Көлік жарақаттары

Көлік жарақаттары

Көліктік жарақаттарға жүргізушілер, пассажирлер және жаяу адамдарда (пешеход) көлік апаттары кезінде пайда болатын жарақаттарды жатқызамыз.

Қазіргі уақытта біздің елімізде автомобиль жарақаты шартты түрде алынған мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. жүріп келе жатқан автомобильдің адаммен соқтығысуынан жарақат алу;
  2. автомобиль доңғалағының басып өтуінен жарақат алу;
  3. жүріп қеле жатқан автомобильден құлап жарақат алу;
  4. автомобиль ішінде жарақат алу;
  5. адам денесінің автомобиль мен басқа заттар арасында   жаншылуынан жарақат алу;
  6. жарақаттың аралас түрлері
  7. басқа да оқиғалар.

Автомобиль жарақаттары

Жүріп келе жатқан автомобильдің сыртқы немесе ішкі бөліктерінен, сондай-ақ жүріп келе жатқан автомобильден құлаған жағдайда денеге түсетін механикалық жарақаттар автомобиль жарақаты деп түсініледі. Ал автомобиль тұрған кезде, оған техникалық күтім жасап жатқанда оның бөліктерінен, мысалы, моторының, ауа толтырылып жатқан шинасының жарылуынан және т.б. алынатын жарақаттар әдетте автомобиль жарақатына жатқызылмайды. Автокөлік оқиғалары және оған күтім жасау кезінде алынатын механикалық жарақаттардан басқа күйіп қалу, бензиннен және жанып шыққан газдан улану, автомашина суға құлаған кезде суға батып кету, сондай-ақ жүргізушінің немесе жолаушының кенеттен өліп кетуі орын алуы ықтимал. Бұлар тиісті жерлерінде қарастырылады.

Автомобиль жарақаты —жарақаттың дененің барлық жерінде мейлінше алуан түрлі жарақаттар көп мөлшерде көп кездесетін санаулы түрлерінің бірі және ол жарақаттардың салыну механизмі мен топталуын білмейінше ажырату өте қиын.

Адам мен қозғалыстағы көліктің соқтығысуы кезіндегі жарақат:

Адам мен қозғалыстағы көліктің соқтығысуы кезіндегі жарақат 4 фазадан тұрады:

  • 1 фаза -көлік бөліктері мен адамның соқтығысуы (біріншілік контакт). Біріншілік соқтығысудан сызат (ссадина), қанталау, сыну болуы мүмкін. Жарақаттың беті көліктің шығыңқы бөліктердің формасы мен көлемінің көріністерін беруі мүмкін. Сақиналы қанталау-фарлардан, полосовидные параллельді сызаттар-капотка соғылғанда. Алдыңғы бамперге соғылғанда бел және тізе –сан сүйектерінің көлденең және жарықшақты сынықтары. (бампер-переломы)
  • 2 фаза -дененің көлікке құлауы. Зақымдалу көлікке соғылғанда пайда болады-үйкелу және соқтығысу. Капотқа соғылғанда көбінесе бас және кеуде жарақаттары пайда болады.
  • 3 фаза -дененің лақтырысы мен оның жерге құлауы. Тізе, шынтақ, алақанда, бетінде тырналған іздер болады.
  • 4 фаза -дененің жол бетімен сырғуы. Көбінесе зақымдалу локализациясы-баста-жолдың шығыңқы беткейлеріне соғылғанда және тізе мен аяқтарда орналасады.

Сот медициналық диагностикасы: Адам мен көлік соқтығысуынан туындайтын жарқаттарды анықтау келесі көріністерді анықтаумен негізделеді: бампер – жарақат, жұмсақ тіндер мен сүйек, ішкі органдардың  зақымдалуы, көбінесе бір жақты(асимметриялы), денеде сырғанау кезінде пайда болған сызаттар.

Автокатастрофа кезіндегі жүргізушіге тән жарақаттар:

  1. Дененің сол жақ және алдыңғы бөліктерінде орналасады.
  2. 1 саусақ аралықта жыртылған –жарақат,білезікте (тыльная сторона) сызаттар,кейде 1 фаланганың сынуы мен шығуы болуы мүмкін.
  3. Сол жақ шынтақ жарақаты
  4. Иық сүйектерінің ортаңғы 1/3 бөлігі мен бел-мықын сүйектерінің көлденең сынықтары (рабочая поза водителя)
  5. Киімінде, аяқ киімінде жарақат іздері
  6. Рульдан кеудесінде доғатәрізді қанталау болады.
  7. Төс және қабырғалардың сынуы
  8. Сан сүйегі басының орталықтан шығуы.
  9. Бұғананың сынуы (ремень әсерінен)

Алдыңғы пассажир:

  1. Он жақ иықтың төмегі бөліктерінде сызаттар мен жарақаттар
  2. Иектің төменгі бөлігігде сызаттар.
  3. Мойын аумағындағы зақымдалулар
  4. Мандайда және бетінде тілінген жарақаттар, бас сүйегінің сынуы –алдыңғы шыныға соғылуы салдарынан.
  5. Оң жақ бұғананың сынуы

Артта отырған пассажир: Шүйде аймақтарының зақымдалуы, жиі ауыр бас-ми жарақаттарын алады.

Автомобиль астында қалып қою

Автомобиль доңғалағының басып кетуінен жарақат алу автомобиль жарақатының жеке түрі ретінде біршама сирек кездеседі. Автомобильдің басып кетуі жарақаттың басқа түрлерімен, мысалы, соғылумен немесе жүріп келе жатқан автомобильден құлаумен аралас болады.

Әдетте, адамды жүк машиналары басып кетеді, өйткені олардың доңғалақтары жалпақ және өздері де жеңіл машиналарға қарағанда биік. Жеңіл автомобильдер конструкциясының ерекшеліктері адамды толық басып өтуге мүмкіндік бермейді, сондықтан адам денесі әдетте манпшаның алдыңғы жағы жаныштап, машина тоқтағанға дейін біраз жерге итеріп апарады.

Машина басып кеткенде жарақаттар, негізінен алғанда адам денесінің жүріп келе жатқан доңғалақ пен жолдың арасында жанышталуы болып табылады. Сонымен бірге доңғалақтың соғылуынан, адам денесіне үйкелуінен, үлпалардың созылуы мен сүйретілуден жарақат алынуы мүмкін.

Сот мед.диагностика

  1. Басып кету көрінісі-денеде немесе киімде
  2. денеде қатты зақымданулар,деформациялар ішкі органдардың сыртқа шығуы,жаншылуы,езілуі
  3. Киім рельеф іздерінің денеде болуы.(контур)
  4. жұмсақ тіндердің зақымдалуы және қалта тәрізді түзіліс.
  5. Ішкі мүшелердің орнынан жылжуы және жұлынуы.

Жүріп келе жатқан автомобильден құлап алған жарақат

Жүріп келе жатқан автомобильден құлап жарақат алу адамдар жай жүк машиналарымен тасылатын ауылдық жерде жиі кездеседі. Адамдар басым көпшілік жағдайларда машинаның қорабынан көбірек, ал кабинасынан сирегірек құлаиды. Жолаушының қорапта қалай отырғанына және машинаның жүрісіне қарай (күрт бұрылу, күрт тоқтау немесе шапшаңдығын күрт арттыру) адам түрлі бағытта — бір жағына қарай, машинаның жүріп келе жатқан бағытына қарай немесе артқы жақтаудан кейін қарай құлап кетуі мүмкін. Мұндай жағдайларда жарақаттануға жолға құлап соғылу жөне дененің үрылуы себепші болады. Машинадан құлағанда алынатын жарақаттар биіктіктен құлағандағы жарақаттарға ұқсайды. Құлаған адамның “жерге қалай түсуіне” қарай жарақаттар әр алуан болады. Етпеттеп, шалқасынан немесе ішімен құлағаннан гөрі баспен немесе бөксемен құлағанда, оның зардаптары неғұрлым ауыр болуы мүмкін.

Автомобиль ішінде жарақат алу қатты жүріп келе жатқан машиналар бір-бірімен соқтығысқан немесе машина әлдебір қозғалмайтын затқа соққан жағдайда, сондай-ақ автомобиль аударылғанда кездеседі. Алайда кабина ішінде отырған адамның шапшаңдықты күрт арттырған немесе машинаны күрт тоқтатқан кезде де ауыр жарақаттануы мүмкін.

автокөлік жарақаты
Автомобильдердің тікелей соқтығысуы кезіндегі көрініс. Көбінесе алдыңғы пасажир мен жүргізуші зардап шегеді

Адам денесінің автомобиль мен басқа заттар арасында жаншылуынан жарақат алу — автомобиль жарақатының ең сирек кездесетін түрі. Жарақаттар тік тұрған адамға соқтығысып, содан соң оның денесін қысып қалу салдары- нан болады, оның үстіне олар кеуде қуысы мен іш жағынан айқын көрінеді. Адамның денесі соққы жасалмайақ қысылып жаншылуы мүмкін. Қабырғалар әдетте екі жағынан да көп жерден сынады. Бауырдың, бүйректің, өкпенің жарылып, мыжылуынан байқалады. Кеуде мен іш қуысының ба- сқа мүшелерінің зақымдануы сирек кездеседі.

Қорытындылай келе жоғарыда айтылған барлық көлік оқиғалары адамның қауіпсіздік шараларының сақталмауынан болып жатады, және қасақана қылмыстық мақсатпен де көлік оқиғасы болуы мүмкін. Әрқашан көлікке отырарда оны тексеріп алған жөн, және жол қозғалысында абай болу керек!!!

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!