Босану кезіндегі нәрестедегі ОЖЖ жарақаты

ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ БОСАНУ КЕЗІНДЕГІ ЖАРАҚАТТАРЫ

Орталық жүйке жүйесінің босану кезіндегі жарақаты >> немесе << басүйекішілік босану жарақаты >> деген термин бас миына қан құйылулар мен тіндердің декструкциясы және басқа ағзалардағы патоморфологиялық бұзылыстарды сипаттайды. Бұл жаңа туған нәрестелердегі ең ауыр патология, неонатальды кезеңдегі ауыршаңдық пен өлімділіктің негізгі себебі.

Босану жарақаттары жаңа туған нәрестелердің 8-10 % кездеседі. Осы кезеңдегі барлық аурулардың 70% орталық жүйке жүйесінің босану кезіндегі жарақаттануына тиесілі. Бас ми және жұлынның зақымдануына байланысты бас сүйегін ашқанда 80 % жағдайда ОЖЖ босану кезіндегі жарақаттануы негізгі немесе қосалқы диагноз ретінде анықталады.

Этиологиясы мен патогенезі. ОЖЖнің босану кезіндегі жарақаттануының негізгі себебі – антенатальды және интранатальды кезеңдегі миға қан құйылуына алып келетін ұрықтың жедел және созылмалы гипоксиясы. Ұрықтың оттекті ашығуына анасындағы гипоксемия және ана –ұрық жүйесіндегі газдардың диффузиясы бұзылуы себеп болады. Ұрықтың гипоксемиясы гемодинамика бұзылыстарына, зат алмасу бұзылыстарына, қан құйылуларға, жүйелер мен мүшелердің дисфункциясына әкеледі.

Сонымен қатар, ОЖЖ босану кезінде жарақаттануы патологиялық босануларда да кездеседі: ұрық жатырдың жиырылуының жылдамдануынан, күшпен итеріліп жылдам шығуға тырысқанда және нәрестенің басы бір жазықтықта ұзақ уақыт тұрып қалғанда және жамбастың сүйектерімен қысылып қалғанда. Акушерлік қысқыштарды, вакуум экстракцияны және қатты акушерлік манупиляцияларды қолдану арқылы босануларда нәресте басының сүйектері орнынан ығысып, миы қысылып қалуы мүмкін. Ұрық басына механикалық әрекеттер әсер ету нәтижесінде, нәрестеде біріншілік венозды стаз, периваскулярлы ісіну, қан құйылулар болады. Осындай жағдайлар кесар тілігі операциясын орындағанда немесе кіші ұрықты тез босануларда кездеседі. Бас миының қатты қабатының дубликатурасының жыртылуы, синустардың зақымдануы, ірі бас миы тамырларының жыртылуы болуы мүмкін. Ми жасушаларының дистрофиясы мен некрозы дамиды.

Соңғы уақыттарда нәрестелерде церебральды бұзылыстар дамуының аутоиммунды теориясына көңіл бөлінуде. Өйткені, церебральды жарақатпен туылған нәрестенің қанында ми тіндеріне қарсы антиденелер анықталған.

Патоморфологиясы. Церебральды босану жарақатының жедел кезеңінде ми және ми қабықтарының ісінуі, барлық тіндердегі венозды қан толысу байқалады. Кейде, мишық қабатының жыртылулары мен ишемиялық некрозы да болуы мүмкін. Көп жағдайда мәйітті ашқанда жұлын ми өзегіне қан құйылу мен жұлынның зақымдануы анықталады.

Мидағы қан құйылулар сіңіріліп, киста түзілуі мүмкін немесе тыртықты өзгерістер қалыптасады; үлкен ми қыртысының, базальды ганглилердің атрофиясы, ми қарыншаларының ұлғаяды.

Босанудан кейінгі ожж жарақаты

Клиникалық көрінісі. Бассүйек ішілік жарақатымен туылған балаларда асфиксия дамиды. Кей жағдайда жарақат өмірінің бірінші аптасының соңында аныталады.

Босану кезіндегі ОЖЖ жарақатының үш кезеңі бар:

  1. жедел (7-10 күн);
  2. ерте қалпына келуші (11 күннен 4 айға дейін );
  3. қалпына келетін ( 4 айынан 1-2 жасына дейін ) ;
  4. қалдық көріністер кезеңі ( 2 жасынан кейін ) .

Клиникалық көрініс мидың және ішкі ағзалардың зақымдалуына байланысты көрінеді. Жалпы милық симптомдар екі негізгі синдроммен көрініс береді: аса қозғыштық және тежелу синдромы. Аса қозғыштық жағдайында бала мазасыз, дірілдейді, бірқалыпты айғай, бұлшықет тонусы артады. Физиологиялық рефлекстері күшейген немесе кенеттен пайда болуы мүмкін.

Ошақтық көріністерге спастикалық салданулар мен парездер, Грефе симптомы, батқан күн симптомы, көлденең нистагм. Ұстау рефлексінің ассиметриясы, жергілікті дірілдер, птоз, бас миы нервтерінің зақымдану белгілері де көрінуі мүмкін.

Мидағы қан құйылу ошағының орналасуы, патологиялық көріністермен анықталады. Мысалы, субарахноидальды қан құйылуларға баланың мазасыздануы, кекіру мен менингиальды симптомдар жатады. Субдуральды гематомаларда птоз, парез дамиды. Қарыншаларға қан құйылғанда бала еңбегінің ісінуі, тыныс алудың бұзылысы мен діріл байқалады.

Көп жағдайда церебральды патология тыныс алу және жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылысымен көрінеді. Ас қорыту жүйесі жағынан көрінетін симптомдар әртүрлі: тәбетінің төмендеуі, анорексия, кекіру мен құсуға бейімділік, іш қату немес диарея. Бұл симптомдар асқазан ішек жолының дискенизиясын, яғни пилороспазмды көрсетеді. Бұндай науқастардағы гипоксия бүйрек үсті безінің қызметінің айқын төмендеуіне әкеледі: бұлшықеттер гипотониясы, гипорефлексия, солғын тарту.

Бұндай нәрестелердің ерте балалық шағының ерекшеліктері болады: кіндік қалдығы кеш түседі, кіндік жарасы баяу жазылады, салмағы да баяу қалпына келеді. Кейде, осы кезеңде тұрақты дистрофия қалыптасыады.

Репарация кезеңінде 60-80 % да нәрестелер клиникалық тұрғыда сауығып кетеді, ал қалғандарында неврологиялық, соматикалық және зат алмасулық бұзылыстар сақталады.

Диагноз. Диагноз қоюда ансының ауруы, гинекологиялық және акушерлік анамнезі және жүктіліктің, босанудың ағымы ескеріледі. Ұрықтың құрсақішілік дамуына кері әсер ететін әсрлер анықталады. Нәрестенің алғашқы күніндегі симптомдар анықталып, диагностикалық әдістер жүргізіледі. Қосымша анықтау әдістеріне жұлын милық пункция, офтальмоскопия,электроэнцефалография жасалынады. Сонымен қатар, эхоэнцефалография арқылы қан құйылудың орнын анықтауға болады. Церебральды қан айналымның жағдайы реоэнцефалография арқылы нақтыланады.

Ажырату диагностикасы. Босану кезіндегі ОЖЖ жарақаттары келесі аурулардан ажыратылады: құрсақішілік энцефалит, менингит, тұқым қуалайтын зат алмасудың бұзылыстары: фенилкетонурия, галактоземия, босану кезіндегі жедел асфиксия, ОЖЖ-нің туа біткен ақаулары.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!