Көк іріңді таякшасы
Көк іріңді таякшасы (Pseudomonas aeruginosa) қоздырғышын 1862 жылы А.Люкке ғылымға енгизген.
- Туыстастығы: Pseudomonadaceae,
- Тұқымдастығы : Pseudomonas.
- Түрі: Pseudomonas aeruginosa
Көк іріңді таяқша тік немесе аздап иілген пішінді, ұзындығы 1,5-3,0 мкм ені 0,5-0,8мкм. Ол полиморфты, қозғалғыш бактерия, монотрих, кейде екі немесе одан да көп талшықтары бар жасушалар кездеседі. Спора түзбейді. Жасушаішілік сұйықтықты түзуге қатысады. Грамм теріс. Аналинді бояулармен жақсы боялады. Жағындыларда мойыншак тәрізді қысқа тізбек немесе жеке дара орналасады. ДНК құрамындағы Г + Ц мөлшері 76 %.
Дақылдандыру. Көк іріңді таяқша облигатты аэроб. Қолайлы температура ортасы 37°С, бірақ 40- 41°С – да да өсе алады. Қорек орталарына талапсыз, қарапайым қорек орталарында да дақылданады (ЕПС, ЕПА, Левин және Эндо орталары). Сұйық қорек орталарында сұр-күміс түсті пленка түзеді, уақыт өткен сайын тұнба лайланып және жоғарыдан төменге қарай бағытталады. Тығыз орталарда – орташа (2-5мм) S колониялар түзеді.Бір тәулік өткеннен кейін пиоцианин пигментінің синтезі нәтижиесінде көгілдір түс пайда болады. Ет – пептонды агарда шырышты тегіс домалақ колония,ал сорпада – тұнба түзілуімен жүретін лайлы орта түзеді.
Ферменттік белсенділігі. Глюкоза қышқылын, галактозаны, арбинозды, ксилозды ыдыратады.Индолды ыдыратпайды. Цитохромоксидазаны синтездейді. Күкіртсутекті әлсіз түзеді. Протеолитикалық белсенділігі жоғары ,желетинді сұйылтады. Сахаралитикалық белсенді емес, бактерия тек қана глюкозаны қышқылдандырады. Қанды агарда бета-гемолиз түзеді.
Антагопистикалық әсер көрсетіп, пиоцианазды өндіреді. Пиоцианаз ( пиокластин) – антибиотик зат 1889 жылы алғаш рет Р.Эммерих тапқан.
Антигендік қасиеттері. Көк іріңді таяқша О және Н антигендерімен қолданылады. О антигені соматикалық спецификалық топ, ал Н- антигені спецификалық типті кірпікшелі. О- антиген комплексі – агрегатты ЛПС белоктармен, клетка қабырғасының липидтері, эндотоксинді қасиеті бар, патогенді фактордың негізгісі болып табылады. Н- антигенінің тек тірі, қозғалмалы бактерияларда болатын 15 түрі белгілі.
Резистенттілігі. Көк іріңді таяқша қоршаған орта факторларына төзімді болып келеді, сондықтан топырақта,суда,бөлмелерде ұзақ уақыт бойы , әсіресе шаң-тозаңда ұзағырақ сақталады. Сонымен қатар олар адам және жануар организмінде кездеседі. Көк іріңді таяқша сұйық ортада 60 С қыздырғанда 15 мин. кейін өледі, Ең қолайлы дезинфекциялық құрал болып 2% карболды қышқылының ерітіндісі болып табылады. 1 сағатта полимиксин, неомицин қосылған дезинфекцияда 60 С температурада өледі. Көк іріңді таяқша фурацилин ерітінділерінде көп сақталады.Кебуге, ыстық температураға, хлор қосылған заттарға өте сезімтал болып келеді.
Эпидемиялогиясы.
- Инфекция көзі – науқас адам, тасымалдаушы.
- Көк ірің таяқшасының шақыратын инфекциялары – зәр шығару жолдары аурулары, қант диабеті, күйіктер, лейкоз, муковисцидоз, ісік аурулары.
- Таралу жолы – науқас адам, қарым-қатынас, алиментарлы, материалды заттар
Таралу жолы:
- Жиі таралады: Ауру адам, көк іріңді инфекциямен зақымдалған заттар: қол орамалдары, бет орамалдары, қырынуға арналған сабындар тағы басқалар болып табылады.
- Кездейсок таралады: Инфекцияны тексергенде, аппараттар мен пиборлардың дұрыс дезинфекцияланбауынан жұғуы мүмкін.
Көк ірің таяқшасының патогенділігі. Pseudomonas aeruginosa патогендік факторы токсин түзушілігі және гидролитикалық ферменттер болып табылады.
Адам ағзасы үшін көк іріңді таяқша жартылай патогенді болып табылады, себебі, ол организмге түскен кезде барлық организмде инфекциялық ауру тарамайды, тек мына жағдайларда: егер ағзаға түскен қоздырғыштар көлемі өте көп болса, егенде ағзада иммунды депрессия немесе иммуно тапшылық болса және де өте әлсіз,қажыған организмдерде жылдам ауру туғызады.
Адам үшін патогенділігі және науқас ағзасында орналасуы
Қалыпты жағдайда көк іріңді таяқша суда, топырақта, өсімдіктерде, жануарларда, көбінесе күйіктерде, жараларда және де зәр шығару жолдарында кездеседі. Ол көк іріңді инфекцияны туғызады.Адам ағзасында жалпы және жергілікті іріңдеу процесстерін шақырады – ісінулер, пиелит, цистит, креатит, менингоэнцефалит, септицемия. Көбінесе бұл инфекцияға орта жастағы балалар мен иммунитеті әлсіз адамдар тез шалдығады. Бұл инфекцияға ұшыраған науқастардың іріңі мен ораған байламдары көк-жасыл түске боялады.
Клиниклық көрінісі. Несепшығарушы жолдардың асцендирлі немесе гематогенді инфекциялары пиелит, пиелонефрит, цистит, уретрит формаларында кездеседі, көбінесе, қыздарда. Симптомдары : жоғары температура, кейде жүрек айныйды, қабырға – омыртқалық бұрыш тұсында және іш тұсында ауырсыну сезімдері байқалады, жиі бүйір бөліктерінде.
Аурудан кейбір ағзалар айлап, кейде жылдап қабынып, түрлі асқынулар мен ауруларға әкеледі.
Көк іріңді таяқша өте сезімтал болып келеді. Адамдардың бұл инфекцияны жұқтыруы көбінесе емдеу орталықтарында болады, сондықтан да көк іріңді таяқшаны ең көп таралған назокомиальды инфекция дейді (лат. nosocomium – аурухана), яғни арухана ішілік инфекция. Ауруханаішілік инфекция, соның ішінде көк іріңді таяқша материалдық заттар, орамал, құрал-жабдықтардың дұрыс дезинфекциялық тазалау шараларынан дұрыс өтпегендіктен адамдарға жұғады.
Лабараторлы диагностикасы
Қоздырғыштын көк іріңді деп аталуы көк іріңді инфекциямен зақымданған ауру адамның іріңі мен жараны ораған дәкесінің түсі көк-жасыл болып келуіне байланысты. Сұйық ортада оны аз мөлшерде хлороформ қосу арқылы анықтайды, Диагностиканын негізгі тәсі болып бактериялогиялық әдіс табылады. Көпшілік штаммалар пиоцианин пигментін түзеді, ол бейтарап немесе сілтілі ортада көк түске боялса, қышқыл ортада қызыл түс береді.
Профилактикасы және емі. Науқастарды емдеу үшін карбенцилин және полимиксин антибиотиктері қолданылады. К Емдеу қатаң дәрігердің қадағалауымен жүріп отырады. өк іріңді таяқшаны емдеу шаралары комплексті және ұзақ болуы қажет. Жергілікті және жалпы ем қолданылады. Ең негізгі емдеу жолы – антибиотикотерапия. Емделу 10-14 күннен кем емес.
Негізінен арнайы вакцина жок. Негізгі профилактика асептика мен антисептика шараларын сақтау болы табылады.