АИТВ-инфекциясының жұғу механизмі, берілу жолы, профилактикасы

АИТВ-инфекциясының эпидемиологиясы және профилактикасы, әлеуметтік маңызы, жұғу механизмі, берілу жолы

Әлеуметтік маңызы. Қазақстан Республикасында АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиялық жағдай қолайсыз, себебі аурудың жоғары деңгейде болуына байланысты. 01.11.2000ж АИТВ-зақымдалған адамдар 1257 тіркелген. ЖИТС-пен ауыратын 2,8% құрайды, ЖИТС летальдылығы 2,28%. АИТВ-инфекцияның ағымына наркомания қолайсыз әсер етеді. Наркомандарда ауру тез қарқынмен өтеді және олардың өмір сүру ұзақтығы 2-3 жылдан 5-6 жылға дейін. Егер науқас наркотикті қабылдамай, салауатты өмір сүру салтын ұстаса, онда өмір сүру ұзақтығы 6-10 жылға созылады.

ЖИТС-индикаторлық аурулармен: ауыратын науқастарда туберкулез-11,3%, герпетикалық инфекцияға-2,6%, кандидоз-1,7%, токсоплазмоз-0,7%, цитомегаловирус инфекциясы-0,5%. Жоғары инфекцирленген Қарағанды облысында сақталған-79,3%. Павлодар, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында АИТВ-инфекцирленген адам саны жоғары.

АИТВ инфекциясы
АИТВ инфекциясы

Қазақстанда АИТВ-инфекциясы жағдайында 83,1% иньекциялық наркотиктерді қолдану жоғары себеп болды. Дүние жүзінде-5%. Жыныстық қарым-қатынас арқылы 6,2%, ал дүние жүзінде-70%. ҚР-да АИТВ-инфекцирленген әйелдерден жұққан балалар бар. АИТВ-инфекциясымен анасынан баласына 0,15% жұғады, гемотрансфузия арқылы-0,2%. Жас аралық топ арасында АИТВ-инфекциясы бар науқастар: 20-29 жас-55,8%; 30-39ж – 20,6%; 15-19 жас-12,7%; 40-49ж – 7,3%; 14 жасқа дейінгі балалар – 2,3%. құрайды.

Қазіргі жағдайда АИТВ-инфекциясы тез дамуда. Егер 1997-98 жылы біріншілік жағдайда 90% дейін АИТВ инфекцирленген болса, 2000 жылы 1-ші шілдеде олардың саны 52%-ке дейін азайған, ал екіншілік жағдайдағы науқас 10%-48%.

АИТВ-инфекция-адам иммун тапшы вирусымен шақырылатын, лимфацитте, макрофагта ұзақ уақыт бойы перителінетін, соның нәтижесінде иммунды және жүйке жүйесін зақымдай отырып, екіншілік инфекциямен көрінетін, жедел энцефалитпен, ісіктермен, басқа да патологиялық өзгерістермен сипатталатын ауру. Бұл ауру науқасты өлімге әкелуі мүмкін. АИТВ-инфекциясы бірнеше стадияның ауысымен өтіп, ЖИТС терминімен ауысады.

Эпидемиологиясы. АҚШ-та ЖИТС бірінші рет 1979 жылы тіркелген (9 адамда ЖИТС анықталған, 7 адам қайтыс болған). 1980 жылы адам саны 46 жетіп, 42 қайтыс болған. Инфекцирленген саны өскен. Күнделікті дүние жүзінде шамамен 10 000 адам инфекцирленген.

АИТВ 3 жол арқылы беріледі: гетеро және гемосексуальды қатынаста болғанда; қан арқылы парентеральді; вертикальды, яғни анасынан баласына құрсақ арқылы, босану арқылы, омыраумен тамақтандырғанда беріледі. Берілу жолы әлеуметтік, мәдени, өмір сүру барысына байланысты.

Инфекцирленген адам арасында жас ер адамдар кездеседі. Егер инкубациялық кезеңін есепке алсақ, ЖИТС-пен ауыратын науқастар жасы 30-39 жыл. ДЖДС7 деректері бойынша ер адамның әйелге қатынасы 10-15:1 қатынасындай, АҚШ-та ер адамға 93%,ТМД-да 62,5% келеді.

Бастапқы жылдарда АИТВ-инфекциясының таралуы келесі топ қатерлерге байланысты: гемосексуалистер, наркомандар, жезөкшелер.

АИТВ-инфекциясының басқа да венерологиялық аурулармен қатысты өтеуімен анықталған. АИТВ-таралуы венерологиялық аурумен ауыратын адамдарда 20 есе көп өседі. Бұл көптеген венерологиялық аурудың жаралы зақымдануына байланысты.

Сонымен қатар, көптеген венерологиялық аурумен ауыратын науқастарда иммун тапшы дамиды. 80% гемосексуалистер ауырады.

Пандемия барлық елдер мен континенттерді қамтыған. Адам үшін АИТВ-инфекция қауіпті.

Қазақстанда контигентке, яғни бостандықтан айырылған жерде болатын адамдарда 22%. Барлық АИТВ-инфекциясымен зақымдалған науқас арасында. Бас бостандығынан айырылған адамдар бар Теміртау қаласындағы ошақтарында 23 жағдайда эпидемиялық қарым-қатынаста.

1996 жылы дүние жүзінде 1,3 млн адам ЖИТС тіркелген аурулар саны 4,5 млн жоғарлаған, 20 млн жоғары инфекцирленген.

ХХ ғасыр аяғында зақымдалған адам 38 млн-ға жеткен, кейбір эпидемиологтардың бағасы бойынша 110 млн жеткен. Бірінші 8 жылда АИТВ-инфекциясымен ауырған адам саны 200 мыңға жеткен, инфикцирленген-10-15 млн адамға жеткен.

Ай сайын 60 мың адамнан жоғары инфекцирленген, әрбір 4 минут сайын ЖИТС-пен жаңа ауру тіркелген, әрбір 15 секунд сайын-АИТВ зақымдалған адам тіркелген. АИТВ бар адам 90%-і дамыған елдерде тұрады.

АИТВ-инфекциясымен зақымдалатын саны әйелдер және наркомандар арасында жоғарылаған. Гемосексуалистер арасында ауру 1987 жылдан бастап азая бастаған. Әйелдердің ер адамнан АИТВ зақымдалуы жыныс қатынасы арқылы 3 есе көп жұқтырады. Сау адамның вирусты қабылдауы партнерының ауруының стадиясына байланысты анықталады.

АИТВ-инфекциясының глобальды таралуы әртүрлі аудандарда даму динамикасына байланысты. Егер Солтүстік Америка, Кариб бассейнде, эпидемияның төмендеуі, ал Солтүстік-Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда эпидемия жоғары, ал Европада-тұрақты.

АИТВ-инфекциясының эпидемиология ерекшеліктерінің бірі-инфекцирленген адам арасында вирустың таралу жолы салыстырмалы салмағына және зақымдалу қауіпіне байланыстылығы болып табылады. Ең жоғарғы қауіп-қан препараттары арқылы, ал төменгі қаупі-жыныс арқылы. Дүние жүзінде ең көп инфекцирленген жынысты қарым-қатынас арқылы.

АИТВ-инфекциясының эпидемиологиясының ерекшеліктерін әлемнің нағыз аймағында алдын-ала хабарлау тактикасымен анықтайды.

Жұғу механизмі. АИТВ-жұғу кезінде инфекциялық процесс кезекті сипатта болады: жасуша бетімен вибрионның байланысуы, жасуша және вирион мембраналарының қосылуы, жасуша ішіне вирустың енуі, вирустың геномды РНҚ және нуклеотидтің босауы, инфекиярленген жасуша геномында вирус геномының интеграциясы, латентті, провирустың ДНҚ-сымен транскрипцияның активация фазасы және вирус белоктарының келесі транскрипциясы, жаңа вириондардың құрылуымен вирустың барлық компоненттерінің жұмыс істеуі және олардың жасушалардан босауы, нәтижесінде нысана жасушаларының өлуі.

Адам ағзасының әрбір жасушаларының плазматикалық мембранасында рецепторлар мен антигендер болады. Рецепторлық қызметті түрлі құрылымдар атқарады: ақуыздар, липидтер, ақуыздар мен липидтертің көмірсулы компоненттері. Вирус бұл рецепторларды өз мақсатында қолданады. АИТВ-үшін рецептор болып дифференцирленген антиген СД4, сонымен қатар СД-4 антигеннің болуына тәуелді емес, спецификалық емес компоненттер табылады. Молекулярлы салмағы 55000 болатын СД4-гликопротеидте өзінің құрлысы бойынша иммуноглобулиндердің нақты бөлімдерімен гонологтар бар. Аналогты гонологтар АИТВ-тің троптығын анықтайтын др 120 вирустың ақуызы бар. Т-индукторлардың және Т-хелперлердің иммунокомплексті жасушаларының мембранасында орналасқан СД4 рецепторы антигендерді тану қызметін орындайды (НАП класының белоктерымен кешенінде). Иесінің СД4 жасушасының мембронды рецепторымен бірге др 120 ВИЧ-І арқылы вирустың фиксациясы бұл иммунокомпетентті жасушалардың-прецептирлеуші жасушалардың-негізгі қызметін блоктайды-антигендерден сигналдарды қабылдау. Рецепциядан кейінгі вирустың репликациясы жасушалардың өлуіне, қызметтің түсуіне, иммуно-дефициттің дамуына әкеледі. СД4 клеткалық рецепторына др 120 вирусты мембранды гликопротеидтің ұқсауы клеткалық құрылымдардың таңдамалы бұзылысының жоғары деңгейін анықтайды.

Сондықтан да, патологиялық процеске ең алдымен және үлкен деңгейде СД4+ лимфоциттер, қанның моноциттері, тіндердің макрофагтары, қанның лимфатикалық түйіндердің, көкбауырдың, терінің деидритті жасушалары, өкпенің альвеолярлы және интерстициальды макрофагтары, микроглия және жүйке жүйесінің басқа жасушалары қатысады. Сонымен қатар В-лимфоциттер ретикулярлы жасушалар, ілмектің эпителиальды жасушалары, Лангерганс жасушалары зақымданады.

Адам ағзасына ВИЧ-енуінің негізгі жолы жыныстық болып табылады. Кіру жолдары-тік ішектің немесе жыныс ағзаларының шырыштары. Вирус қынаптың көпқабатты эпителилеріне қарағанда, тік ішектің бірқабатты эпителиі арқылы жеңіл енеді. Ары қарай ВИЧ-қан айналысына, түрлі ағзалар мен тіндерге лимфогенді түседі. Вирус қанға бірден түсуі мүмкін (парентеральды шараларды орындаған кезде). Жасушаларға ВИЧ енгеннен кейін иесінің жасушасының генетикалық аппаратында орналасатын және сонда провирус жағдайында қалатын ДНҚ-ны вирус фермент көмегімен синтездейді. Ең жиі вирустың әсері нәтижесінде өлетін Т-лимфоциттер-хелперлер зақымдалады. Т-хелперлер санының төмендеуі себебі болып вирустың тікелей цитопатиялық әсері ғана емес, сонымен қатар олардың инфицирленген емес жасушалармен қосылуы табылады. Сонымен қатар В-лимфоциттердің де қызметінің бұзылуы болады. Қанда иммуноглобулиндердің және циркулирлайды. СД4+ жасушалар санының төмендеуіне әкелетін лимфоциттерге антиденелер пайда болады, аутоиммунды процесстер пайда болады. Нақты уақытқа дейін организм ВИЧ продукциясын баса алады. Финальды иммунодефицитке және вирустың көбеюіне әкелетін организмнің қорғаныс патенциалының жүдеуі көп жылдық күрестен кейін болады.

ЖИТС-тың алдын алу жолдары. ЖИТС-пен күресу гомосексуализмге, наркоманияға, жезөкшелікке қарсы бағытталған. ЖИТС-тың профилактикасы үшін келесі принциптерді сақтау қажет:

  1. Тұрғындарды ЖИТС-тың эпидемиоллогиялық ерекшеліктерімен таныстыру, вирустың берілу факторларына және әдістеріне көңіл аудару.
  2. Медициналық қызметкерлер ЖИТС-тың эпидемиологиясын және клиникасын, диагностикасын, профилактикасын жақсы білу керек.
  3. ЖИТС-пен көп ауыратын мемлекеттерде тұрғындарды және әсіресе, қауіп-қатер факторы бар адамдарды вирусологиялық, серологиялық әдістермен тексеру
  4. Жүйелі түрде серологиялық әдіс арқылы ЖИТС болмаған аймақтарда инфекцирленген адамдарды ерте анықтау мақсатында, бірінші кезекте донорларды тексеру.
  5. Барлық донорларды, сонымен қатар сүйек миы, сперма, мүшелерінің донорларын HLZ вирусына антидене барлығын тексеру.
  6. Мед.қызметкерлері санитарлы және эпидемияға қарсы режимді қанмен жұмыс істегенде сақтау. ЖИТС-пен ауыратын науқастармен жұмыс істегенде терінің және шырышты қабықтардың настанған инструменттермен немесе биологиялық материалдармен зақымдануын болдырмау. Мұндай жағдайларда арнайы киімді, резиналы қолғапты, көзілдірікті кию керек, оларды процедурадан кейін дезинфекциялау керек.

Инфекциялық тасымалдауының алдын алудағы маңызды шара болып эндемиялық ошақтан студенттер, жұмысшылар, туристер арқылы таралуын болдырмау табылады.

Санитарлы ағарту-кең көлемдегі насихат, тұрғындардың өмір сүру салтын жақсарту үшін.

Жыныс жолы арқылы жұғатын вирустың алдын алу.

1.Жұғудың мүмкіндігін төмендету үшін, жыныстық қатынасқа түсетін адам санын азайты.

2. Мүшеқап қолдану

3. Жыныстық контактылары көп адаммен жыныстық қатынастарды азайту.

Наркотикті пайдаланғанда вирустың жұғуының алдын алу ЖИТС профилактикасында наркомандардың арасында ең жақсы әдіс-наркотикті пайдаланудан бас тарту.

Вирустың вертикальды берілу жолын алдын-алу

АИТВ-ның анасынан ұрыққа берілу мүмкіндігі 30-50%. Қауіп-қатер тобындағы әйелдерге консультация және тексерілу мүмкіндігін беру қажет, әсіресе жүктіліктің ерте кезеңінде. Тексеруден өтетін әйелдерде жауап оң болғанда жүктілікті үзу көрсетілген.

Вирустың қан арқылы берілуімен күресу, қан препараттар және донорлық қолдану ережелерімен қамтамасыз ету, АИТВ-ны жұқтыру мүмкіндігі жоғары адамдарға қан тапсыруға тиым салынады. Барлық донорлық қан АИТВ-ның антиденелеріне тексеріледі. Барлық жұқтырылған қан жойылады. Барлық ағзалар және сперма донорлары АИТВ-ның антиденелеріне тексеріледі.

Жазған: Еркебулан Молдаханов, Семей мемлекеттік медицина университетінің интерн-дәрігері

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!