Мақала
Жедел жәрдем

Фосфорорганикалық заттармен улану

Фосфорорганикалық заттармен улану

Фосфорорганикалық заттармен улану

Фосфорорганикалық заттарға дихлофос, тиофос, хлорофос, карбофос жатады. Олардың психотропты, нейротоксикалық әсері бар. Карбофос немесе хлорофосты ішке қабылдағанда өлімге әкелетін мөлшері — 5 г, олар ағзаға түскен соң, өте улы метоболиттер құрайды.

Бұл токсикалық метоболиттердің антихолинэстераздық әсері күштірек. Уланулар аталған заттардың асқазанға, тыныс жолдары мен тері жамылғылары арқылы түскенде дамиды. Клиникалық көріністері 3 сатыдан тұрады:

  1. сатысы : психомоторлы қозу, миоз, кеуденің қысылуы, ентігу, өкпеде ылғалды сырылдар естіледі, тершеңдік, қан қысымының көтерілуі.
  2. сатысы: клонико — тоникалық тырысулар, хореялық гиперкинездер, кеуде клеткасының кернелуі, бронхорреяның өрши түсуінен, тыныстың бұзылуы, брадикардия. Еріксіз үлкен дәретке шығу, жалған дәретке отыру (тенезмдер), зәр шығарудың жиіленуі, комалық күйге ену.
  3. сатысы: Тыныс алуға көмектесетін бұлшықеттерінің әлсізденуі мен тыныс орталығының тежелуі әсерінен тыныс тоқтап қалады. Аяқ-қол бұлшықеттері салданып, қан қысымы төмендейді. Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылыстары (брадикардия, блокадалар, фибрилляциялар) байқалады.
Фосфорорганикалық улы заттардан адамның улануы
Фосфорорганикалық заттар

Жедел жәрдем шаралары :

  • Асқазанды жуу;
  • 1  сатысында: 1 % 2-3 мл атропин ерітіндісін т/а, тәулік бойы ауызы құрғағанша салуға болады. 2.5 % 2 мл аминазин және 25 %10 мл магний сульфат ерітіндісі бұлшықетке енгізіледі;
  • 2 сатысында: 0.1 % 3 мл атропинді 5% глюкоза ерітісіндісіне ерітіп көк тамырға (25-30 мл 0.1 % атропин еріт) қайталай отырып, бронхоррея тоқтағанша және кілегей қабықтары құрғағанша енгізеді.
  • Егер кеңеттен қан қысымы көтеріліп, тырысулар болса -2.5 % 1 мл бензогексоний, 25% 10 мл магний сульфат ерітіндісі, 5 — 10 мг седуксен к/т енгізіледі. Холинэстераз реактиваторлары.
  • Токсикалық шокты емдеу. Гидрокортизон 300 мг б/е;
  • Науқасты аурухананың токсикология бөліміне жеткізу;
Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.