтративті негізі бар, іріңді немесе іріңді-геморрагиялық экссудатпен толған, ауырсынатын қуысты элемент; везикул құрамының іріңдеуінен пайда болады; біркамералы немесе көпкамералы пустула; екіншілік элементтер – қабыршық → тыртық
Геморрагиялартеріге әртүрлі көлемді және мөлшерлі қан құйылулар, теріні тартқанда жоғалмайтын элемент; тамырлық өткізгіштіктің кенет жоғарылауынан және қантамырлы-тромбоцитарлы жүйедегі гемостаз тізбектің бұзылуынан диапедез дамуынан қалыптасады. Біріншілік және екіншілік петехиялар; екіншілік элементтер – пигментации, эрозии, корки, тыртық

геморрагилар ↔ петехилар (нүктелі қан құйылулар, диаметр – 1-2 мм), пурпура (диаметр – 2-5 мм) және экхимозы (диаметр – > 5 мм)

 Бөртпенің екіншілік элементтерінің түрлері

Бөрпе элементтерінің түрлеріКлиникалық сипаттамасы
Эпидермистің әр түрлі түсті (ақ,сұр,сары) сылынып алынатын мүйізді пластинкаларының болуы

қабыршықтану ↔ тыртықтану (ұсақ қабыршықтар), пластинка тәрізді (қабыршық диаметрі 1-3 мм) және жапырақ тәрізді (қабыршық диаметрі > 5 мм)

(қабыршық) Корочка, коркаТерідегі қан немесе ірің , серозды экссудаттың кебуінен пайда болған түзіліс

қабыршақ ↔ серозды (сұр түсті), іріңді (сары немес сарғыш түсті) және геморрагиялық (қою-қызыл)

Пигментациябөртпе аймағында біріншілік элементтен кейін меланин пигментінің жиналуынан немесе эритроцит және гемоглобин ыдырауынан тері түсінің өзгеруі
Жара(Язва)тері тінінің ақауы, тіндерге терең таралады ( тыртық қалумен жазылады)
Тыртық(Рубец)теріде ақауы бар жерде талшықты дәнекер тіннің өсуі

Сонымен қатар бөртпелердің ажырату диагностикасын оқи кетіңіз

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!