Жылан шағу кезіндегі шұғыл көмек

Жылан шағу

Жыланның уында мынадай биологиялық активті заттар бар: фосфолипаза, гиалуронидаза, лецитиназа және т.б. У қанға енгенде фосфолипаза лецитинді белсендіреді, ал ол өз кезегінде лецитин гемолитикалық, цитолитикалық әрекетімен қанды және тіндерді зақымдап кардиотоксикалық, антикоагуляциялық, цитолиткалық әсерін көрсетеді. Жыланның уы қантамыр қабырғасының өткізгіштігін жоғарлатады, соның салдарынан тіндердің ісінуі, зақымдалған аймақтың некрозы болады.

Клиникасы: шаққан жердің қатты ауырсынуы, ісінуі және оның  зақымдалған қол-аяққа таралуы. Психикалық бұзылыстар: қорқыныш, қозу, үрей.  Кейіннен жедел іштің ауырсынуы, құсу, іш өту және ангионевротикалық беттің ісінуі болады.   Алғашқы минуттарда негізгі симптомы болып гипотензия және естен тану табылады.

жылан шағу
Жылан шағудың әдеттегі көрінісі

Оқиға болған жерде жедел жәрдем беру:

  • жарақатты жуады,
  • арнайы моно- немесе поливалентті жылан уына қарсы сарысуды Безредка бойынша 500-1000 бірлікте б/і енгізеді, ауыр жағдайда қайта көк тамырға салады;
  • алдын-алу мақсатымен сіреспеге қарсы сарысу енгізеді;
  • циркулярлы новокаинді блокада жасайды;
  • жасуша мембранасының тұрақтандырушы (преднизолон );
  • гепарин 5000 бірлікте кіндік маңына немесе коагулограмма бақылауымен; аяқ-қолдың иммобилизациясы, жергілікті суық басу(мүмкіндік болса);
  • Жедел бүйрек жетіспеушілігінің  алдын-алу;
  • симптоматиклық терапия (жгут салу тыйым салынған).

Жылан шағу жайлы басқа мына материалды оқи кетіңіз

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!