Тісті ағарту жолдары

Тісті зиянсыз әдіспен қалай ағартуға болады

Бүгінде ауыз қуысының тазалығына арналған заманауи нарық кез-келген мәселені шешіп беретіндей. Голливудтық күлкі мен аппақ қардай тісті армандап жүрсіз бе? Қалағаныңызға қарай әртүрлі ағартатын тіс пасталары қазіргі кезде көп. Бірақ кей жағдайда, тісті ағартатын пасталардың өзі ағартуға күші жетпейді.

Ағартатын тіс пасталарының әсер ету механизімі қалай?

Айтып кеткендей, бұл пасталар, басқа құралдар сияқты тіс түсін ағарта алмайды. Кез-келген тіс пастасы эмальға көбіне механикалық түрде әсер етеді және аз деңгейде – химиялық, емдік және басқалай әсер етеді. Кейбір жағдайларда, ағартатын тіс пасталарын жиі қолданса, тіс шынында ағырақ көрінуі мүмкін. Алайда бұл ағарту салдарынан емес, сол баяғы механикалық ағартудан іске асады.

Тістң ағарту жолдары

Тісті қалай ағартуға болады?

Тек кәсіби ағарту ғана тістің түсін ағырақ ете алатынын білген жөн. Ол кабинетте, яғни стоматолог дәрігердің нұсқаулығымен ұсынылған дәрі – дәрмектердің көмегімен үйде жасалатын болып екіге бөлінеді.

Кабинеттік кәсіби ағарту химиялық, лазерлік және фотоағарту болып бөлінеді. Негізінде оның бәрі химиялық болып табылады, себебі басты әсер ететін компонент өзгермейді – бұл сутек тотығына негізделген қоспа. Бірақ, бірінші жағдайда әсер ету катализаторсыз жүреді, ал екінші жағдайда қоспа әсері лазер сәулесімен катализденеді, ал үшінші жағдайда  жарықпен.

Тістерді ағарту мөлдір болып келетін эмальға емес, тереңірек тіс тіңі дентинге әсер ету есебінен жүреді. Тісіңіздің түсі эмаль арқылы көрініп тұратын дәл осы дентиннің реңкіне байланысты. Дентин табиғатынан ешқашан ақ болмайды. Әдетте оның түсі ашық-сары мен қошқыл – сары арасында ауытқып тұрады, сонымен қатар сұр немесе алқызыл болуы мүмкін.  Кәсіби ағартудың мақсаты дентинді өңсіздендіру болып табылады.

Тісті ағарту сатылары

Денсаулыққа зиян келтірмей тісті қалай ағартуға болады? Біріншіден мәселені анықтап алу керек: тістеріңіз ненің себебінен жеткілікті түрде ақ емес? Бәлкім тісіңіз ағырақ көріну үшін сізге дентиннің реңкімен эмальдың мөлдірлік деңгейіне кәсіби гигиенаның өзі жеткілікті болатын шығар.

Егер боялған тістің жұқа қабатын кетірген соң да тісіңіздің түсі көңіліңізден шықпаса стоматологқа бару керек. Ол ағартудың оңтайлы жүйесін таңдайды. Алайда кейбір жағдайларда тіпті кәсіби ағарту да көмектеспейтінін ескеру керек. Дәрігер бұны сізге алдын ала ескертеді, мысалы егер сізде тетрациклинді тіс болса. Егер ағарту мәселесі қатты маңызды болса, онда мұндай жағдайда ақырғы шара – виниринг болады. Винирлер мен люминирлер – бұл алдыңғы және үстіңгі тістерге салынатын, алынбайтын жұқа керамикалық қаптама. Олар ағартып қана қоймай, тіс қатарындағы болмашы кедір-бұдырды және тіс арасының кеңеюін түзейді.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!