Гинекологиялық науқастарды операцияға дайындау және күту

Гинекологиялық ауруларды операцияға дайындау және операциядан кейінгі күту

Науқасты операцияға дайындау:

  • Науқастарды операцияға алдын ала дайындайды;
  • Науқастың операция алдындағы қорқынышты үрейлі сезімін басу, тыныштандыру, операцияның жақсы өтетініне сендіру, теріс эмоцияларды жою;
  • Операция кезінде кейбір манипуляцияларды түсіндіріп, олар не үшін керек екенін айту, мысалы қолды байлау бұл әйел байқаусыздығын ұйықтап жатқанда зарарсыз заттарды тиіп кетпеу керек екенін айту;
  • Операция кезіндегі наркоз не үшін, оның түрі туралы айтады;
  • Операция алдында науқас әйелдің денесінің тазалығын қамтамассыз етеді, ол үшін оны суға түсіріп немесе денесін спиртті дәкемен сүртеді
  • Науқасты кейбір мамандардың қарауынан өткізеді, мысалы терапевт, керек кезде кардиолог т.б;
  • Операция алдында бірнеше күн бұрын асқорыту жүйесін дайындайды, операция алды күні жеңіл тамақ беріледі, ал ұйықтаудың алдында және таңертең операция алдында 3 сағат бұрын клизма жасайды;
  • Әйелдің сыртқы жыныс мүшелеріндегі жүндерді қырады да, сол жер залалсызданады;
  • Операцияға апарар алдында қуыққа катетр қойылады

лапораскопиялық операция

Операциядан кейінгі күту:

  • Операция аяқталғаннан кейін жараға заласыздандырылған дәке қойылады;
  • Операция қынапқа жасалған кезде кейде оның ішіне жұмсақ дәке немесе дренаж салынады, дәкені келесі күні, ал дренажды 5 күннен кейін алынады;
  • Операциядан соң әйелді төсекке жастықсыз жатқызады;
  • Операция жарасына мұзды 1-2 сағатқа қояды, кейін 0,5-1 сағатқа үзіліс жасайды, мұзды 1 тәуліктен артық қоймайды;
  • Науқас накоздан оянбағанша оның төсегінің қасында үнемі медбике отырып, оны бақылауы керек;
  • Әйелдің жүрегі айнып, құсқан кезде басын бір бүйіріне бұрып, ауыз қуысын құсықтан тазалап, асфиксиядан алдын алады;
  • Операциядан кейінгі кезеңде науқас әйелді ауырсыздандыру қажет;
  • Науқас әйелдің ауыз қуысын тазалап, тісін жуып шаяды;
  • Операция жарасының жіптері 6-8 күні алынады, жіптерін алғаннан кейін әйел төсекте жату керек;
  • Операциядан соң 1 күні науқасқа тамақ берілмейді, тек аузын сумен шаюға рұқсат етіледі, 2- күні минералды су, шәй, құрғақ нан жеуге рұқсат, 3 күні сорпа ішуге болады, ал 5 күннен бастап, жалпы тамаққа көшеді;
  • Науқастың қан қысымын, тамыр соғысын, дене қызуын қадағалау;
  • Зәр бөліндіру, ішектің перисталтикасын тыңдап, ауаның іштен шығаруын қадағалайды;
  • Кейде науқастарда төсекке көп жатқаннан денесінде ойық жаралар пайда болады, оларды алдын алу немесе емду үшін күніне 2-3рет денені камфор спиртімен, әсіресе жара жерлерін сүрту керек.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!