Ішастар қуысының жіті аурулары мен жарақаттанулары
Іштің жарақаттануын ашық және жабық деп бөледі.
Іштің жабық жарақаты жоғарыдан төмен құлағанда, ұрған кезде, автокөлік, әуе, су апаттары кезінде пайда болады. Жарақат тек іштің алдыңғы қабырғасында ғана емес, бел аймағында, кеуде қуысын, жамбасын зақымдануы мүмкін.
Іштің ашық жарақаты оқпен және суық қарумен жарақаттау салдарынан болады.
Іштің ашық және жабық жарақаты құрсақ қуысының зақымдануымен және зақымдануынсыз өтуі мүмкін. Іштің жарақаттануын паренхиматозды мүшелердің, жыныс мүшелердің, зәр шығару жолдарының және торакоабдоминалды зақымданумен жүреді.
Паренхиматозды мүшелердің зақымдануы қан кетумен: терінің және шырышты қабаттарының бозаруымен, АҚҚ төмендеуімен, пульс пен тыныстың жиілеуімен, әлсіздік, бас айналу, көзіне қос көрінуі, көз алдының қарауытуымен сипатталады.
Іштің жабық жарақаты кезінде бауырдың және көкбауырдың капсула астылық жыртылуы болады, ағза ішінде едәуір гематома пайда болады. Шамалы күш түскенде капсуланың жыртылуы мүмкін және іштен көп мөлшерде қан кетеді. Бұл былайша айтқанда екі сатылы бауырдың немесе көкбауырдың жыртылуы. Ол алғашқы жарақат алғаннан кейін 16-20 күн аралығында дамиды. Қуысты мүшелердің зақымдалуы перитониттің дамуына алып келеді. Оның даму жылдамдығы мүшенің толу дәрежесімен анықталады, әсіресе ішіндегі зат сұйық болса. Ішек жыртылғаннан кейінгі перитонитке қарағанда, қуық жыртылғаннан кейінгі перитонит жәй дамиды, клиникалық көрінісі де айқын болмайды.
Қуыс мүше қабырғасының барлық қалыңдығын бітеп тұратын гематомалар аса қауіпті, өйткені қанайналым бұзылысымен асқынады.
Іш мүшелерінің жабық жарақаты жиі жекеленген түрінде кездеседі, бірақ кейде кеуде, бас, қол, аяқ жарақаттарымен бірге жүреді. Оқпен іштің жарақаттануының өзіндік ерекшелігі – тіннің көп көлемде зақымдануы.
Клиникалық көрінісінің айқындылығы іш мүшелерінің зақымдалу сипатына, жоғалтқан қанның мөлшеріне байланысты.
Ауыру сезімі – іштің зақымданған кезде жиі кездесетін симптомдардың бірі. Өте қатты, үнемі болатын, жайылмалы ауыру сезімі жарақат алғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда пайда болады, ол іш астар қуысының ішек ішіндегі заттармен зақымдануы салдарынан, ішек түтігінің көптеген зақымдары, ішек ілмектерінің эвентрациясы, сонымен қатар құрсақ қуысына үдемелі қан кеткенде пайда болады. Ал қан кетумен жүрмейтін паренхиматозды және қуысты ағзалардың жарақаттарында ауыру синдромы бірнеше сағаттардан кейін ғана пайда болады. Сонымен қатар перитониттің соңғы сатысында ауыру сезімінің болмауы да мүмкін.
Ауыру сезімі пальпация кезінде және науқастың қалпын өзгерткен кезде күшейеді, ауыру сезімінің орналасуы зақымдалған жерге сәйкес келеді. Ауыру сезімінің иррадиациясы кенет жарақатында немесе көкет асты аймақтарға қан кеткен кезде болады (френикус- симптомы). Мұндай кезде терең дем алу қиындайды, себебі қабырға асты аймағында ауыру сезімі күшейеді.
Пульстің өзгеруі – іштің жарақаттануларының ерте және жиі кездесетін симптомдарының бірі. Көбінесе пульс жиілеп, толымы азаяды, зақымданушылардың пульсі жіп тәрізді, кәрі жілік артериясында нашар немесе мүлдем анықталмайды. Кейде бауыр, көкет жарақаттарында, ішек эвентрациясында аритмиялар мен брадикардиялар болады.
Іш астар қуыс қабырғасының кернеуі – іштің зақымдалуы кезінде әр-түрлі дәрежеде айқындалады. Мысалы ішектің көптік ауыр жарақаттарында немесе өршіген перитонитте -іш кернеліп пальпациялағанда қатты ауырады, Щеткин-Блюмберг симптомы айқын болады. Кейде көп қан кетулерде және паренхиматозды ағзалардың жеңіл, жекеленген жарақаттарында – іш кернелмейді және ауыру сезімі қатты болмайды.
Іштің тесілген жарасында ауыру сезімі алғашқы минуттарда байқалмайды, сосын 1-2 сағат өткен соң оның маңайында айқын болады, кейіннен барлық аймағына ауысады.
Торакоабдоминалды жарақаттануларда ентігу, еріндердің көгеруі, терінің бозаруы болады. Іші жарақаттанғандардың әсіресе көп қан кеткенде, іш астар қусының көп мөлшерде ластануында науқастың тілі құрғайды, шөлдегіштік айқын байқалады.
Құсу– іш жарақаттарында көп кездеспейтін симптом. Ол асқазан жарақаттарында кездеседі, көбінесе қан аралас құсықтар болады. Ал перитонит және эвентрацияларда бірнеше рет құсады.
Нәжістің және жел тоқтауы – бұл кеш симптомдар. Ол құрсақ іші ағзаларының жарақатында кездеседі. Қан аралас нәжіс тоқ ішектің төменгі бөліктерінің жарақаттануларында болады.
Іштің кебуі– асқынған перитонитте кездеседі, жарақат алғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда – үлкен көлемді іш астар арты гематомаларында және шажырқайға қан құйылғанда болады.
Дизуриялық симптомдар – зәрдің тоқтауы, зәр шығарғанда ауыру сезімі, гематурия – жиірек зәр шығару жолдарының жарақаттануларында және жабық зақымдануларда кездеседі.
Гематурия – кейде зәр шығару жолдарының анатомиялық зақымданулары болмаған кезде де болуы мүмкін- кіші жамбас қуысы гематомаларында, қуық қабырғасына қан сіңіп қалғанда.
Ішастар қуысының жабық закымдары мен жарақаттары бар науқастардың өмірі жарақаттың ауырлығына, қан кету көлеміне, жарақат алғаннан бастап операция жасалғанға дейінгі өткен уақытқа байланысты. Сондықтан құрсақ қуысы ағзалары зақымдарын ерте диагностикалаудың мәні зор. Кейде іш ағзаларының терең жаралану салдарынан эвентрация (ішек заттарының, зәр, өттің шығуы) дамиды.
Ішті тесіп өткен жарақаттарда кірген және шыққан тесіктің орны айқын көрінеді, жарақат өзегі іш астар қуысы арқылы өтеді. Ал қисық жарақат алғанда, жарақат өзегінің бағыты кірген жарақат орнымен, оқтың тері астына тұрып қалуымен анықталады.
Іш жарақатын анықтау мынадай жағдайларда қиындық туғызбайды: ауыру сезімінің болуы, шок көрінісінің дамуы, ішастар қуысының тітіркену белгісінің тез дамып, күшейе түсуінде, ішастар қуыстарында ауа немесе сұйықтықтар жиналуында.
Ал егде адамдарда іштің жарақатын анықтау қиын, себебі жас ұлғайған сайын ішкі ағзалардың өзгерістеріне, ауруларына байланысты, аурудың симптомдары қосарланып, жарақаттың клиникалық көрінісін өзгертуі мүмкін.
Іштің жарақаты бар науқастың жағдайы қанағаттанарлықтай болса, оны жөндеп тексеріп қарау қажет, өйткені алғашқы сағаттар мен минуттарда олардың симптомдары аз білінеді. Іштің әрбір жарақатында дәрігер ішкі ағзалардың зақымдануы жөнінде ойланғаны дұрыс,
Тексеру жалпылай қабылданған тізбек түрінде жургізіледі: сұрау, анамнез жинау, қарап-тексеру.
Сонымен қатар жарақаттанушының отырған дене қалпына, тері жабындысының түсіне, еріндеріне, тырнағына, сызаттарға, тырналған жерлерге, қан құйылуларға назар аудару қажет. Аускультация жасау арқылы перистальтика шуының болуы немесе болмауы анықталады. Перкуссия жасап іштің бос қуыстарындағы тұйықталуларды, бауыр тұйықтығының жоғалуың анықтайды. Ал пальпацияны ақырын жүргізіп, зақымдалған жер деп санаған жеріңізден алыс бастау қажет. Тік ішекті саусақпен қарайды.
Ауруханаға дейінгі сатыда жедел жәрдем көрсету:
- іш ағзаларының жабық жарақатында, тесілген жарақатында және осындай зақымдарға күмәнданған науқастардың барлығы хирургиялық ауруханаға жылдам жеткізілуі қажет;
- науқастың жағдайы ауыр емес немесе жақсы болғанның өзінде ауруханаға жеткізілуі керек;
- науқасты зеңбілге аркасымен жатқызып, аяқтарын шамалы бүгіп және зеңбілдің бас жағын кішкене түсіріп тасымалдайды.
- тасымалдау кезінде ерітінділерді аз жасау қажет, себебі қан кетудің күшеюі мүмкін;
- ауыру сезімі қатты мазалаған науқастарға (егер тесілген жарақат не ағзалардың жабық жарақаты күмәндік тудырмаса) наркотикалық анальгетиктер енгізіледі; Хирургтардың ойынша бұл дәрілерді іштің барлық зақымдануларында қолдануға болады, олар клиникалық көріністерді жойып алу қаупі және дәрілердің әсерінен зақымдану болатындығы асыра бағалау деп есептейді.
- іштің жарақатына асептикалық таңғыш байлайды, сыртқа шыққан шек ілмектерін ішке енгізбейді.
- Ішастар қуысының ашық және жабық жарақаты бар науқастар тасымалдауды нашар көтереді, сондықтан оларды тасымалдауға жайлы көлік пен тегіс жолды таңдаған жөн.
- Мұндай науқастарды бір зеңбілден екінші зеңбілге аударуға қатаң тиым салынады, тіпті аурухана ішінде аударуға болмайды, себебі науқастың артериялық қан қысымы төмендеп, жағдайы нашарлайды.
Осы тақырыпқа сай ұқсас материалдар: