Эндометриоз
ЭНДОМЕТРИОЗ (эндометриоидты ауру) – эндометридің құрылысымен, функциясымен ұқсас, бірақ жатыр қуысынан тыс орналасқан қатерсіз тіннің өсуімен жүретін дисгормоналды, иммунтәуелді және генетикалық негізделген ауру. Эндометриоз 20-40 жастағы әйелдердің репродуктивті жүйе органдарының кең таралған ауруы. Негізгі бөлігін генитальды эндометриоз (92—94%), сирек экстрагенитальды эндометриоз (6—8%).
Этиология– іскер әйелдер ауруы, бизнесвумен және т.б.
Пайда болу жайлы әртүрлі теориялар бар. Олар:
(«Теориялар ауруы»)
- Эмбриональды
- Имплантационды гипотеза.
- Миграционды гипотеза.
- Иммунологиялық гипотеза.
- Метапластикалық гипотеза.
- Индукционды
- Конституциональды – генетикалық гипотеза.
- Гормональды гипотеза.
- Басқа гипотезалар
Пайда болу қауіп топтары:
- Конституциялық тұқым қуалаушылық
- Иммунды статустың өзгеруі
- Хирургиялық жарақаттар
- Стрессті жағдайлар
- Нейроніндеттер, созылмалы індеттер
- Жыныс мүшелерінің аномалиялары мен қабыну аурулары
Эндометриоздың себептері мен патогенезі:
- эмбрионалды жаму теориясы
- метапластикалық даму теориясы
- имплантациялық даму теориясы
- конституциялық тұқым қуалаушылық жанұялық даму теориясы
- гипоталамус – гипофизарлық бездер нысана мүшелер жүйелерінің функциясының өзгерістері теориясы
Классификациясы:
1. Эндометриоидты ауру:
- Генитальды
- Экстрогенитальды
- Біріккен
2. Стадиялар бойынша:
- Беткей
- Таралған
- Инвазивті
3. Клиникасы бойынша:
- Жеңіл
- Орташа
- Ауыр
4. Локализациясы бойынша:
- Сыртқы
- Ішкі
5. Ағымы бойынша:
- Асқынған
- Асқынбаған
Сонымен генитальды эндометриоз ішкі және сыртқы болып бөлінеді:
Ішкіге: Жатырдың бұлшықетті қабаты (аденомиоз), Жатыр мойнағы, Жатыр мойнындағы процестер жатады.
Сыртқыға: Түтікшелер, Аналық без, Сегізкөз-жатырлық және кең байлам, ішастар, Жатыр-тікішектік шұңқырындағы өзгерістер.
НЕГІЗГІ КЛИНИКАЛЫҚ СИМПТОМДАРЫ
- БЕДЕУЛІК
- АУЫРСЫНУЛАР
- МЕНСТРУАЛЬДЫ ЦИКЛ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
Эндометриоздың арнайы белгілері жоқ. Клиникасы локализацияға байланысты болады.
Эндометриоздың клиникалық ерекшеліктері:
- Әр түрлі жиіліктегі ауру сезім
- Жыныстық қатынаста ауру сезімінің болуы
- Етеккір функциясының бұзылуы
- Бедеулік
- Көрші мүшелердің функциясының бұзылыстары
- Жүрек айну, талып қалу,құсу
- Анемия
- Үлкен жабыспалардың пайда болуы
- Инфильтрациялың өсуі
- Эндометриоз ошақтарының циклдық өзгерістері
Жатыр денесінің эндометриозы (аденомиоз)
Аденомиоз – эндометриоидты тін миометриде анықталатын генитальды эндометриоз формасы. Сырт көзбен қарағанда жатыр денесі ұлғайған. Жатыр денесі мен мойнағы эндометриозы (аденомиоз) диффузды,ошақты,түйінді сипатта болады.
Аденомиоз классификациясы:
I саты – шырышты қабаттың миометриге дейінгі зақымдалуы.
II саты – миометрий қалыңдығы ортасына дейін зақымдалу
III саты – эндометридің серозды қабыққа дейін зақымдалуы
IV саты – париетальды ішастардың зақымдалуы
Ішкі эндометриоз клиникасы
I-II кезең – жатырдың үлкеюі жүктіліктің 5-6 аптасында.
II-III кезең – Аденомиоз
I кезең – менструальды цикл екі фазалы, предменструальды қан кету (менструациядан 2-4 күн бұрын). Айлық көлемі көп.
II кезең – Пре – және постменструальды қан кету. Айлық көлемі көп. Циклдың екінші фазасында жатыр үлкейген.
III кезең –Пре – және постменструальды қан кету. (5-7 күн). Айлық көлемі көп. Жатыр үлкейкен. Зерттеу кезіндегі ауырсынулар . Анемия.
Ретроцервикальды эндометриоз
- I – кезең Ошақтар ретроцервикальды клетчатка аймағында.
- II – кезең Жатыр мойны мен қынапқа өсу.
- IIІ – кезең Жақын жатқан органдарға өсу үдеген + сегізкөз-жатыр байламы және ішастардың серозды қабаттары
- IV – кезең Кіші жамбастағы тік ішек-жатыр шұңқыры ішастарында спайка.
Аналық без эндометриозы
I – кезең Без беткейіндегі ұсақ нүктелі гетеротопиялар, кей кезде басқа локализациялармен бірегеді.
II кезең Бір жақтағы аналық безіндегі ұсақ және орташа көлемдегі кисталар + кіші жамбас ішастары, спайкалар, ішекпен бірге.
III – кезең Екі аналық бездегі диаметрі 5-6 см дейінгі кисталар. Жатырда, түтікшелерде, қабырғалық ішастарда гетеротопиялар. Айқын спайкалық процесс. Ішекпен бірге.
IV – кезең Үлкен көлемдегі кисталардың көрші органдарға жайылуы.
Эндометриозбен ауыратын науқастардың 0,65% – да эндометриоидты рак дамиды
ДИАГНОСТИКА:
- Шағымдар мен симптомдар
- Клиникалық тексеру
- УЗИ ( генитальды)
- гистеросальпингография, гистероскопия (ішкі)
- лапароскопия, лапаротомия
Аденомиоз, түйінді формасы (УЗИ)
Аденомиоз, диффузды формасы Гидросонография
Эндометриоз терапиясының жалпы принциптері:
Ескеру керек!
- жасы, репродуктивті функцияға қатысы, жалпысоматикалық жағдайы, жеке бас ерекшеліктері.
- эндометриоздың орналасуы, таралуы және ағымының ауырлығы.
Көрсеткіштер бойынша қажет:
- симптоматикалық терапия, қосымша ауруларды емдеу.
- иммунокоррекциялық, десенсибилизирлеуші терапия.
- психосоматикалық бұзылыстар коррекциясы.
- хирургиялық ем.
Эндометриоидты ауруды хирургиялық емдеуге көрсеткіш :
- Эндометриоз және миома.
- Эндометриоз қан кетумен және анемиямен.
- Айқын ауырсыну синдромы.
- Гормональды және комплексті терапияның тиімсіздігі немесе көтере алмау.
- Шап аралығының және кіндік отасынан кейінгі тыртық эндометриозы.
- Эндометриоз және жыныс органдарының аномалиялары.
- Ішек және несепағар стенозы.
- Эндометриоз және бедеулік.
Эндометриоидты аурудың гормонотерапиясы:
- Прогестагендер (дюфастон).
- КОК (комбинирленген синтетикалық эстроген-гестагенді препараттар)
- Антигонадотропиндер (дановал, даназол).
- Антигестагенді препараттар (гестринон)
- гонадотропты рилизинг-гормон агонистері мен антогонистері.