Құлақ зақымдалуы

Құлақтың зақымдалуы

Құлақтың зақымдалуы әртүрлі болып келеді және де жарақаттаушы агенттің сипатына байланысты болады. Құлақ қалқанының жарақаттарына соққылар, кесілген жарақаттар, құлақ қалқанының түгелдей немесе бір бөлігінің жұлынуы, дабыл жолының жарақаттарына – төменгі жақ сүйегіне соққы тигендей оның қабырғаларының зақымдалуы және бас сүйектің негізінің сынықтары кезіндегі жарақаттар жатады.

Клиникасы:  құлақтағы ауру сезімі, құлақтан қан кетулер, ауызды ашқандағы және шайнағандағы ауру сезімі лоқсу, құсу болады. Дабыл жарғағының зақымдалуы айқын ауру сезімімен, құлақтың шуылдауымен, есту қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Егер де ортанғы және ішкі құлақ зақымдалса, есту қабілетінің жоғалуы, бас айналулар, нистагм, бет бұлшық еттерінің салдануы байқалады.

Құлақ жарақаты

Шұғыл жәрдем: Егер де құлақ қалқаны жарақаттанса, асептикалық таңғыш салады. Дабыл жарғағының жарақатында есту жолдарынан қан кетуді турунда енгізу арқылы тоқтатады, Оториноларингологиялық бөлімшеге жатқызылады.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!