Іріңді тиреоидит

Іріңді тиреоидит

Іріңді тироидит– салыстырмалы сирек кездесетін, бактериальды флорамен, жиі пиогенді стрептококкпен немесе алтын түсті стафилококкпен шақырылатын ауру.

Патогенез. Қабыну процесі бездің бір бөліктік аймағын немесе түгел бөлігін қамтиды және қабыну стадияларынан өтеді: пролиферация, экссудация, альтерация. Пиогенді өзгерістер жиі жергілікті зақымдауға ие және көбіне сол жақ бөлігін зақымдайды. Кейде олар тез сіңіріледі, кейде абцесс түзіледі. Іріңдеудің нәтижесінде қалқанша безінің және капсуласының экспансивті бұзылуы болады. Процесс мойын және мойын аймағынан төмен таралады. Антибиотиктердің кең түрі таралуына байланысты аурудың жиілігі төмендеді, соған қарамастан жедел тонзиллит, отит, синусит және пневмонияның әсерінен қалқанша безі лимфогенді және гематогенді жолмен инфицирленеді, соның нәтижесінде қалқанша безінің жедел қабынуы дамиды.

Іріңді тиреоидит

Клиникасы. Ауру жедел басталады, жалпы және жергілікті симптомдарды анықтауға болады. Жалпы симптомдар: дене температурасы 39-40с дейін көтерілуі, қалтырау, терлеу, бүкіл денесінің ауырсынуы, бел мен буындарының ауырсынуы. Жергілікті симптомдарға қалқанша безі аймағында пульсацияланған ауырсыну сезімі, жұтыну және басын бұру кезінде күшейеді, ауырсыну жиі құлаққа, төменгі кейде жоғарғы жаққа беріледі. Пальпациялау кезінде қалқанша безі ұлғайған, қатайған аймақ анықталады, бір жақ бөлігінде ауырсыну және қабынуға тән белгілер:ісіну, жергілікті температураның көтерілуі, ауырсыну, қызару, қызметінің бұзылуы байқалады. Екі аптадан соң қатайған аймақ жұмсарып, ауырсыну азаяды, қабынулы инфильтрат іріңді массаға толған аймаққа ауысады. Ауру басталғаннан бірнеше күннен кейін зақымдалған жерде флюктуация пайда болады, егер абцессті сыртқа ашса жағдайы бірден жақсарады орнында тыртық қалады. Ал абсцесс ішке ашылса іріңді медиастенит дамып, жағдайдының нашарлауына алып келеді.

Диагностика: Лабораториялық зерттеулер кезінде лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы, соэ 20-30 мм/сағ дейін жоғарылайды. Қалқанша безінің ультрадыбысты зерттеуінде зақымдалған бөлігінде эхогенді төмен аймақ, ал сканограммада «суық түйін» байқалады.

Салыстырмалы диагностика

Жедел іріңді тиреоидитті жеделдеу де кервен тиреоидиті, қалқанша безінен қан кету, сәулелі терапиядан кейінгі жедел іріңді емес тиреоидитпен салыстыру жүргіземіз. Екінші және үшінші жағдайларда ауру сезімі біршама айқын, қанда қабынуға тән өзгерістер жоқ, ал сәулелі терапиядан кейінгі жедел іріңді емес тиреоидит кезінде анамнезінде сәулелі терапиялы курс болады. Ауыз қуысын қарап, мойынды пальпациялау диагноз қоюда қиындық туғызбайды.

Емі: Диагнозды негіздеу үшін аспирационды биопсия жасалады, алынған материалды антибиотикке сезімталдығын анықтау үшін лабораторияға жібереміз, жауабын күтпей пенициллинотерапияны бастаймыз, лабораторияның жауабы шыққан соң пенициллинді басқа антибиотикке ауыстырып, ыстық түсіргіш дәрілер қолдануға болады. Абсцессті хирургиялық жолмен ашады. Асқынулар болмаған жағдайда аурудың болжамы жақсы.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!