Жедел эпидермальды некролиз, Лайелл және Стивенс Джонс синдромы

Жедел эпидермальды некролиз немесе Лайелл және Стивенс-Джонс синдромы

Өте ауыр аллергиялық реакция, анафилактикалық шокқа ұқсас жалпы және жергілікті көріністермен көрінеді. Тері және шырышты қабаттар зақымдалады. Лайелл синдромы жоғарыда аталған дәрілік заттардың кез – келгенінің әсерінен болады, ал балаларда – стафилококкты токсиндер әсерінен болады.

Негізгі өзгеріс бастапқыда терінің базальді торшаларында дамиды, осының әсерінен эпидермис терінің терең қабаттарынан қабыршақтанып бөлінеді және күйіктің III дәрежесіндегі сияқты көпіршіктер пайда болады. Көпіршіктер жарылады, тері тесіліп инфекция кіруге жол ашылады. Осындай жағдайлар ішкі мүшелерде де болады.

Клиникалық көрінісі науқастың жалпы жағдайының нашарлауынан басталады; бас ауруы, әлсіздік, ұйқышылдық, дене қызуының көтерілуі болады. Кейін тері қышиды, теріде есекжем, қызылшадағы және скарлатинадағы тәрізді бөртпелер пайда болады.

Синдромның ерте көрінісі – пальпация жасағанда есекжем болған теріде және сау теріде ауыру сезімі болады. Кейін көпіршіктер жарылып инфекция кіреді, сепсис, септикалық шок болуы мүмкін, ол өлімнің басты себебі болады.

Жедел жәрдем дәрігерлерінің тәсілі – аллергияға қарсы ем анальгетиктер және науқасты ауруханаға жатқызу, мүмкіншілік болса асептикалық (стерильді жайма) жағдай болғаны жөн. Кеш қимылдаса өлім себебі полиоргандық жетіспеушіліктен болады. Ол тыныс пен қанайналымның ұзақ жетіспеушілігі.

Ауыр аллергиялық реакциялар дамығанда ауруханаға дейінгі кезеңде жасалатын негізгі емдік шаралар тізімі:

Анафалактикалық шок:

  • аллерген енуін тоқтату;
  • тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру; трахея интубациясын жасау мүмкіндігі болмаған кезде – коникотомия;
  • аяқты жоғары көтеріп жатқызу;
  • 100% оттегімен ингаляция (30 минуттан артық емес) көктамырға түсуді қамтамасыз ету; көктамырға сұйықтықтар енгізу (полиглюкин, реополиглюкин 0,9% натрий хлориді, 5 % глюкоза ерітіндісі);
  • көктамырға 0,1 % адреналин енгізу – 1 мл кез келген 20 мл ерітіндімен (қажет болса қайталау);
  • көмей аймағына ісік жайылған кезде эндотрахеальды адреналин 2-3 мл, 20 мл 0,9 % натрий хлориді ерітіндісімен; глюкокортикоидты гормондар көктамырға (преднизолон 90-150 мг немесе гидрокортизон гемисукцинаты 300-600 мг (к/т), әсері болмаса қайталап;
  • көктамырға дипразин -1 мл 2,5%ерітіндісін және 1 мл 10% циметидин ерітіндісін;
  • бронхоспазм болса – көктамырға баяу 10 мл 2,4% эуфиллин ерітіндісін;
  • жағдайы жаксарғаннан кейін ауруханаға тасымалдау.

Лайелл сиидромы:

  • аллерген енуін тоқтату
  • тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру; трахея интубациясын жасау мүмкіндігі болмаған кезде – коникотомия;
  • 100% оттегімен ингаляция (30 минуттан артык емес) көктамырға түсуді қамтамасыз ету; көктамырға сұйықтықтар енгізу (лолиглюкин, реополиглюкин 0,9% натрий хлориді, 5 % глюкоза ерітіндісі);
  • көктамырға адреналин енгізу – 0,3 мл кез келген 20 мл ерітіндімен (қажет болса қайталау); көктамырға енгізу мүмкіндігі болмаса дәрі салудың басқа жолдарын іздестіру.
  • көмей аймағына ісік жайылған кезде эндотрахеальды адреналин 2-3 мл, 20 мл 0,9 % натрий хлориді ерітіндісімен; глюкокортикоидты гормондар көктамырға (преднизолон 90-120 мг немесе гидрокортизон гемисукцинаты 300-600 мг (көк тамырға құю), әсері болмаса қайталап;
  • көктамырға дипразин —1 мл 2,5% ерітіндісін және 1 мл 10% циметидин ерітіндісін;
  • бронхоспазм болса – көктамырға баяу 10 мл 2,4% эуфиллин ерітіндісін;
  • жағдайы жақсарғаннан кейін ауруханаға тасымалдау.

Есекжем (ангионевротикалъщ ісік, квинке ісігі):

  • аллерген енуін тоқтату;
  • көктамырға антигистаминдік дәрілер дипразин -1 мл 2,5% ерітіндісін немесе осы топтың басқа дәрісін енгізу;
  • ангионевротикалық ісік қосылған аса ауыр реакциялар болса көктамырға глюкокортикоидты гормондар салу қажет;
  • ісік көмей және жұтқыншаққа жайылған кезде қосымша 0,3 мл адреналинді тері астына баяу енгіземіз; антигистаминдік дәрілер көк тамырға;
  • тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру; оттегі беріп, кеңірдек интубациясына немесе коникотомияға тез дайындау;
  • жұтқыншақ пен көмейдің ангионевротикалық ісігінде науқасты жылдам ауруханаға жатқызу қажет.

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!