Актиномикоз

Актиномикоз ауруы

Актиномикоз (actinomycosis) – друзалар мен тығыз инфильтрат түзеумен, қарқынды өсумен, созылмалы ағыммен сипатталатын актиномицеттер (сәулелі саңырауқұлақтар) қоздыратын спецификалық жұқпалы процесс.

Этиологиясы. Дерттің қоздырғыштары Ғипді ішрегіесіі тобына жататын грамоң микроорганизмдер – асііпошусез ізгаеіі деп аталатын ерекше саңырауқулақтары мен Асііпошусез паезіипёіі, Асііпошусез ргоріопіса.

Қарабидай, арпа және басқа да табиғатта кең тараған өсімдіктердің сабағында кездеседі. Дем алған кезде осы саңырауқұлақтар бар тозаң өкпеге түседі. Ал аталған өсімдіктердің сабағын шайнаған кезде саңырауқұлақтар ішекке түсуі мүмкін.

Патогенезі. Адамға ауыз қуысының, жұтқыншақтың, ішектің бронхтардың кілегей қабығына сәулелі саңырауқұлақ түскен кезде жұғады.

Кіру қақпасына байланысты мойын-бет, ішек немесе өкпе актиномикозы деген түрлері бар.

Саңырауқұлақтың енген жерінде созылмалы продуктивті қабыну процестері дамиды және гранулемалар түзіледі. Аталған гранулемалардың қаттылығын ағашпен салыстыруға болады. Ол қарқыны өте жылдам және сол маңдағы жаңа тіндер тез шалдығады. Түзілген инфильтраттардың тереңінде сұйық ірің мен друзалар бар босаңсу ошақтары түзіледі, кейін олар жарылып ирелеңді жыланкөздер мен ойық жаралар ашылады.

Жақын маңдағы регионарлық лимфа түйіндері өзгермейді. Тек екіншілік іріңді инфекция қосылып, флегмоналар пайда болған кезде ғана аймақтық лимфаденит дамиды. Инфильтрат қантамырларына енген кезде инфекция организмге тарап – спецификалық актиномикоздық сепсис дамиды.

Клиникасы

Инкубациялық кезеңі бірнеше аптаға, кейде айға созылады.

Актиномикоз ошақтарының жиі орналасатын жері – мойын мен төменгі жақ аймағы (50%).

Дерт біртіндеп, жедел құбылыстарсыз басталады. Ең ерте пайда болатын белгі – жақтың қарысуы, кейінірек тығыздану мен шайнау бұлшық еттерінің ісінуі пайда болады. Тері, тері асты шел қабаттары, кейде сүйек те зақымдануы мүмкін. Тығыз, жылжымайтын инфильтрат анықталады.

Уақыт өте келе инфильтрат ыдырайды, көптеген жыланкөздер пайда болып ірің аға бастайды. Ірің ішінен сарғыш түсті дәнек тәріздес друзаларды көруге болады. Жыланкөздердің айналасындағы терінің түсі қою көк немесе қызыл болып келеді.

Актиномикоз қазақша
Актиномикоз ауруының клиникалық көрінісі

Диагнозды дәллдеу үшін іріңді микроскоппен тексереді немесе теріден, инфильтраттан, лимфа түйіндерінен биопсия алу керек. Іріңде немесе тіндерде саңырауқұлақ друзаларының табылуы актиномикоз диагнозын дәлелдейді.

Іш қуысы ағзаларынан соқыр ішек, құрт тәрізді өсінді жиі зақымданады, аш ішек пен тоқ ішектің басқа бөліктерінде актиномикоз сирек кездеседі.

Инфильтрат ішек қабырғасының қабаттарын толық зақымдайды, іш пердесі мен іш қуысының қабырғаларына өтеді. Инфильтрат ыдыраған кезде кілегей қабықта жаралар пайда болады. Кейде ыдыраған инфильтрат іш қуысының қабырғасы арқылы өтіп сыртқа жарылуы мүмкін. Бұл кезде көптеген іріңді, кейде нәжісті жыланкөздер ашылады. Инфильтрат сонымен қатар іргелес ағзаларға: қуыққа, бүйрекке, іш пердесі сыртындағы кеңістікке өтіп жарылуы мүмкін.

Өкпе актиномикозы өкпе тінінде спецификалық гранулеманың түзілуімен сипатталады. Тығыз инфильтрат ұлғая өсіп өкпе паренхимасын, бронхтарды, плевраны, өкпе тамырларын зақымдайды. Ол кеуде қабырғасына, диафрагмаға және кеуде аралығына тарауы мүмкін. Инфильтрат ыдыраған кезде асбцесстер, каверналар және жыланкөздер түзіледі. Саңырауқұлақ друзалары бар іріңді инфильтрат бронхқа жарылған кезде қақырықпен немесе кеуде қабырғасына өткен кезде сыртқа шығуы мүмкін.

Процесс айлап жүреді, кейде бірнеше жылға созылып өкпенің ауыр склерозына әкеп соғады.

Актиномикозды емдеуге йод препараттарын (калий йодиді) рентгенотерапиямен бірге қолданады. Сонымен қатар антибиотиктер, спецификалық актинолизаттар егіледі, қан құйылады. Актинолизаттарды тер ішіне немесе бұлшық ет арасына аптасына 2 рет, 0,5 мл-ден бастап егеді, біртіндеп мөлшерін 0,1 мл-ге көбейтіп 2 мл -ге дейін жеткізеді. Курсына 20- 25 инъекция жасалуы тиіс. Емдеу курсын 2-3 айдан соң қайталауға болады.

Бет пен мойын актиномикозының меңдеген түрлерінің өзін емдеу анағұрлым жеңіл. Ішек, өкпе актиномикозына жоғарыда көрсетілген консервативтік ем жүргізіледі. Дерттің алғашқы сатыларында болжамы оңды. Консервативтік ем нәтиже бермеген жағдайда хирургиялық емді қатар пайдаланады – өкпе, ішек резекциясы жасалады.

Дерт меңдеген кезде, іргелес ағзаларға еніп өскен жағдайда, іріңді асқынулар пайда болғанда іріңдікті жару, кеуде аралығы мен плевра қуысын дренаждау сияқты шұғыл паллиативтік операциялар жасалады.

Ішек пен өкпе актиномикозының меңдеген түрлерінің болжамы нашар.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!