Етеккір алды синдромы

Етеккір алды синдромы (ЕАС)

Күрделі патологиялық симптомокомплекс, етеккір алдында 2-10 күн бұрын басталып, етеккір басталысымен аяқталады. Үдемелі салмағы 30-40 жастан асқандарда 47-57 %.

Этиологиялық факторлар:

  • Стресс, індетті аурулар (нейроинфекция);
  • Туберкулез, ревматизм;
  • Асқынған тұқымқуалаушылық;
  • ООЖ, жүрек қан тамыр, ас қорыту жүйелерінің аурулары;
  • Бас сауытының жарақаттары;
  • Жыныс мүшелерінің қабыну аурулары.

Даму себептері: ЕАС дамуының бірнеше теориялары бар: гормоналды дисфункциялы, сулы интоксикациялық, психосоматикалық, аллергиялық простогландинді. Негізгі даму себебі болып – туа және жүре пайда болған гипоталамо-гипофизарлы – бүйрек үсті безі жүйесінің жетіспеушілігі кезінде ОЖЖ әртүрлі бөлімдерінде пайда болады.

Етеккір алды синдром жіктелуі

Клиникалық көрінісіне байланысты

Жүйелік психикалық формасы

  • көбіне 24-34 жаста болады;
  • науқас қозғыш, агрессивті немесе депрессивті болады;
  • аяқ қолы жансызданады;
  • әртүрлі дыбыстарға, иістерге сезімтал болады;
  • сүт бездерінің ісінуі байқалады.

Ісінулік формасы

  • көбіне 20-24 жаста болады;
  • науқастың сүт бездері ісінеді, ауыршаң болады;
  • беті мен аяқ-қолдары ісініп кетеді, іші кебеді;
  • терісі қышиды;
  • науқас тершең, әлсіз болады;
  • зәрдің жалпы көлемі азаяды;
  • көздің аймағы ісінеді;
  • дене салмағы жоғарылайды;
  • гипернатриемия, гипокалиемия байқалады.

Цефалгиялық формасы

  • көбіне 16-19 жаста болады;
  • науқастың басы қатты ауырады;
  • қозғыш болады;
  • жүрегі айниды, құсады;
  • басы айналады;
  • иістерге, дыбыстарға сезімталдығы жоғарылайды;
  • жүрек аймағы ауырады.

Кризді формасы

  • қан қысымы жоғарылайды;
  • қорғанышты сезім болады;
  • кеуденің артында ауыру сезмі пайда болады;
  • аяқ қолдары суып, жансызданып кетеді;
  • жүрек соғысы қатты, тахикардия болады.

Атипті формасы

  • жалпы гингивит,
  • стоматит;
  • циклдық бронхтық астма;
  • бастың ауыруы;
  • гипертермия;
  • аллергия болады.
Етеккір алды синдром
Етеккір алды синдром науқастарда әртүрлі өтуі мүмкін.

Симптомдардың санына, клиниканың айқындылығына байланысты формалар:

  • Жеңіл формасы: Аурудың 3-4 симптомы кездеседі.
  • Ауыр формасы: Аурудың 5-12 симптомы кездеседі

Сатыларға байланысты

  • Компенсаторлы аурудың жеңіл формасына ұқсас
  • Субкомпенсаторлы аурудың симптомдары жылдан жылға өрши береді
  • Декомпенсаторлы аурудың симптомдары етеккір тоқтағаннан кейін де сақталып, сау күндер азайып, науқастың жұмысқа қабілеті төмендейді.

Емі:

  1. Еңбек және демалыс режимі, етеккір циклының 2 фазасында суды аз ішу керек;
  2. Физиотерапия (аэротерапия, бетті мойынды аймақты гальванизациялау, электрофорез, гелиотерапия, УФО, санаторлы-курортты ем);
  3. Транквилизаторлар (элинеум, френолон, тыныштандыратын препараттар, етеккір циклының 10-14 күндері нейролептиктерді тағайындау);
  4. Витаминотерапия (А, В6, Е тобы), антигистаминды препараттар (димедрол, тавегил, диазолин, кистин);
  5. Құрамында калий бар диуретиктер;
  6. Гормоналды терапия (етеккір циклының 16 күнінен бастап, 10 күн бойы прогестагендер, етеккір циклының 5 күнінен 25 күніне дейін синтетикалық эстроген- гестагенді препараттар, етеккір циклының 2 фазасында прогестагенді 8-10 күн бойы  1,25 мг  парлодел тағайындайды), ал 40 жастан асқан әйелдерге етеккір циклының 2 фазасында прогестагенді андрогендермен бірігіп береді (8 күн бойы тіл астына, 3 емдеу курсы, арасында демалыс 2-3 ай).

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!