Жұқпалы аурулардағы шұғыл жағдайлар
Тұрғындардың жұқпалы аурулармен аурушаңдығының ішінде жіті ішек жұқпалы аурулары, вирусты гепатит, грипп, жіті тыныс алу жүйелерінің аурулары басты орын алады. Соңғы жылдары өлім – жітім дизентериядан, ауыр дифтериядан, менингиттен, бүйрек синдромымен, геморрагиялық қызбамен көбеюде.
Ерте диагноз қойып, емдеу ботулизм, столбняк, малярия ауруларында қиындауда.
Жұқпалы аурулардың ерте диагностикасы мен жедел емі бірнеше ерекшеліктерден тұрады. Бастысы – бір мезетте әрі диагноз қойып, әрі шұғыл жағдайдың синдромдарын анықтау. Бұл дер кезінде себебіне байланысты ауруханаға дейін жедел көмек қажет нозологиялық диагноз бен синдромды анықтаған жөн, мысалы: менингит, «жұқпалы – токсикалық шок», оның кезеңдері; «ботулизм», ЖТЖ және т.б.
Жедел жәрдем дәрігері жұқпалы аурулары бар ауыр науқастарды үш топқа бөлуі қажет:
- Ауруханаға дейінгі кезеңде жүргізілген реанимациялық іс-шаралардың нәтижесіне байланысты науқастар (жұқпалы менингитте, жұқпалы-токсикалык шок, холера мен тамақтық уланулардағы гиповолемиялық шок);
- Жұқпалы аурулар ауруханасының реанимация бөліміне тез жатқызуды қажет ететін ауыр халдегі науқастар; егер ауруханаға жеткізу кідірілсе немесе мүшелерінің бұзылуына халі мүшкіл болса (ботулизмде, грипп түрлерінің асқынуларында) көмекті сол жерде көрсету керек;
- Жағдайының нашарлауына қатты қаупі бар науқастар; осы топтағы науқастар жедел ауруханаға жатқызуды қажет етеді.
Жұқпалы ауруға диагноз қойғаннан кейін жедел жәрдем дәрігерінің ары қарай іс-әрекеті -науқасты тез арада ауруханаға жатқызу немесе емхананың аймактық дәрігеріне шақырту беру арқылы үйде емдеуге қалдыру болып табылады; сонымен катар науқастар санитарлы -эпидемиологиялық бекеттерде тіркелуі керек. Жұқпалы ауруларды тасыған көлікті сол аурухана залалсыздандыруға міндетті. Жедел жәрдем медицина қызметкерлері жуынып-шайынып, киім ауыстырмай басқа шақыртуларға баруға құқы жоқ.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз: