Бронх демікпесіе ауруханаға дейінгі көмек

Бронх демікпесіне ауруханаға дейінгі анықтау және жедел көмек

Бронх демікпесі (астма) – негізіне сүлелі қабыну мен уақыт өткен сайын өзгеретін бронх обструкциясы бар бронхтың гиперреакциялылығы жататын тыныс жолдарының ауруы. Жіті ұстамасы – жөтелдің, ентігудің үдемелі дамуы мен ысқырықты сырылдардың, демігудің, тыныс шығарудың пиктік жылдамдығының күрт төмендеуі кезіндегі ауа жетпеу сезімі пайда болатын сәттік көрініс.

Бронх демікпесі өршуінің ауырлық дәрежесі бойынша:

  • жеңіл;
  • орташа ауырлықта;
  • ауыр;
  • өміріне қауіпті (демікпелік статус).

Диагностикасы.

Демікпе ұстамасының белгілері: шулы және ысқырықты тыныс; тыныс шығаруы ұзарған ентігу; мазасыздық, қорқыныш сезімі; жүрек қағуы; тершеңдік; тыныс шығарудың пиктік жылдамдығының  (ТшПЖ) күрт төмендеуі.

Бронх демікпесінің ауыр өршуінің белгілері: тез үдейтін ентігу (минутына 25-тен жиі); ентігудің салдарынан сөйлеуінің қиындауы; ортопное; қосымша бұлшықеттерінің тыныс актісіне қатысуы; тахикардия (минутына 110 артық); ТшПЖ 50% не одан да төмен.

Адам өміріне қауіп тудырған бронх демікпесінің белгілері (демікпелік статус): есінің бұзылуы не кома; цианоз; тынысты ішке алуының әлсіреуі не тыныс ала алмауы; ТЖ минутына 30-дан жиі не 12-ден сирек; «мылқау өкпе» симптомы; ЖСЖ минутына 120-дан жиі не брадикардия; артериялық гипотензия; ТшПЖ тиісті деңгейдегі 30-дан төмен.

Бронх астмасының жедел көмегі

Бронх демікпесі кезіндегі жедел жәрдем

Емі көбінесе қысқа әсерлі β2–агонисттерді небулайзер арқылы тыныстанудан басталады (сальбутамол 2,5–5,0 мг не фенотерол 0,5–1,0 мг 10–15 мин арасында, қажет болса ингаляцияны әрбір 20 минут сайын 3 дозадан арттырмай қайталайды).

Орташа ауырлықтағы ұстамада: преднизолон 60–90 мг NaCl 0,9% 10–20 мл венаға баяу егу не будесонид 1000–2000 мкг  небулайзер арқылы 10 минут бойы.

Ауыр дәрежелі ұстамада және демікпе статусында жүйелі кортикостероидтарды тез арада егу қажет: преднизолон 90–150 мг (300 мг дейін) венаға егу. Будесонид 1000–2000 мкг небулайзер арқылы 5 – 10 мин бойы;  ипратропия бромид – ингаляциялар 0,4–2,0 мл небулайзер арқылы 10–15 мин бойы, жүйелі ГКС қосымша қолдану.

Адам жағдайының нашарлауы не тыныс тоқтауына қауіп болған кезде: эпинефрин 0,1% 0,3-0,5 мл бұлшық етке егу, қажеті болғанда әрбір 20 минут сайын 3 дозадан аспауы керек; оксигенотерапия; ТЖ, ЖСЖ, АҚ және ЭКГ қадағалау. Реанимациялық шараларға дайын болу.

Госпитализацияға қажеттілік.

  1. бронх демікпесінің ауыр ұстамасы не демікпелік статус;
  2. асқынуларының дамуына күдік болса;
  3. бронходилятациялық емнен тез көмектің болмауы;
  4. басталған емге қарамай пациент жағдайының нашарлауы;
  5. жүйелі кортикостероидтарды ұзақ қолдану немесе оны жақын арада тоқтатылуы.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!