Лактациялық аменорея контрацепция әдісі ретінде

Лактациялық аменорея- түсінігін қазіргі ғылым жаңа метод деп санаса да, ол бұрыннан бері белгілі болып келеді. Ғасырлар бойы бала емізетін әйелдер, егер бала емізуін тоқтатпаса, онда қайта жүкті болу деңгейінің төмендейтінін білген.  

Басқаша айтқанда лактациялық аменорея жүктілікті болдырмаудың (контрацепцияның) бір әдісі ретінде қазіргі кезде танымал.

Босанғаннан кейін әйел ағзасында белсенді түрде пролактин гормоны бөліне бастайды. Ол өз алдына сүттің бөлінуіне септігін тигізеді. Ағзадағы көп мөлшердегі пролактин гормоны овуляцияны тежеп, менструалды циклдің тежелуіне алып келеді. Соның әсерінен менструалды цикл басталмай қалғандықтан ұрықтану, яғни жүктілік те болмайды.

Бұл әдіс жүктіліктен 100% қорғаныс әдісі болып табылмайды. Бірақ лактациялық аминорея ең ыңғайлы, әрі жеңіл методтардың бірі. Белгілі шарттарды сақтағанда бұл әдіс тұрақтылығы 98% ға дейін жетеді.

Әйел қаншалықты баланы көп емізсе соншалықты пролактин гормоны көп бөлінеді. Бала емген кезде емізікшедегі нерв талшықтарын тітіркендіріп, гормонның көп бөлінуіне әсер етеді.

Көбінесе пролактин гормон түнгі уақытта көп бөлінеді. Сондықтан түнгі уақытта баланы емізген маңызды.

 

Қандай шартарды орындағанда лактациялық аменорея әдісі 98% ға дейін тиімділік көрсетеді???

1 шарт- баланы жиі жиі емізу, түнгі уақытта емізу. Емізу интервалы 6 сағаттан артық болмау керек. Егер 6 сағ. артық емізу болмаса онда пролактин деңгейі төмендеп, ағза қайта менструалды циклдің жұмысын қалпына келтіру механизімі қосады.
Егер бірнеше рет бала емізуді ұмытып кетіп (әсіресе түнгі уақытта) менструалды цикл қалпына келіп қоятын болса, бұл әдістің беріктілігі бірінше есе төмендейі. Тіпті қайта баланы жиі емізетін болса да . . .

2 шарт –баланы тек ана сүтімен қоректендіру керек. Себебі егер ана сүтімен қоса, қосымша балаларға арналған тамақтарды бере бастаса онда ағзада сүт бөлінуі төмендейді. Ол өз алдында пролактин деңгейінің төмен болуына алып келеді.

 3 шарт. Осы әдістің эффективтілігі баланы дүниеге алып келгеннен кейін алғашқы 6 ай екенін естен шығармау. Себебі 6 айдан кейін әйелдерде менструалды циклдің қайта қалпына келуі басталады. Ескеретін жайт бұл кезде балаға жасанды тамақтандыру бере ме әлде бермей ме оған байланыссыз түрде менструалды цикл қалпына келеді.

 

Сонымен Лактациялық аминорея келесі жағдайдағы әйелдерге тиімділігі жоғары:

1. Баланы жиі емізсе (әсіресе түнде);
2. Тек қана ана сүтімен емізу;
3. Бала дүниеге келгеннен кейінгі 6 ай аралығы;

Жоғарыдағы 3 шартты орындлынған жағдайда әйелдің қайта жүкті болу қаупі өте төмен. Ал егер бала дүниеге келгеннен кейін 6 ай уақыт өтетін болса онда басқа контрацепция әдісіне ауысу керек.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!